«Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен» КММ Еңбек кодексi шеңберiнде әлеуметтiк серiктестiктi iске асыру бойынша нақты жұмыс жүргiзiлуде. Осылайша, аудандағы 401 кәсiпорын қолданыста деп есептелiнуде. Ұжымдық шарттардың саны 399 құрайды. Ұжымдық шарттармен 98,0% белсендi кәсiпорын қамтылды, соның iшiнде 1 iрi кәсiпорын («Зенченко және К» КС, 33 орта және 365 шағын кәсiпорын. Осылайша, ауданда 399 ұжымдық шарт қолданылуда, оның iшiнде iрi және орта кәсiпорындардағы қамту 100% құрады. Шағын кәсiпорында қолданыстағы субъектiлердiң санынан 97,0% қамтумен 365 шарт жасалды.
Аудан экономикасының нақты секторының кәсiпорнында бүгiнгi таңда кәсiпорында өндiрiс құлдыраған кезде негiзсiз жұмыстан босатуларға жол бермеу үшiн жалдамалы жұмыскерлердiң әлеуметтiк кепiлдiгiн қамтамасыз ету бойынша Меморандумдарды қабылдау жөнiнде жұмыс жалғастырылуда.
Сондай-ақ, бөлiммен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң «Парыз» республикалық конкурсқа қатысу дайындығы жөнiнде жұмыс жүргiзiлiп жатыр. Қызылжар ауданының кәсiпкерлерi түрлi номинациялар бойынша осы конкурстың қатысушылары болып табылады.
2016 жылы «Парыз» республикалық конкурсқа ең үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын номинациясына «Петерфельд-агро» ЖШС ұсынылды, оның басшысы Мәдиев Асқар Аманжолұлы болып табылады, ол аталмыш конкурста 3-шi орынға ие болды.