Ағымдағы жылғы 1 наурыз алғыс айту күнi ұлттық күнтiзбедегi жаңа дата, бұл мейiрiмдiлiктiң, бүкiл қазақстандықтардың бiр-бiрiне деген достығы мен ыстық ықыласын бiлдiретiн мереке. Осы қуанышты, шуақты мереке күнi аз қамтамасыз етiлген және халықтың әлеуметтiк осал тобындағы адамдарға көрсетiлген көмек үшiн ұйым және мекеме басшыларына «рахмет» айтқымыз келедi. Қайырымдылық көмек азық-түлiк топтамасы және ақшалай қаражат түрiнде 65 отбасыға 154000 теңге сомасында көрсетiлдi.


