Меню

Страницы

Статья

Бюджеттік жоспарлау

2022-2024 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджеті бойынша түсіндірме жазба

2022-2024 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетін бекіту туралы

Қосымшалар

2017-2019 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетi туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы «Жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу қағидаларын бекiту туралы»

2017-2019 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджетi

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған негiзi бюджеттiк саясат, Қазақстан Президентiнiң халқына Жолдауында белгiленген маңызды бағыттары болып табылады.

2017-2019 жылдарға әзiрленген аудан бюджетi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және Қазақстан Республикасының заңдарына «Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi туралы», «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарына, 2017-2019 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына және Солтүстiк Қазақстан облысы Қаржы басқармасының ұсыныстарына сәйкес бекiтiлген.

Қызылжар аудандық маслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсанындағы № 10/1 шешiмi және Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 23 желтоқсанындағы «Қызылжар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 10/1 «2017-2019 жылдарға арналған Қызылжар аудан бюджетi туралы» шешiмiн iске асыру туралы» қаулысы бойынша 2017-2019 жылдарға арналған аудан бюджетi бекiтiлген.

Облыс маслихатының шешiм қолданылуы аяқталуына байланысты «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет және аудандар, Петропавл қаласы бюджеттерi арасындағы жалпы сипаттағы трансферттедiң көлемi туралы», ҚР Бюджет кодексiнiң 45 бабына сәйкес, 2016 жылғы 12 желтоқсандағы облыс маслихатының № 8/2 «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет және аудандар, Петропавл қаласы бюджеттерi арасындағы жалпы сипаттағы трансферттедiң көлемi туралы» шешiмiмен, 2017-2019 жылдарға арналған жалпылама трансферттер бекiтiлген.

Аудан бюджетi 2017 жылы кiрiстер мен шығыстар бойынша 5,1 млрд. теңге көлемiнде бекiтiлген.

Аудан бюджетiне жоспарланған: жеке кiрiстер — 867,7 млн. теңге, республикалық бюджеттен субвенциялар сомасы 3 млрд. 466,6 млн. теңге, нысаналы трансферттер — 624,9 млн. теңге, нысаналы кредиттер — 122,5 млн. теңге, бюджеттiк кредиттердi өтеу — 23,9 млн. теңге.

2017 жылға аудан бюджетi 5,1 млрд. теңге көлемiнде бекiтiлген, оның iшiнде әлеуметтiк салаға — 3,6 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы — 100 млн. теңге, нақты сектор — 677 млн. теңге, өзге 79 млн. теңге, бюджеттiк кредиттер — 123 млн. теңге, мемлекеттiк басқару — 556 млн. теңге.

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Шаховское ауылына сомасы 362 млн. теңге көлемiнде жергiлiктi сумен жабдықтау көзiнiң тазарту жүйесiмен және су желiлерiн салуға қарастырылған.

Аудандық бюджет қаражаты есебiнен Қызылжар ауданы Бескөл ауылында 3-қабатты пәтер үлгiсiндегi жатақхананы аяқтауға, жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеуге — 1,5 млн. теңге көзделген.

Дата публикации
31 января 2022
Дата обновления
31 января 2022
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
17 октября 2026
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері боинша Қызылжар аудандық мәслихатының депутаттығына кадидаттарды ұсыну туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы