8 наурыз Халықаралық әйелдер күнi қарсаңында Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 60/8 шешiмiмен Қызылжар ауданының жекелеген санаттағы мұқтажа азаматтарына әлеуметтiк көмек көрсету қағидаларына сәйкес, Қызылжар ауданының 605 көп балалы аналарына 13 млн. теңгеден артық сомада, оның iшiнде «Алтын алқ», «Күмiс алқа», I, II дәрежелi «Ана Даңқы» ордендерiмен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналарға 10 АЕК (29170) теңге мөлшерiнде, құрамында бiрге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар аналарға 5 АЕК (14585) теңге мөлшерiнде әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.
Бұдан басқа, қайырымдылық көмек шеңберiнде 123 жалғыз тұратын қарт, көп балалы аналарға азық-түлiк пакетi түрiнде 260 мың теңге сомасында көмек алды.
Барлық әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнiмен құттықтаймыз. Сiздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен шаттық, береке, байлық тiлеймiз!