Меню

Страницы

Статья

Қызылжар ауданында тiл саясатының орындалуы туралы ақпарат

Мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу

Iс қағаздарының мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуi жұмыстың басты бағыттарының бiрi болып табылады. Аудан әкiмiнiң және ауылдық округтердiң әкiмi аппараттарында, сонымен қатар жергiлiктi атқарушы органдар арасында iс қағаздарының мемлекеттiк тiлде жүргiзiлуi бойынша ай сайын мониторинг жүргiзiлiп, қорытындысы тоқсан сайын облыстық тiлдердi дамыту жөнiндегi басқармаға жолданып тұрады. Аталған мекемелердегi шығыс құжаттарының мемлекеттiк тiлдегi үлесi 2020 жылда 98%-ды көрсетсе, ал кiрiс хат-хабарлардың мемлекеттiк тiлдегi үлесi — 97%-ды құрады. Бiздiң мiндет болып құжаттар көрсеткiшiн 100% жеткiзу қамтамасыз етiлетiн болады.

Мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiн оқытуды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басты бағыты — мемлекеттiк тiлдi меңгерген тұрғындардың санын арттыру. Осы мақсатпен барлық мемлекеттiк мекемелерде 2020 жылғы қыркүйектiң 1-iнен мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша үйiрме жұмыстары өз жұмысын бастады.

Биыл ауданда қазақ және ағылшын тiлдерiн оқыту үшiн бюджет қаражаты есебiнен 35 топ ұйымдастырылды. 35 топтың 6-ы облыстық бюджеттен, қалған 29-ы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылады.

Ауданда қазақ және ағылшын тiлдерiн оқыту үшiн жергiлiктi бюджеттен 2020-2021 жылдарға 4326, 0 мың теңге ақша бөлiндi.

Өткен жылы тыңдаушылардың жалпы саны – 457 болса, биыл олардың саны 460 адамға артты., оның iшiнде аудандық — 377, облыстық топта — 83 тыңдаушылар бар.

Байқауларға қатысу және жетiстiктер

Ауданда жастар арасында мемлекеттiк және басқа тiлдердi насихаттау бойынша жыл сайын әртүрлi шаралар, акциялар, онлайн челлендждер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, байқаулар өткiзiледi.

2020 жылы мемлекеттiк тiл және Қазақстан халқының өзге де тiлдерiн насихаттау бойынша 10 байқау өткiзiлдi. Бұл шараларды өткiзуге жергiлiктi бюджеттен 316, 0 мың теңге бөлiндi.

Жыл басынан бастап мемлекеттiк тiлдi қолдау және мерейтойларға байланысты 4 iс шара қашықтықтан онлайн түрде өткiзiлдi.

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай аудандық «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» атты қазақ тiлiндегi және де орыс тiлiнде жазылған «В имени моей земли — ее неповторимое величие» атты шығарма байқауы ағымдағы жылдың 2021 жылғы 11 қаңтары мен 25 қаңтар аралығында алдын ала өтiнiм бойынша өткiзiлдi. Байқауға ауданның жалпы бiлiм беретiн мектептерiнен 8-11 сынып оқушылары қатысып, 19 шығарма жұмысы келiп түстi. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша келесi жеңiмпаздар анықталды. Байқаудың жеңiмпаздары дипломдармен марапатталды.

2021 жылғы 10-26 ақпан аралығында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған шарасы мемлекеттiк үйiрме жетекшiлерi мен тыңдаушылары арасында өткiзiлдi. Ақынға арналған таным сағаттары, шығармаларын, нақыл сөздерi тыңдаушылары орындады.

2021 жылғы 23 ақпан — 01 наурыз аралығында мемлекеттiк тiлдi қолдау аясында этнос өкiлдерi арасында «Тiлге құрмет — елге құрмет» челленджi онлайн түрде өттi. Челленджге ауданнан орыс, украин, поляк, татар, өзбек этностарының өкiлдерi мемлекеттiк тiлде өлеңдердi, әндердi, нақыл сөздердi, қазақтың салт дәстүрiн көрсеттi.

2021 жылы 26 ақпанда қашықтықтан онлайн түрде «Жыр алыбы — Жамбыл» атты аудандық жыр мүшәйрасы өттi. Мүшәйраға 14 қатысушы қатысты.

Барлық жүлдегерлер дипломдармен естелiк сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.

Дата публикации
09 марта 2021
Дата обновления
09 марта 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
17 октября 2026
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері боинша Қызылжар аудандық мәслихатының депутаттығына кадидаттарды ұсыну туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы