Меню

Страницы

Статья

Барлық бала бiрдей, барлық бала сүйiктi!

Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде ерекше қажеттiлiгi бар балаларға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi жұмыс iстейдi. Осындай балаларға әлеуметтiк көмек ерекше көңiл бөлудi талап етедi.Әлеуметтiк қызметкер баланың және отбасының өмiрiнде өте үлкен рөл атқарады. Балаларды тек емделуiне баса назар аудармай, оны тұлға ретiнде дамыту, ең қолайлы деңгейде қоғамға бейiмдеу, әлеуметтiк бейiмдеу және оңалту әлеуметтiк қызметкердiң мақсаты мен мiндетi болып табылады. Әлеуметтiк қызметкерлер арнайы сабақтар өткiзедi, әр түрлi тұрмыстық еңбек, бос уақытында ойын түрлерiн қолдана отырып дидактикалық, қозғалу, саусақпен жұмыс iстеу және басқа әдiстердi өткiзедi. Осы iс-шаралардың барлық түрлерi арқылы баламен бiрге жұмыс iстеген уақытта жас ерекшелiгiне қарай мүмкiндiк деңгейiн кеңейтедi негiзгi дағдылар мен икемдiлiктi, қарым-қатынас дағдысы, жалпы және ұсақ моторикасын дамыту, әлемдi сенсорлы тану, тазалыққа дағдыландыру, өзiне өзi қызмет көрсетуге дағдыландыру, әлеуметтiк және сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Қызмет алушы балалардың ата-аналарына кеңес беру, әңгiмелесу түрiнде көмек көрсетiледi, отбасында, күнделiктi өмiрде және қоршаған ортада балаларды бейiмдеу бойынша тәжiрибелiк көмек пен оқыту тәсiлдерi бар ғылыми әдебиеттер ұсынылады.

«СолҚазАШҒЗИ» ЖШС ғимаратында орналасқан оңалту кабинетiнде балалармен жұмыс жүргiзiледi. Сондай-ақ, бұнда балаларға мереке күндерiне iс-шаралар өтедi.

Бөлiмшеде әрдайым балалардың сурет және қолдан жасалған бұйымдар көрмесi iстейдi.

Балаларды әлеуметтiк оңалту сабағы нәтижесiнде балалардың дамуында оң өзгерiс байқалады, отбасындағы эмоциялық және адамгершiлiк атмосферасы жақсарады, ата-ананың бiлiктiлiгi артады.

Дата публикации
02 марта 2021
Дата обновления
02 марта 2021
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
17 октября 2026
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері боинша Қызылжар аудандық мәслихатының депутаттығына кадидаттарды ұсыну туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы