Меню

Страницы

Статья

Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнiң мамандарымен көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы ақпарат

Ауданда 7880 зейнеткер, 1245 мүгедек тұрады, оның iшiнде 715 адам жалғыз тұрады.

Өмiрлiк қиын жағдайдағы тұлғаларды әлеуметтiк қолдаудың бiр түрi үйде күтiм көрсету жағдайында, стационар жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi жұмыс iстейдi. 3 бөлiмше зейнеткерлiк жасқа толған қарт адамдарға және 1, 2-топ мүгедектерiне, 1 бөлiмше 1, 2-топ мүгедектерiне және психоневрологиялық аурумен ауыратын балаларға, тiрек-қозғалтқыш аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық аурумен ауыратын 18 жастан асқан тұлғаларға аранаулы әлеуметтiк қызмет көрсетедi.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 4 үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi 400 азаматқа арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсеттi, оның iшiнде 347 қарт адам, 4 мүгедек, психоневрологиялық аурумен ауыратын 22 балаға, тiрек қозғалтқыш аппараты бұзылған 9 балаға, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын 18 жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетедi.

Үйде АӘҚ көрсету ҚР мемлекеттiк Стандартымен және мүмкiндiгi шектеулi әр балаға және 18 жастан асқан тұлғаларға жеке оңалту бағдарламасымен қарастырылған көлемде жүзеге асырылады.

4 бөлiмшеде 90 әлеуметтiк қызметкер жұмыс iстейдi, оның iшiнде 8 әлеуметтiк қызметкер жұмысты қоса атқарады. 24 әлеуметтiк қызметкер — жоғары бiлiмдi, 66 — арнайы орта бiлiмдi.

2020 жыл iшiнде 4 адам медициналық-әлеуметтiк мекемеге рәсiмделдi, 3 қарт адам жалпы үлгiдегi интернатқа, 1 мүгедек психоневрологиялық медико-әлеуметтiк мекемеге рәсiмделдi. Үйде қызмет көрсетуге 55 адам қабылданды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi iс-әрекетке қабiлетсiз және шектеулi қабiлеттi кәмелеттiк жасқа толған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық қызметiн көрсетедi. Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiлген Кеңес құрылды, Ереже әзiрлендi.

Қамқоршылық кеңесiнiң есебiнде 80 адам тұр, жылына екi рет қамқоршының қамқорлығындағы тұлғаның жәрдемақысын пайдалану туралы есеп бередi. Iс-әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы тәртiп бойынша ауылдық округ мамандарына, халыққа кеңес берiледi, бұдан әрi қамқоршылықты рәсiмдеу бойынша жұмыс жүргiзiледi.

Көп балалы, аз қамтамасыз етiлген отбасыларға және кәмелеттiк жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған мүгедек әйелдерге, мүгедек балаларға, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргiзiледi. Қайырымдылық көмек барлық мемлекеттiк мерекелерде көрсетiледi. Негiзiнен азық-түлiк пакетi, ақшалай қаражат, отын беру түрiнде көмек көрсетiледi. 2020 жылы 12 млн теңгеден артық қайырымдылық көмек көрсетiлдi.

4 деңгейлi бекiту бағдарламасы шеңберiнде жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектер барлық меншiк нысанындағы басшыларға 128 адам бекiтiлдi, оның iшiнде 89 қызмет алушы зейнеткер мен мүгедектер.

Дата публикации
04 марта 2021
Дата обновления
04 марта 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
17 октября 2026
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері боинша Қызылжар аудандық мәслихатының депутаттығына кадидаттарды ұсыну туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы