Арнайы әлеуметтiк көмек көрсету қызметтерiн үйде әлеуметтiк көмек көрсетудiң үш бөлiмшесi жүзеге асырады, бөлiмшелер 405 адамға қызмет көрсетедi, соның iшiнде 356 мүгедектер мен жалғызбасты қарттар, 33 мүмкiндiгi шектеулi балалар және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауру 16 тұлға.
Тұлғаларды қабылдау қажеттi құжаттарды ұсынғаннан кейiн Халықты әлеуметтiк қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандартына сәйкес қызмет көрсетiледi.
2016 жылы қызмет көрсетуге 79 адам қабылданды, 78 адам алынды. 2017 жылы қаңтар айында 4 адам қабылданды және11 адам алынды.
Бөлiмшелердi қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен бiр жылға өтiнiм берген бюджетке сәйкес жүзеге асырылады.
3 адамға мiндеттi гигиеналық құралдарды алуға құжаттарын рәсiмдеуге қолдау көрсетiлдi.
2016 жылы 11 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер медико-әлеуметтiк мекемелерге құжаттары рәсiмделдi, соның iшiнде 5 қария МӘМ жалпы бөлiмiне, 4 мүгедек психоневрологиялық интернатқа жолданды, 2017 жылдың қаңтар айында МӘМ жалпы бөлiмiне 2 адам, психоневрологиялық интернатқа 1 адам жолданды.
Осы санатта 87 әлеуметтiк қызметкер қызметтiң 8 түрiн көрсетедi: әлеуметтiк-тұрмыстық, медико-әлеуметтiк, психо-әлеуметтiк, әлеуметтiк-педагогикалық, мәдени-әлеуметтiк, әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық-әлеуметтiк, әлеуметтiк еңбек қызметтерi.
2016 жылы «Әлеуметтiк жұмыс» мамандығына оқуға Жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 адам жолданды, аталған тұлғалар сертификаттарын алып тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Бөлiм меңгерушiсi әлеуметтiк қызметкерлердiң жұмыстарын тұрақты бақылап отырады, 2016 жылы 230 және де 2017 жылы 46 тексеру жұмыстары жүргiзiлдi.