2021 жылғы 5 наурызда Бескөл ауылының Мәдениет үйiнде Халықаралық әйелдер күнiне арналған жиын өттi. Марапатталғандардың қатарында Соколовка ауылының әлеуметтiк қызметкерi Светлана Николаевна Чумаченко да бар. Осы саладағы көп жылдық және адал еңбегi үшiн ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң «Әлеуметтiк-еңбек саласының үздiгi» медалiмен марапатталды. Светлана Николаевна Чумаченконы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!