Меню

Страницы

Статья

2020 жылға Қызылжар ауданының мүгедектерін оңалту бойынша жүргізілетін жұмыс туралы ақпарат

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау- мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта Қызылжар ауданында 1194 ерекше қажеттілігі бар тұлға тұрады, оның ішінде 1-топ мүгедегі 76 адам, 2-топ мүгедегі 432 адам, 3-топ мүгедегі — 563 адам, мүгедек балалар — 123.

Осы санаттағы тұлғаларды әлеуметтік қолдауға қаржыландыру жылдан жылға өсіп келеді, 2019 жылы 147 млн. 120,9 мың теңге бөлінсе, 2020 жылы 25 млн. 131 мың теңге.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолжетімді орта құру кешенді іс-шараларды құрайды. Оның бірі — медициналық оңалту.

Медициналық оңалту бойынша іс-шараны ауданның денсаулық сақтау мекемесі жүргізеді. Медициналық-әлеуметтік сараптама бастапқы және қайта жолдау кезінде оңалтудың жеке бағдарламасы дайындалады, оған медициналық, кәсіптік және әлеуметтік бөлігі кіреді. Медициналық бөлігіне негізгі ауруы бойынша мүгедектерді диспансерлік бақылау, медикаментозды емдеу және көрсеткіштері бойынша диспансерлік емдеу кіреді, оған денсаулық сақтау мекемесі жауап береді.

Қажет болған жағдайда мүгедектерді мамандарға кезектен тыс қабылдау ұйымдастырылған, алып баруға келмейтін мүгедектерді үйде емдеу және үйде салалық мамандармен қарау ұйымдастырылған.

Арбамен жүретін мүгедектер үшін емханада және аурухананың стационарында пандус салынған, жеке дәретхана тұтқалармен жабдықталған, лифт жұмыс істейді.

2020 жылы оңалтудың жеке бағдарламасы 88 адамға әзірленді.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру үшін, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімдеу әлеуметтік оңалту бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтендіру деңгейін арттыру мақсатында техникалық (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етіледі.

Осылай 2020 жылы 234 қажеттілігімен 232 адам немесе 99,1% оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді:

  • санаторлық-курорттық емделуге 31 қажеттілігімен, 31 немесе 100% қамтамасыз етілді;
  • протездік-ортопедиялық құралдармен 67 қажеттілігімен, 65 немесе 97% қамтамасыз етілді,
  • сурдотехникалық құралдармен — 7 қажеттілікпен 7 немесе 100% қамтамасыз етілді;
  • тифлотехникалық құралдармен 5 қажеттілігімен 5 немесе 100% қамтамасыз етілді;
  • кресло-арбамен 29 қажеттілігімен, 20 немесе 69% қамтамасыз етілді;
  • жеке көмекшінің қызметімен 19 қажеттілігімен 19 адам немесе 100% қамтамасыз етілді;
  • арнаулы гигиеналық құралдармен 76 қажеттілігімен 100% қамтамасыз етілді.

Оңалту орталығында 7 мүгедек емдеуден өтті. Оңалтудың техникалық құралдарын арттыру және қызметке қолжетімділік мақсатында, 2020 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейді. Бұнда мүгедектігі бар тұлғаларға тікелей Жеткізушіден оңалту құралдары мен құралдарын өз бетінше алу мүмкіндігі бар.

Мүгедектігі бар тұлғалар қашықтықтан техникалық оңалту құралдарының 55 түрдің ішінен 25-не тапсырыс бере алады. 2020 жылы мүмкіндігі шектеулі 37 тұлға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өтінім берді (сіңіргіш жаймалар, жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар, дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар,санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық).

Мүгедектерді жұмыспен қамту негізгі бағыттардың бірі болып табылады. 2020 жылы 35 мүгедек жұмыспен қамтылған, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 19, қоғамдық жұмыстарға 16.

Жыл сайын мүгедектігі бар тұлғаларға квота орнатылады. 2020 жылы квотаға сәйкес 2 мүгедекті жұмысқа орналастыру қажет. («Қызылжар аудандық білім беру бөлімі» КММ және «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ жұмысқа орналастыру) Квота орындалды.

Мүгедектігі бар тұлғалар Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өздерінің кәсіпкерлік мүмкіндігін дамытуда. Петерфельд ауылдық округінің 3-топтағы 1 мүгедегі мал шаруашылығын дамытуға 3 млн. теңге сомасында микрокредит алды, тағы 1 мүгедек 555 мың теңге сомасында мемлекеттік грант алды.

Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту міндеттерінің бірі — қолжетімді орта құру болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін Қолжетімді орта құру мақсатында ауданда 2017-2019 жылдарға арналған нысандарды бейімдеу жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес бейімдеуге жататын 100 нысан анықталды:

  • 19 ауылдық округ әкімі ғимараты;
  • 12 денсаулық сақтау ғимараты (Қызылжар ауданының ауруханасы, 7 ДА, 3 ФАП, 1медициналық пункт);
  • 41 білім беру ғимараты (аудандық білім беру бөлімі, 24 ОМ, 12 НМ, 4 балабақша);
  • 12 мәдениет нысандары (Қызылжар аудандық Мәдениет үйі, аудандық кітапхана, 10 ауылдық клуб);емдеу ұйымдастырылған
  • 3 спорт нысаны («Қызылжар» ДШСК), «Болашақ» ДШСК, БЖСМ;
  • өзге 13 нысан (ХҚКО, «Қазпошта» АҚ, «Сұлу» шаштаразы, «Қазақтелеком»АҚФ, СолҚазМШҒЗИ, «Левин» жиһаз үйі, «Семейный» сепермаркеті, «Нұр Отан»ХДП, «Sana» дүкені, «Черная Т.П.»ЖК дәріханасы, «Сердечная» дәріханасы, Халық банкі, Қызылжар ауданы бойынша салық басқармасы).

Бүгінгі күні осы нысандар қолжетімділік элементтерімен қамтамасыз етілген.

2020 жылы 6 нысанды бейімдеу жоспарланды. № 3 Бескөл орта мектебі, 5 қабатты тұрғын үй, асханамедициналық-әлеуметтік сараптау (аурухана жанындағы), «Татьяна» дүкені, Қызылжар аудандық сот, «Петрович» дүкені. Нысандар ішінара бейімделді:

  • № 3 Бескөл орта мектебі (пандус, шақыру қоңырауы, бағыттаушы көрсеткіштер, тактильді немесе рельефті бағыттаушы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін лифт орнатылды), 5 қабатты тұрғын үй (алмалы-салмалы пандус, орнатылды);
  • «Татьяна» дүкені (пандус, шақыру қоңырауы, жарықтық табло, бағыттаушы көрсеткіштер, Брайль қарпімен ақпарат, тактильді бағыттаушы орнатылды), «Петрович» дүкені (құлама орнатылды), асхана (кірер топ талаптарға сай), Қызылжар аудандық сот (тактильді немесе рельефті бағыттаушы, бағыттаушы көрсеткіштер, қызмет көрсету үстелі бар);
  • Ауданда қолжетімді ортаны құру бойынша жұмыс жалғасады

Өмірлік қиын жағдайдағы тұлғаларды әлеуметтік қолдаудың бір түрі үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.

2020 жылы 4 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 388 азаматқа үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.

4 бөлімшеде 96 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оңалту кабинеті жұмыс істейді, апта сайын осы кабинетті шамамен 15 бала барады.

Мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыс жалғасады.

Дата публикации
04 марта 2021
Дата обновления
04 марта 2021
Тип

Сейчас читают

24 октября 2026
Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты
23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы