Меню

Страницы

Статья

Ауданның халыққа қызмет көрсету орталығы

«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылжар ауданының бөлімі

Мекенжайы: 150700 Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл а., Институтская көш., 1 в.

Бөлім басшысы: Байсейітов Ернар Амангелдіұлы

Басшының тел: 8 (71538) 2-17-46

E-mail: kizil_con@mail.ru

Жұмыс кестесі: күн сайын сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күні— жексенбі.


«Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады

Енді ЭЦҚ алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. «Мобильді ХҚО» қосымшасында ХҚО операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысып, ЭЦҚ-ға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады.

Бұған дейін компьютері жоқ қазақстандықтарға ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келді. Халықтың өтінішіне құлақ асып, Мемлекеттік корпорация жеке және заңды тұлғалар үшін «Мобильді ХҚО» қосымшасында ЭЦҚ алу мүмкіндігін енгізді. Ол үшін қосымшаға кіріп «бейне қызметі» батырмасын басу керек. Оператордың қосылуын күтіңіз, ол жеке куәлік пен SMS арқылы келген кодты сұрап, өтінімді қабылдайды.

«Жыл басынан бері 4 миллионнан астам азамат қызмет алу үшін ХҚО-ға жүгінді. Олардың шамамен 30%-ы ерекше сұранысқа ие ЭЦҚ алу қызметіне тапсырыс берген. Сондықтан біз ХҚО-ға баруды қажет етпейтін мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімді және ыңғайлы амалын ойластыруды мақсат еттік. Қазіргі таңда «Мобильді ХҚО» арқылы 38 қызмет алуға болады. Тізімді әлі де толықтырамыз», — дейді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Сондай-ақ, аталған қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру, баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.

Ақылы қызметтерге тапсырыс беру кезінде төлем шоты екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына келеді. Клиент бейнеқоңырау арқылы қызмет алу барысында баж салығын бірден төлей алады. Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚО-ға баруды алдын-ала брондауға, электронды кезек талонын алуға, сізге жақын орналасқан ХҚО мекенжайын және өзекті мәселелерді көруге болады. Біз қосымшадағы қолжетімді қызметтер тізімін кеңейту ХҚО-ға келушілер ағынын азайтуға мүмкіндік береді деп сенеміз.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін 68 мыңға жуық қолданушы ұялы телефондарына «Мобильді ХҚО» орнатқан. Қосымшаны Google Play және App Store онлайн-дүкендерден жүктеп алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметі

Азаматтарға арналған үкімет пен Halyk Bank мүлікті кепілден шығару бойынша электронды қызметті іске қосты 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank-пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады.

Halyk Bank клиенттері мүліктен кепілді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбеуіне болады. Бұл blockchain технологиясын енгізу арқылы жүзеге асырылады.

«Азаматтар мүлікті кепілден шығару бойынша өтінімді «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында рәсімдеп, төлем жасай алады. Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды жинаумен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ», — деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді, бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды.

Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару қызметі қазақстандықтар арасында ең жиі сұралатын қызметтердің бірі екенін жеткіземіз. 2022 жылдың 9 айында Қазақстанда 108 341 мүлік кепілден алынып тасталды.

Биыл маусым айында Мемлекеттік корпорация «Отбасы банкімен» бірігіп, осыған ұқсас онлайн сервисті енгізген болатын. Бүгінде жүйенің көмегімен 600-ге жуық жылжымайтын мүлік кепілден шығарылды.

Еске салайық, Мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелу, автокөлікті қайта ресімдеу, ЖК куәлігін алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №983 қаулысымен бекiтiлген, жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң Тiзiлiмi

Бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады

Әрине, бала дүниеге келгеннен кейін болашақ аналардың бос уақыты болмайды. Мемлекет тарапынан бала күтімі үшін бір реттік жәрдемақы төленетінін ұмытпаңыз. Соңғысын Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бірнеше минут ішінде ресімдеуге болады. Төменде толық нұсқаулық көрсетілген:⠀

1. Egov.kz порталына кіріңіз⠀

2. Іздеу батырмасы арқылы «Баланы бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау» қызметін табыңыз⠀

3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз⠀

4. Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз⠀

5. Өтінімде жеке шот нөмірін (IBAN) көрсетіңіз⠀

Ескерту: Дербес шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс.⠀

6. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысыңыз.⠀

Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі. Жыл басынан бала күтімі бойынша жәрдемақыны 496 солтүстікқазақстандық онлайн ресімдегендігін айта кеткен жөн.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

«Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне 353 адам іріктелді

«Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резервіне іріктеу 2021 жылғы 1 наурызда басталып, 30 сәуірде аяқталды. 1-12 наурыз аралығында тіркеуден өткен қатысушылардан 1873 өтінім келіп түсті. Президенттік кадр резервінің тәжірибесін ескере отырып, үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Олар тест тапсырып, сарапшылармен сұхбаттасты.

Қорытынды кезеңде үміткерлерді арнайы комиссия іріктеді, оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, HR-мамандары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі мен басқармасының мүшелері кірді.

Нәтижесінде «Дарындылар пулына» 353 адам қабылданды.

«Дарындылар пулы» жобасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады, ол бізге іріктеу кезеңдерінің барынша ашық өтуін тапсырған болатын. Оған кез келген қазақстандық қатыса алды. Жобаны іске асыру Мемлекеттік корпорацияда меритократия қағидаттарын енгізуге және «әлеуметтік лифт» тетіктерін пайдалануға көмектеседі деп сенемін. Резервке өткендердің тағайындаулары таяу уақытта бос орындар пайда болған кезде жүзеге асырылады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Жобаның басты мақсаты – болашағынан үміт күттіретін қызметкерлерді табу, олардың құзыретін дамыту және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.

Іріктеуді әзірлеу кезінде «Президенттік Жастар кадр резерві», «Елбасы Академиясының салалық менеджерлері» және «Жас Өркен» сияқты ұқсас жобалардың тәжірибесі ескерілді. Осылайша, «Дарындылар пулы» Қазақстандағы кадрлар резервін құру бойынша төртінші ірі жобаға айналды.

Емханаға тiркелу

Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылығын пайдалану үшiн емханаға тiркелу қажет. Мұндай қажеттiлiк туындаған кезде көбiсi оны қалай жасау керектiгiн бiлмейдi. Емханаға тiркелудiң үш жолы бар:⠀

Портал арқылы Egov.kz:⠀

1. Порталда авторизациядан өтiңiз⠀

2. Iздеу жолы арқылы "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн медициналық ұйымға тiркелу" қызметiн табыңыз⠀

3. Қызметтi онлайн сұратыңыз⠀

4. Емхана мен дәрiгердi таңдаңыз⠀

5. Мекенжай мен байланыс мәлiметтерiн көрсетiңiз⠀

6. ЭЦҚ көмегiмен сұранымға қол қойыңыз;⠀

7. Қызмет нәтижелерi жеке кабинетте көрсетiлетiн болады⠀

@Kenes1414Bot телеграм-бот арқылы :⠀

1. Телеграм мессенджерiнде @Kenes1414Bot табыңыз⠀

2. Телеграм ботты iске қосыңыз, "қызметтер" бөлiмiн ашыңыз"⠀

3. "Денсаулық сақтау" таңдаңыз, "мессенджер арқылы медициналық ұйымға тiркелу" батырмасын басыңыз"⠀

4. Қызмет алушыны көрсетiңiз (өзiңiзге / балаға)⠀

5. Мекенжай деректерiн растаңыз және емхананы таңдаңыз⠀

6. Әрi қарай бот тiркелу себебiн және дәрiгердiң деректерiн сұрайды⠀

7. Растау кодын енгiзiңiз⠀

8. Телеграм-бот сiздiң өтiнiшiңiздiң нөмiрiн және көрсетiлген қызметтiң мәртебесiн көрсетедi.⠀

Емхана арқылы:⠀

Жеке куәлiгiңiзбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тiркеу бөлiмiне хабарласыңыз. Емханаға тiркелу туралы өтiнiш жазыңыз.⠀

Қызмет көрсету мерзiмi — 1 жұмыс күнi.⠀

Маңызды: тiркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеушi дәрiгердiң аты-жөнiн бiлу қажет. Тiркелу кезiнде сiз автоматты түрде алдыңғы емханадан шығарыласыз.⠀

«Азаматтарға арналға үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi
@gov4c.kz

Психоневрологиялық ұйым анықтамасын алу жолдары

Жұмысқа орналасу — бұл белгілі бір дәрежедегі қиындық, бірақ оны жеңілдетуге болады. Барлық сұратылатын анықтамаларды онлайн режимінде – әбігерсіз және ешқайда жүгірмей Egov.kz порталынан алуға болады. Соның ішінде психоневрологиялық ұйым анықтамасы. Анықтаманы онлайн алудың 3 әдісі бар.

eGov.kz порталы арқылы:

  1. Порталда авторизациядан өтіңіз
  2. Іздеу жүйесі арқылы "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" қызметін табыңыз"
  3. Қызметті онлайн сұраңыз
  4. Жеке деректерді енгізіп, қол қойыңыз
  5. 10 минуттан кейін бетті жаңартып, дайын анықтаманы жүктеп алыңыз.

eGov мобильді қосымшасы:

  1. Мобильді қосымшада авторизациядан өтіңіз
  2. "Қызметтер" сілтемесін таңдаңыз
  3. "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" батырмасын басыңыз
  4. Сұрауға қол қойыңыз
  5. Анықтаманы жүктеп алыңыз!

Телеграм-бот @Kenes1414Bot:

  1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз
  2. Ботты іске қосыңыз
  3. Қызметтер мәзірінен "Денсаулық сақтау" бөлімін таңдаңыз
  4. "Мессенджер арқылы психоневрологиялық ұйымның анықтамасын беруді" басыңыз
  5. Растау кодын енгізіңіз
  6. Анықтама жауап хабарламамен 30 минут ішінде келеді.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз
қызметі

Тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару

Егер сіз үй иесі болсаңыз, тіркелген азаматты тұрақты немесе уақытша тіркеуден шығаруға мүмкіндігіңіз бар. Мұны екі жолмен жасауға болады:⠀

eGov.kz порталы арқылы:⠀

  1. eGov.kz порталына кіріңіз;⠀
  2. Іздеу жүйесі арқылы "Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару" қызметін табыңыз;⠀
  3. Қызметті онлайн сұраңыз;⠀
  4. Мекенжай деректерін растаңыз;⠀
  5. Тіркеуден шығарғыңыз келетін адамды тіркелгендер тізімінен таңдаңыз;⠀
  6. ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойыңыз;⠀
  7. Қызмет нәтижелері порталдың жеке кабинетінде көрсетілетін болады.⠀⠀

Егер тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар сіздің жеке кабинетіңіздегі әрекеттеріңізді растау керек;⠀⠀

ХҚО арқылы:⠀

  1. ХҚО-ға онлайн кезекке тапсырыс беріңіз және белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келіңіз;
  2. Операторға жазылып берілетін адамның ЖСН көрсетіп, қызметке өтініш жазыңыз;
  3. Бес минуттан кейін адам тіркеуден шығарылады.⠀⠀

Қызметті ХҚО арқылы рәсімдеген кезде, сіз тіркеуден шығарылатын адамның ЖСН білуіңіз қажет - оны eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз
қызметі

Жер кадастры бойынша қызметтер ХҚО арқылы қолжетімді

2021 жылғы 30 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (МЖК ААЖ) техникалық ақау туындады. Соның салдарынан электронды түрде бірнеше мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін болмады.

Қазіргі таңда eGov.kz порталында «Жер учаскелеріне актілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау», «Жобаланатын жер учаскесін МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісу», «Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру», «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметтері қолжетімсіз.

Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін МЖК ААЖ сервистері өзгертіледі. Оған дейін жер кадастры бойынша барлық мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсынылады.

«Біз клиенттерді өз бөлімшелерімізде қабылдауды шештік, өйткені алған жауапкершілігімізді және осындай қызмет түрлерін ұсыну бойынша мүмкіндіктерімізді түсінеміз. Біз операторлардың кеңес беру жұмысын қайта жедел бағдарлап, оларға арнайы оқыту өткіздік, бұл жағдайды тез шешуге мүмкіндік береді. Сервисті түрлендіру процесі аяқталғаннан кейін жер кадастры бойынша қызметтер eGov.kz арқылы қайтадан қолжетімді болады. Бүгінде клиенттерге қызмет алу үшін жер телімі орналасқан ауданға қарасты ХҚО-ға жүгіну қажет», — деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі

Жаңа құжаттар мен мемлекеттік нөмірлерді үйге жеткізу солтүстікқазақстандықтар үшін қолжетімді болды

Өткен жылдың қазан айында egov.kz электрондық үкімет порталында мемлекеттік нөмірлерді және дайын техпаспортты үйге жеткізу бойынша жаңа сервис пайда болды. Енді автокөлікті онлайн қайта тіркеген автокөлік иелері көлік құралын мамандандырылған ХҚО-ға тіркеу туралы куәлік пен нөмірлерді алу үшін бармауларына да болады, оларды өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті алушыға жеткізеді. Сервисті іске қосқан сәттен бастап 20-дан астам солтүстікқазақстандық egov.kz пайдаланушысы жаңа сервистің жайлылығын бағалай алды.

Жаңа автокөлік иесі онлайн сатып алу мәмілесінен кейін egov.kz порталындағы «Көлік және коммуникация» бөлімінде «МТНБ мен техпаспортты жеткізу» электронды қызметіне тапсырыс беруі тиіс. Бұдан әрі жеке деректерді және көлік туралы мәліметтерді (техпаспорт, МТНБ) толтыру қажет, сондай-ақ ең соңында құжаттар жеткізілуі тиіс мекенжай көрсетілуі қажет. Содан кейін қызмет құнын төлеп, ЭЦҚ көмегімен немесе бір реттік SMS-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу керек). Бұл қызмет мамандандырылған ХҚО бар қалалардың, облыстық және аудандық орталықтардың тұрғындарына қолжетімді. Қызмет құны-2240 тг.

Айта кету керек, коронавирус пандемиясы кезінде қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық сервистерін жиі пайдалана бастады. Осылайша, жыл басынан бері солтүстікқазақстандықтар egov.kz порталында 2 мыңнан астам автокөлікті онлайн қайта тіркеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Жұмыссыз қалғанда төленетін әлеуметтік төлемдер

Жұмысынан айрылған азаматтарға мемлекет жәрдемақы төлеп, қолдау жасайды.

Бүгін біз сіздерге бұл жәрдемақыны қалай рәсімдеу керектігін айтып береміз.

Мұның 3 жолы бар:

  1. eGov.kz портал арқылы қызметтің атауы — «жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау»;
  2. ХҚО арқылы;
  3. халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Қажетті құжаттар:

  • жеке куәлік;
  • жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
  • төлемдер аударылатын банк шотының нөмірі туралы құжат.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Кiрiсiнен айырылу жағдайындағы төленетiн әлеуметтiк төлем

Әйел адам үшiн ана болудан асқан бақыт жоқ шығар. Босанар алдындағы машақаттардан бөлек, мемлекет төлемдерiн рәсiмдеу жағын да ойластыру керек.

Пайдалы ақпаратпен бөлiсе отырып, бiз өмiрлерiңiздi жеңiлдетпекпiз.

Кiрiсiнен айырылу жағдайындағы төленетiн әлеуметтiк төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерiн, орташа айлық кiрiсiн және зейнетақы төлемiнiң тиiстi көлемiн ала отырып есептеледi.

Бұл төлемдi рәсiмдеуге ХҚО-ға келесi құжаттар қажет:

  • Жеке басын куәландыратын құжат;
  • Банк шоты жайлы мәлiмет;
  • Жұмысқа жарамсыздық парағы;
  • Егер болашақ ана жеке кәсiпкер болса, кәсiптiң мемлекетiк тiркеуi туралы куәлiктiң көшiрмесi.

Құжаттарды тiркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл iшiнде өткiзуге болады.

Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күнi iшiнде төлемдердiң тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келедi.

«Азаматтарға арналған
үкiмет» мемлекеттiк
корпорация» КЕ АҚ баспасөз
қызметi

Қазақстан әйелдерi мемлекеттiк қызметтердi алуға аз жүгiнедi

Халықаралық әйелдер күнi қарсаңында Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк қызметтерге қанша әйел жүгiнетiнiн есептеп көрдi.

Белгiлi болғандай, 2020 жылы мемлекеттiк корпорацияға түрлi қызметтердi алу үшiн 6,2 млн әйел жүгiнген. Жалпы алғанда Азаматтарға арналған үкiмет былтыр 13 млн мемлекеттiк қызмет көрсеткенiн ескерсек, олардың 45%-ы нәзiк жандыларға көрсетiлген.

Электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтiнiш бiлдiрген әйелдердiң саны ерлермен салыстырғанда бiр пайызға ғана артық. Мысалы, өткен жылы ХҚО арқылы 4,7 млн ЭЦҚ рәсiмделген болса (оның iшiнде 300 мың ЭЦҚ заңды тұлғалар үшiн), оның 2,2 млн-ға жуығын (51%) арулар алған.

Автоқызметтер бойынша жүгiнетiн ханымдардың да саны аз болып шықты. 2020 жылы 173 мың әйел жүргiзушi куәлiгiн ресiмдеген, бұл жалпы берiлген көлiк жүргiзушiсi құжаттарының 21%.

Сонымен қатар мемлекеттiк корпорациядағылар түрлi жәрдемақы алушы қыз-келiншектер туралы да айтып бердi. Мысалы, көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 440 мың отбасы алады, «Алтын алқа», «Күмiс алқа», «Ана даңқы» наградаларының берiлуiне байланысты 229 мың ана жәрдемақы алады, ал бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша бiржолғы жәрдемақы өткен жылы 430 мың анаға тағайындалған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет өзiнiң кадр резервiн жасақтайды

2021 жылғы 26 ақпан

Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Әдiл Қожықов хабарлады. Дарындылар пулына (кадр резервiне) қатысуға өтiнiштердi қабылдау 2021 жылғы 1 наурызда басталады.

«Министр Бағдат Мусин өз парақшасында кадрлық резерв туралы айтқан болатын. Бiз дарындылар пулын — болашақта кәсiпқой мамандардан құралған мықты команда жасақтауды жоспарлап отырмыз. Оған тек бiздiң қызметкерлер ғана емес, кез келген азамат қатысып, өтiнiм бере алады», — деп жазды Әдiл Қожықов.

Жобаға жоғары бiлiмi және кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi бар тұлғалар қатыса алады. Үмiткерлер үшiн ғылыми дәреженiң болуы резервке алу барысында артықшылық болып есептеледi. Тiркеу және онлайн iрiктеу talent.gov4c.kz сайтында 1 наурыздан бастап жүргiзiледi.

Жобаға қатысушылар iрiктеудiң үш кезеңiнен өтедi. Алғашқы екеуiнде үмiткерлер логикалық тестiлеу мен ҚР заңдарының бiлiмi бойынша тест тапсырады. Қорытынды кезеңде мемлекеттiк және қоғам қайраткерлерiнен, HR сарапшыларынан және мемлекеттiк корпорацияның басқарма мүшелерiнен тұратын сарапшы кеңеспен әңгiмелесу өтедi. Жоғары балл жинаған және әңгiмелесу кезеңiнен өткен үмiткерлер кейiннен тиiстi бос лауазымдарға тағайындау мақсатында кадр резервiне алынады.

Бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын алу жолдары

Бүгiн бiз бiлiм туралы құжаттардың, яғни мектептi бiтiргенiңiз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының телнұсқасын алу жолдарын айтатын боламыз. Сонымен бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екi жолы бар:

Еgov.kz арқылы:

Ең алдымен порталға кiрiп, iздеу жолы арқылы «Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметтi табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс берiңiз;

Бiрiншi қадамда өзiңiз туралы мәлiметтердi, қайта қалпына келтiретiн құжаттың түрiн таңдаңыз;

Оқу орны жайлы мәлiметтердi ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетiңiз;

Екiншi қадамда ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз;

Қызмет нәтижесiн жеке кабинетiңiзден тексерiп отырыңыз.

Есiңiзде болсын:

Бұл қызмет түрiн электронды алу үшiн сiз мiндеттi түрде мобильдi азаматтар базасында тiркелген болуыңыз керек.

Қызмет көрсету уақыты — 15 жұмыс күнi.

ХҚО арқылы жүзеге асыру үшiн:

Ең алдымен ХҚО-ға кезектi онлайн брондаңыз. Бронды растау үшiн ХҚО-ға 20 минутқа ерте келiңiз;

ХҚО операторы арқылы «Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметiне өтiнiш қалдырыңыз;

Қажеттi құжаттар тiзiмi:

Туу туралы куәлiк немесе жеке куәлiк;

Өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкiлiнiң құжаттары.

Есiңiзде болсын:

ХҚО-ға бармас бұрын бiлiм беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексiн бiлiп алыңыз.

Егер бiлiм беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергiлiктi мұрағатқа сұрау жiберу арқылы алынады.

Қызмет көрсету құны — тегiн.

Қызмет көрсету мерзiмi құжат тапсырған күндi есепке алмағанда 30 жұмыс күнiн құрайды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi

Жылжымайтын мүлiктi нотариуссыз, ХҚО арқылы тiркеу

Бүгiнгi #oqy&toqy айдарында сатып алынған жылжымайтын мүлiктi нотариуссыз, яғни ХҚО арқылы тiркеп көретiн боламыз.

Ең алдымен ХҚО-ға кезектi онлайн брондаңыз. Бронды растау үшiн ХҚО-ға 20 минутқа ерте келiңiз;

ХҚО операторына келесi құжаттарды ұсыну:

сатып алу- сату келiсiмшартының 2 данасын жасасыңыз:

Мүлiктiң техникалық паспорты;

Мүлiк меншiгiне құқық беретiн құжаттар (сатушы тарапынан);

Некеде болса, екi тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсiмделген келiсiмi;

Егер жылжымайтын мүлiк құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша:

Сату жөнiндегi шешiм;

Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсiмделген келiсiмi;

Есiңiзде болсын:

ХҚО-ға дайын келiсiмшартпен келулерiңiз қажет. Келiсiм-шартта мiндеттi түрде жылжымайтын мүлiктiң барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмiрi, кадастр нөмiрi және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетiлуi тиiс.

Жылжымайтын мүлiктi құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкiлi келетiн болса, келiсiмшартта оның аты-жөнi көрсетiлуi қажет. Егер олай болмаған жағдайда, келiсiмшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚО-ға өзi келедi.

Қызмет құны (тұрғын үй үшiн) — 1 202 тг

Есiңiзде болсын:

Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлiк түрлерi үшiн (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгередi.

Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейдi, бiрақ жер телiмi және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшiн қосымша төлем жасалады.

Қызмет көрсету мерзiмi құжат тапсырған күндi есепке алмағанда — 1 жұмыс күнi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

QR-төлемдер ХҚО-дағы қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкiндiк бередi

«Азаматтарға арналған үкiмет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттiк қызметтер қатарын ұлғайтты. Ендi қазақстандықтар смартфондары арқылы елдегi ХҚО-да кез келген мемлекеттiк қызметтiң төлемiн бiрнеше секундтың iшiнде жолдай алады.

QR-код арқылы, мысалы, жер учаскесiне актiлердi дайындау және беру, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды, банктiк қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын берудi, кондоминиум объектiсiн, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүлiктер саласындағы басқа да мемлекеттiк қызметтер үшiн төлем жасауға болады.

«Пандемия кезiнде ұзын-сонар кезектiң алдын алу керектiгiн түсiнемiз, сондықтан процестердi барынша автоматтандырып, қызметалушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттiк қызметтер үшiн QR-төлем жасау жобасы бiрнеше ай бұрын iске қосылды және осы уақыттың iшiнде бiз тиiстi құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына орнаттық», — дедi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасының бiрiншi орынбасары Сүйенiш Әбдiлдин.

Азаматтар ХҚО-да мемлекеттiк қызметтердiң ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексiз, қауiпсiз және тез төлей алады.

Ендi азаматтар қандай бiр қызметтi алған кезде төлем жасау үшiн менеджерден QR құрып беруiн өтiнiп, сосын өзiнiң смартфоны арқылы бiрнеше минуттың iшiнде төлей алады. Айта кету керек, әр клиент үшiн әрбiр қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметi

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру

Бүгін сіздерге жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қалай алуға болатынын айтып береміз.

Оны egov.kz электронды үкімет порталынан онлайн режимінде алуға болады egov.kz.

Ол үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «сатып алу, сату, жалдау» айдарын таңдап, тиісті анықтаманы тауып, қарапайым әрекеттер алгоритмін орындаңыз.

«Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз;

Өтінімді толтырыңыз және оған ЭЦҚ-мен немесе бір реттік смс-парольмен қол қойыңыз (бұл үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу міндетті);

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өтінімдерді өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.

Мемлекеттік қызмет үшінші тұлғаларға арналған сервис арқылы да көрсетіледі. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда орындалады.

Қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Қызмет көрсету мерзімі: мемлекеттік жүйеде мәліметтер болған жағдайда 20 минут ішінде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

ЖШС-ны жабу жолдары

Бүгiн #oqy&toqy айдарында ЖШС-ны тарату жолдарын айтатын боламыз.

• Еgov.kz арқылы:

Порталға кiрiңiз, порталдың «Бизнеске», «Бизнестi тiркеу және дамыту», «Бизнестi тiркеу және жою» тармақтарына өтiп, «Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу, филиал мен өкiлдiктi есептiк тiркеуден шығару» қызметiне онлайн тапсырыс берiңiз.

Портал талап екен деректердi толтырып, қажеттi құжаттарды тiркеп, ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз.

Есiңiзде болсын:

Порталға жүктелетiн құжаттардың скан көшiрмелерiн алдын ала дайындап алуды ұмытпаңыз.

Бұл қызметтi жүзеге асыру үшiн порталға ЖШС басшысының ЭЦҚ-сымен кiру керек.

• ХҚО арқылы жүзеге асыру үшiн:

Ең алдымен ХҚО-ға кезектi онлайн брондаңыз. Бронды растау үшiн ХҚО-ға 20 минутқа ерте келiңiз.

ХҚО операторы арқылы заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш берiңiз.

Қажеттi құжаттар тiзiмi (портал үшiн де, ХҚО үшiн де)

меншiк иесiнiң немесе құрылтайшылар жиналысының мөрiмен бекiтiлген шешiмi;

ЖШС таратылатындығы туралы жарияланған хабарлама бар газет көшiрмесi;

ЖШС-ның мөрiн жойған ұйымның анықтамасы;

Акцияларды шығарудың күшiн жою туралы Ұлттық Банктiң хабарламасы (акционерлiк қоғамдар үшiн);

Филиал және өкiлдiктi есептен шығарған жағдайда филиал туралы өтiнiш және ереже;

Қызмет құны төленгенi жайлы түбiртек.

Қызмет құны:

Iрi бизнес субъектiлерi үшiн — 18382 тг;

Шағын және орта бизнес субъектiлерi үшiн — тегiн.

Қызмет көрсету уақыты портал арқылы да, ХҚО арқылы да 5 жұмыс күнiн құрайды.

Ескерту:

Бұл қызметке өтiнiш қалдыру ЖШС-ны тарату этаптарының ең соңғысы болып табылады.

ҚҚС бойынша тiркелмеген, белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асырмайтын, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi үшiн арнайы режимдi қолданбайтын, бұрын қайта ұйымдастырылмаған, салықтық тексеру жоспарына енгiзiлмеген ЖШС-лар жеңiлдетiлген тарату жолын пайдалана алады. Олар құжаттарды ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының бақылау үстелiнен өткiзумен шектеле алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің (өкілдіктерді) есептік тіркеуі (қайта тіркеу)

Еgov.kz арқылы:

Порталдың «Бизнесті тіркеу және оны дамыту» бөлімшесінен қажетті қызметті тауып, онлайн сұратыңыз;

Бірінші қадамда ұйым жайлы деректерді толтырып, компанияңыздың толық және қысқа атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазыңыз;

Ұйымның құқықтық формалары мен құрылтайшылары жайлы ақпараттарды да толық толтырыңыз;

Заңды мекенжайын, байланыстарын және экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын, жұмыспен қамтылған адамдардың санын көрсетіңіз.

Егер банк шотын онлайн ашқыңыз келсе, оны үшінші қадамда банк талап еткен құжаттарды тіркей отырып рәсімдеңсіз.

Келесі қадамда сақтандыру шартын онлайн жасауға болады.

Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

Егер банк шоты мен сақтандыру шартын өз бетіңізше жасауды жоспарласаңыз, 1-қадамнан соң, бет соңындағы тиісті тармақты белгілемеңіз.

Егер компания басшысы басқа адам болса, оның ЖСН нөмірі порталда көрсетілген соң, ол 1 сағат ішінде әрекетті растауы қажет.

Қызмет уақыты — 1 сағ. (Қайта тіркеу — 1 жұмыс күні). Нәтижесін жеке кабинетіңізден аласыз.

Тіркеуді ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін Сізге келесі құжаттар тізімі қажет:

жеке куәлік; заңды тұлғаны тіркеу туралы өтініш;

Қызмет құны

Ірі бизнес субъектілері үшін — 18382 тг;

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін тіркеу — тегін.

ЖШС-нің атауы, құрылтайшылар құрамы өзгерген жағдайда және жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда ХҚО арқылы құжаттарды қайта тіркеу қажет. Ол үшін келесі құжаттар тапсырылады:

өтініш (ХҚО-да беріледі) өзгеріс бойынша қаулы мерзімі 1 айдан аспаған БАҚ баспа басылымында жарғылық капиталдың өзгеруі туралы жарияланым (жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда) келісімшарт түпнұсқасы (құрылтайшылар өзгерген жағдайда).

Қызмет құны:

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 5656 тг; Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 18382 тг.

Қызмет нәтижесі 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасө қызметі

Жыл басынан берi ХҚО-ларда 270 мың ЭЦҚ берiлген

ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсiмдеушiлер саны қаңтар айында күрт өстi. Жыл басынан берi халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсiмдеген, бұл көрсеткiш желтоқсан айымен салыстырғанда 30% көп.

Бұл зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттiк қызметкерлердiң декларация тапсыру уақытының басталғанымен байланысты. Цифрлық қолтаңбаны рәсiмдеушiлер арасында Алматы, Түркiстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көп, көшбастап тұрған мегаполис — Алматыда 27 мың болса, қалған екеуiнде 23 мыңнан қолтаңба алынған. ЭЦҚ-ны ХҚО арқылы ең аз рәсiмдегендер саны Батыс-Қазақстан облысында — не бары 7 мың.

Мемлекеттiк корпорацияның төрағасы Әдiл Кожиховтың айтуынша, ЭЦҚ-ны онлайн түрде рәсiмдеуге болады, сондықтан пандемия уақытында халық көп жиналатын жерге барудың қажетi жоқ. «Бiз әр тұрғынның денсаулығына алаңдаймыз. Бүгiнде ЭЦҚ-ны үйде отырып-ақ, бiрнеше минуттың iшiнде рәсiмдеуге болады»,– дейдi Әдiл Кожихов.

Сондай-ақ Азаматтарға арналған үкiмет ЭЦҚ кiлттерiн уақытылы жаңартып отыруды ескертедi. Бiр жылға берiлетiн электронды қолтаңбаның мерзiмi аяқталуға таяған кезде, яғни 10 күн бұрын ЭЦҚ иесiне ескертпе-смс келедi. Азаматтар кiлттердiң жарамдылық мерзiмiн Ұлттық күәландырушы орталығының pki.gov.kz сайты арқылы тағы бiр жылға ұзарта алады. Бұл да ЭЦҚ алу үшiн ХҚО-ға барудың қажеттiлiгiн жояды.

Айта кетейiк, ЭЦҚ-ны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсiмдеу мүмкiндiгi 2020 жылғы сәуiр айынан берi бар. Ол үшiн камерасы бар ноутбук немесе компьютер, жеке куәлiк және мобильдi азаматтар базасында тiркеу болу қажет. Жүйе азаматтың жеке басының мәлiметтерi мен бет-әлпетiн сәйкестiргеннен кейiн жаңа ЭЦҚ-ны сақтап алуды ұсынады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ баспасөз қызметi

ЭЦҚ-ны ХҚО-ға бармай-ақ қашықтан қалай алуға болады?

Ол үшiн:

  • Қолданыстағы жеке куәлiктiң түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиiс;
  • SMS-хабарламаларды алу мүмкiндiгi бар телефон;
  • Компьютерiңiзде веб-камера болуы керек;
  • Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.

Порталдың басты бетiнде еgov.kz "ЭЦҚ қашықтықтан алу"батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексередi. Қалқымалы терезеде "Рұқсат ету" түймесiн басыңыз.

Мобильдi азаматтар базасында (МАБ) телефон нөмiрiңiздiң тiркелуiн тексеру үшiн ЖСН көрсетiңiз. Тексеру сәттi өткен жағдайда 1414 нөмiрiнен келген SMS-кодты (бiр реттiк құпиясөз) енгiзiңiз;

Назар аударыңыз! Егер сiз бұрын МАБ-та тiркелмеген болсаңыз немесе бiр реттiк парольдi алмаған болсаңыз, жүйе Сiздi және телефон нөмiрiңiздi тiркеудi/қайта тiркеудi ұсынады.

МАБ-та сәттi тiркелгеннен кейiн жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексередi;

"ЭЦҚ алуға өту" батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендiру бетi ашылады, онда МАБ-та тiркелген телефон нөмiрiн және SMS-кодты енгiзу қажет. Енгiзгеннен кейiн жеке басын растап, (Digital ID жасау),"Бастау" батырмасын басу қажет»;

Сiзге селфи суретiн қосу терезесi ашылады. Бет-әлпетiңiздi ортадағы шеңберге "орналастырып", фото белгiсiне басыңыз. Селфи қосқаннан кейiн бейне сәйкестендiрудi өту үшiн "Жалғастыру" түймесiн басыңыз;

Әрi қарай сiзге бейнесәйкестендiру терезесi ашылады, онда "Бастау" түймесiн басу керек. Бейнесәйкестендiру сәттi өткеннен кейiн аккаунтқа әрi қарай кiру үшiн PIN-кодты ойлап тауып, "PIN-кодты орнату" батырмасын басу қажет»;

Жеке куәлiктiң фотосуретiн жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңiз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кiрiңiз;

Электрондық мекенжайды өтiнiштiң электрондық нұсқасына қосыңыз және кiлттi сақтау орнын таңдаңыз, содан кейiн оның орналасқан жерiн көрсете отырып, өтiнiм жiберiңiз;

Бұдан әрi ЭЦҚ сақтау үшiн кiлттер қоймасына жолды көрсетiңiз (папканы таңдаңыз) және " Ашу " батырмасын басыңыз».

ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгiзiңiз және "сертификаттарды Жүктеу"батырмасын басыңыз.

«Азаматтарға арналған
үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша баспасөз қызметi

ЭЦҚ мерзімін ұзарту

Баршаңызға сәлем! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында ЭЦҚ мерзімін ұзарту жайында айтатын боламыз. Ең алдымен сіздің телефоныңызға ЭЦҚ мерзімінің аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді. Ақпаратты тексеру үшін Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кіріп, жеке кабинетіңізден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Одан әрі:

Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;

«Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;

ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз.

Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз.

Негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;

ЭЦҚ-ны сақтау үшін компьютерді таңдасаңыз, онда құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

Есіңізде болсын

Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болсаңыз SMS-хабарлама келмейді;

Құпиясөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс;

Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

Электронды цифрлық қолтаңбаны өзге адамдарға беруге болмайды. Егер берсеңіз, ол адам сіздің дүние-мүлкіңізге және барлық заңды әрекеттер жасау құқығыңызға ие болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Мүгедектігі бар азаматтардың санаторлық-курорттық емі

Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектiгi бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтiнiштi ХҚО-арқылы да рәсiмдеуге болатынын бiлесiз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз.

Ең алдымен ХҚО-ның жеңiлдiк терезесiне кезектi алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;

Бронды растау үшiн белгiленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;

ХҚО операторына келесi құжаттарды тапсырып, өтiнiш берiңiз:

Жеке куәлiк;

Егер заңды өкiлi жүгiнген болса, мүгедектiгi бар азаматтан сенiмхат (нотариалды растау қажет емес);

Мүгедек азамат жайлы қажеттi ақпараттарды ХҚО-операторы ақпараттық жүйеден бiрден енгiзедi. :point_up:Егер ақпараттық жүйеде мәлiмет толық болмаған жағдайда келесi мәлiметтердi қосымша талап етедi:

Мүгедектiгiне байланысты құжаттар;

Жеке оңалту бағдарламасы әзiрленген iс-шаралар туралы жазба көшiрмесi;

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күндi есепке алмағанда — 10 жұмыс күнi.

Есiңiзде болсын!

Мүгедек азаматқа санаторлық-курорттық емдеу медициналық ұйымның шешiмiмен тағайындалады.

Дендерiңiз сау болсын!

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi

«Алтын» алқа», «Күміс алқа» , «Батыр ана», «Ана даңқы» атағын алған аналарға жәрдемақы тағайындау

Егер сіз «Алтын» алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», «Ана даңқы» атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, сіз ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында аталмыш қызметке өтініш беру жолдарын айтатын боламыз.

ХҚО арқылы:

Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;

Брондырастауүшінбелгіленгенуақыттан 20 минутқаертебарыңыз;

ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:

Жеке куәлік;

Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;

Банктік есепшот жайлы анықтама;

SMS хат арқылы:

Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, "Алтын" немесе "Күміс" алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.

Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.

Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.

Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 6,4 АЕК (17 779,2 тг).

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 7 жұмыс күні.

Есіңізде болсын!

Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді. Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.

«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Қазақстандықтар жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын электронды түрде ала алады

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айынан бастап мұндай мүмкіндік тек астана мен Шымкент қаласының тұрғындарында болған. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, аталған мемлекеттік қызметті Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары egov.kz электрондық үкімет порталынан ала алатындай етті. Жаңа қызмет қазақстандықтарға ХҚО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүлік техпаспортын онлайн алуға мүмкіндік береді.

Электрондық техпаспортты электронды үкімет порталында алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электронды өтініш беру» қызметін таңдау қажет. Пәтерлердің, жатақхана бөлмелерінің, жеке гараждардың және саяжай құрылыстарының құқық иелері онлайн сұрау салғаннан кейін тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеуі қажет.

Құжатты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақханалардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі.

Пәтер, жатақхана бөлмесі, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына рәсімделетінэлектронды техпаспорт ХҚО-да қолтаңбамен расталып, мөр басылып берілетін құжаттағыдай бірдей деректерді қамтиды. Техпаспорттың электрондыбаламасы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тартылған қызметкерлердің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталатын болады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында 12 мыңнан астам қазақстандық жаңа техпаспортты электронды тәсілмен алған.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі

ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы қайта жанданды

Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен бұл аймақтардың жұмысы 30 қарашадан бастап қайта жанданды.

Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылды. Онда азаматтарға кеңес беру үшін мыңнан астам қызметкер тартылды. Келушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, карантин уақыты барысында электронды қызметтерді алу үшін қалалардағы сауда орындары, жоғары оқу орындары, қала әкімдігі сияқты азаматтар көп баратын жерлерде 700-ден астам egov бұрыштары іске қосылған болатын. Онда компьютері немесе интернет байланысы жоқ азаматтар қажетті анықтамалар мен қызметтерді рәсімдейтін. Аталған бұрыштар әлі де қызметін жалғастыратын болады.

Бұған дейін тегін алуға болатын электронды қызметтерді ақылы түрде ұсынатын мекемелердің жұмысына байланысты азаматтардың шағымы көбейген болатын. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы олардың жұмысына еш қатысы жоқтығын және анықтамаларды алу үшін бөгде азаматтарға жеке мәліметтерді ұсыну қауіпті екенін ескертеді.

Мемлекеттік корпорация қайта жанданған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өздігінен қызмет алушыларға бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету сервисін жетілдіруде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтерді көрсету саласына жаңашылдықтар енгізуде. Қызмет алушылардың ыңғайлылығы үшін мемлекеттік корпорация бизнес пен жеке тұлғаларға арналған бірнеше сервисті іске қосты.

Атап айтқанда, енді ХҚО менеджерінің заңды тұлғалардың кеңсесіне барып, мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл жаңашылдықты пайдалану үшін мемлекеттік корпорация мен заңды тұлға арасында белгілі бір келісімшарт жасалуы тиіс. ХҚО маманы заңды тұлғалардың керекті анықтамалары мен қызмет етуіне қажетті құжаттар мен өтініштерді рәсімдеуге көмектеседі. Осылайша ірі бизнес өкілдері, екінші деңгейлі банктер, құрылыс компаниялары сияқты мекемелер халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді ала алатын болады.

«Жеке менеджер – клиентке сапалы қызмет көрсетіп, тиімді ұсыныс жасайтын маман. Ол компанияның мемлекеттік қызметтерге кететін уақытын үнемдейді. Бұл ХҚО-дағы қызметкерлердің жүктемесін де азайтып, жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін ыңғайландырады. Біз әрдайым қызмет көрсету процесін жақсартуға тырысамыз», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Бүгінде мемлекеттік корпорация клиент қалауына бағдарланған іс-шараларды қарастырып жатыр. Осы ретте, жаңадан көлік сатып алған азаматтар ХҚО-ға бармай-ақ, көліктің техникалық паспорты мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін үйлеріне жеткізіп беру қызметін пайдалана алады. Ол үшін көлікті онлайн рәсімдегеннен кейін порталдағы «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен тиісті қызметті таңдау қажет. Қызмет ақысы төленгеннен кейін, автоХҚО курьері құжат пен тіркеу нөмірін бір күн ішінде жеткізіп береді.

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар дәл осылайша үйлеріне жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі сияқты құжаттарды жеткізуге тапсырыс бере алатын болады. Бүгінде ол үшін арнайы сервистерді іске қосу жұмысы пысықталып жатыр.

*Анықтама:

2020 жылғы 10 ай ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 14,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді. Халықтың ХҚО қызметі бойынша қанағаттану көрсеткіші 87,2 % (2019ж.).

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі

Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу

Тұрғын үйiңiздiң кондоминиум құқығын тiркеу қажет пе? Олай болса, бiздiң парақшамыздың #oqy&toqy айдарына зер салыңыз.

Egov.kz арқылы

Порталға кiрiңiз

Iздеу жолы арқылы «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу» қызметiн табыңыз

Қызметке онлайн тапсырыс берiңiз

Өтiнiш берушiнi таңдаңыз

Тұрғын үй туралы мәлiметтердi толық толтырып шығыңыз

Екiншi қадамда портал жер учаскесi туралы мәлiметтердi сұрайды, көрсетiңiз

Қызмет үшiн электронды шлюз арқылы төлем жасаңыз

Төртiншi қадамда өтiнiшке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет

Өтiнiш электронды түрде тапсырылғанда сiзге жер учаскесiне құқық белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаты мен жер учаскесiнiң актiсiнiң скан көшiрмелер қажет болады. Сондай-ақ қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, төлем түбiртегiнiң де скан көшiрмесiн жүктейсiз.

ХҚО арқылы

Алдымен кез келген ХҚО-ға кезектi алдын ала брондаңыз

Тiркеу бөлiмiне белгiленген уақыттан 20 минутқа ерте келiп, броныңызды растаңыз

Операторға қызмет ақысының төленгенi туралы түбiртектi көрсетiп, тұрғын үйдiң екi тұрғынынан өтiнiш қалдыру жеткiлiктi

Ескерту, өтiнiш берушiлердiң немесе олардың заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын және өкiлеттiлiгi туралы құжаттары мәлiметтердi сәйкестендiру үшiн ғана қажет. Сондай-ақ өтiнiш берушi тұрғындар меншiк иелiгi туралы ақпаратты да растаулары керек.

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күндi есепке алмағанда — 3 жұмыс күнi

Қызмет құны — 2404,98 теңге.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді Blockchain технологиясының көмегімен көрсете бастады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Blockchain технологиясын мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісіне алғашқы болып енгізді. Әзірше бұл технология жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты қолданыла бастады. Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кең таралған қызметтерге енгізілуі ықтимал.

Блоктардың техникалық реттелген тізбегі түріндегі Blockchain жүйесі жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігінен сақтап, ақпараттық қауіпсіздік пен сапалы қызметті қамтамасыз етеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, Blockchain технологиясы кепіл шартын тіркеу үрдісін барынша оңтайландыруға жол ашты. «Бұған дейін қызмет алушылар мүлік кепіл шартын тіркеу үшін бірнеше мекемені аралауға мәжбүр болатын. Мәселен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы анықтаманы алу үшін ХҚО-ға немесе egov.kz порталына жүгініп, сосын оны банкке апаратын. Енді банк қызметкері өтінім жасағанда қызмет алушының жылжымайтын мүлікке құқықтары және ауыртпалықтардың бар-жоғы туралы мәліметтер автоматты түрде тексеріледі. Енді адамдар емес, мәліметтер сіз үшін «жүгіретін» болды»,– дейді Балташева.

Blockchain технологиясын қолдану арқылы аталған қызметті көрсету мерзімі үш күннен бір күнге дейін қысқарып, банкке ұсынылатын құжаттар тізімі де азайды.

Енді қызмет алушы банктің ақпараттық жүйесінде мүлік шартымен танысып, өзінің ЭЦҚ-сы арқылы қол қояды, ал қызметтің нәтижесі – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама қызмет алушының egov.kz электрондық порталындағы жеке кабинетіне жолданады.

Blockchain технологиясын таңдау барысында желі қолданушыларының әрекеттерінің айқындығы, децентрализация және сенімді қорғаныс жүйесі есепке алынды.

Қазақстанда кепіл шартын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті осындай әдіспен көрсету үрдісі коммерциялық банктің бірімен жүзеге асуда.

«Азаматтарға арналған үкімет» басқа да екінші деңгейлі банктермен осы бағытта қызмет көрсету туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Себебі Blockchain технологиясы екіжақты келісім жасасу кезінде үшінші тұлғаларды кірістірмей, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін несиені онлайн ресімдеу және несие беру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту

Қайырлы күн оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт:

Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз

Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз

Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз

Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:

Еркін түрде жазылған өмірбаян

Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті

Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі

Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:

Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат

Өтініш беріледі

Мәртебе мерзімі:

Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.

Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:

Мәртебені алу – 15 жұмыс күні

Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні

Ескерту!

Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы соңғы ай ішінде азаматтарға қоңырау шалып, өзін ХҚО қызметкерімін деп таныстырып, қарызын төлеуді немесе тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп кеткенін ескертеді.

Келеңсіз жайттарды болдырмау үшін мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды. «Азаматтарға арналған үкімет» пен қызмет алушылар арасындағы кез келген байланыс 1414 нөмірінен жолданатын SMS хабарлама түрінде ғана болуы мүмкін, азаматтарға брондау, құжаттар мерзімінің аяқталуы, құжаттың дайын болғаны немесе композит қызметтеріне қатысты хабарламалар жолданады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға мұқият болып, жеке деректерді үшінші тұлғаларға таратпауға кеңес береді. Аталған мәселе бойынша алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер құқық қорғау органдарына хабарласа алады.

ХҚО-лар қазақстандықтарды өз жұмысын бағалауды сұрайды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы QR кодын пайдалана отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының сапасын бағалау жүйесін іске қосты. Келушілероның көмегімен қызмет көрсету процесі, мәдениеті және бөлімнің инфрақұрылымы сияқты жайттар бойынша өзпікірлерін қалдыра алады. Бүгінде 500-ден астам азамат бұл тәсілді қолданып, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыс сапасын бағалап үлгерді.

Еліміздегі 339 бөлімнің әрқайсысында келушілер QR коды орнатылған стендтерді таба алады. QR кодты оқып-танитын қосымшаны пайдалану арқылы клиенттер смартфондағы сауалнама парағына бірден өтеді. Азаматтар онда оператордың жұмысына көңілі толғанын, қызметтіалу ыңғайлы болған/болмағанын, қажет ақпаратты ала алғанын айтып бере алады. Сонымен қатар қызмет алушылар өздерінің тілек-пікірлерін фронт-офис фотосуретін немесе бейнесін жүктеу арқылы да білдіре алады.

Аталған кері байланыс келушілердің мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы пікірін білу және олардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін қажет. Сондай-ақ сауалнама нәтижелері бөлімдердегі кемшіліктерді анықтауға және оларды жедел жоюға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, сауалнама сұрақтарына мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz ресми интернет-ресурсындағы «Кері байланыс» бөліміне өту арқылы да жауап беруге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Баспасөз релизі
2020 ж. 09.11. Петропавл қ.

Солтүстік Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін өзгертті

Солтүстік Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін өзгертті. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің.2020 жылғы 05 қарашадағы № 34 қаулысына сәйкес дүсенбіден жұмаға дейін ХҚО-лар азаматтарды сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайтын болады. Сенбі мен жексенбі демалыс күндері

«Енді Солтүстік Қазақстан облысының барлық ХҚО-лары сағат 09-дан 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ Петропавл қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына назар аударғым келеді. Естеріңізге сала кетейін, облыс орталығының ХҚО-лары ашылғаннан бері жаңа форматта жұмыс істеп келеді. Тек «қағаз» қызметтері ұсынылады, азаматтар электрондық қызметтерді өздері немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алады. Сонымен бірге, қалалық бөлімдерде сіз қызметтерді кезекке алдын-ала тапсырыс бергеннен кейін ала аласыз. Жаңа кестені ескере отырып, Петропавл қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызметтерді алу үшін сағат 17.30-ға дейін кезекті брондау қажет. Кейін брондау жарамсыз деп танылады», - деді Еркін Жұмабай, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры.

Кезекке бірнеше тәсілмен тапсырыс беруге болады: egov.kz электрондық үкімет порталындағы арнайы қызмет арқылы, 1414 нөмірі немесе Telegram bot EgovKzBot2.0 және eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы. Бұған қоса, кезекке қайта тапсырыс беру мүмкіндігі бар.

Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында ХҚКО-ларда міндетті түрде медициналық маскаларда болу қажет. Сондай-ақәлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Жылжымайтын мүлік мекенжайын нақтылау үшін қазақстандықтарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың шешімімен жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, өзгерістерді тіркеу құқық иесіне жүктелмейтінін еске салады. Мұндай өзгерістерге, атап айтқанда, елдімекендердің атаулары, көше атаулары, сондай-ақ ғимараттардың және басқа құрылыс нысандарының (мекен-жайлардың) реттік нөмірінің өзгеруі немесе ҚР әкімшілік-аумақтық құрылым реформасына байланысты кадастрлық нөмірлердің ауысуы жатады.

Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы бойынша мемлекеттік органдардың шешімімен енген өзгерістерді мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпарат жүйелерін өзара ықпалдастыру аясында жүзеге асады.

Енді жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы өзгерген жағдайда, тіркелген құқықтар мен жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттамалары туралы анықтамада мекенжайдың тарихи деректері қоса көрсетіледі (жаңа мекенжаймен бірге ескі мекенжай атауы да жазылады). Мысалы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел д-лы, 10 (бұдан бұрын Астана қ., Орынбор к-сі, 10).

Сонымен қатар құқық белгілеуші құжаттарда алдыңғы мәліметтер сақталады, бұл ретте жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау қажет емес.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

#Біз жылу сыйлаймыз: Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде

Бүгін елордадағы Есіл ауданының №1 ХҚО бөлімініңкелушілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева қызмет көрсетті. Дәстүрлі қызметтен бөлек, ол дүниеге енді келген егіздерінің құжатын алған ата-ананы, 38 жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан оқытушыны және 16-ға толып, алғашқы жеке куәліктерін алғанағалы-қарындас Рауан мен Аружанды салтанатты түрде құттықтады. Құжаттардан бөлек, мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы естелік сыйлықтар да табыстады.

Естеріңізге салайық, бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлердің корпоративті құндылықтарын қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, ХҚО қызметкерлері баласының туу туралы куәлігін, жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін алғаш алған, зейнетке шығып жатқан келушілерді өміріндегі ұмытылмассәттерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіреді.

Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді дәстүрлі түрде көрсету шеңберінен шығуға ұмтылып, келушілерге жылу мен мейірімділік сыйлауға дайын. «Әлем өзгерді, онымен бірге біз де өзгеруіміз керек. Қызмет алушыларды жігерлендіріп, қуанышын бөлісіп, әркез қолдауымыз қажет. Маркетологтар мұны тұтынушының қалауын табу дер, ал біз оны шынайы ықылас таныту деп атар едік», – дейді Балташева.

Төрайым қолынан құжат алғандар да өз пікірін айтуды жөн көрді. «Мемлекеттік корпорация төрайымының қыздарымыздың алғашқы құжаттарынтабыстағанына өте қуаныштымыз. Қолы жеңіл болып,олардың да жолы ашық әрі жарқын болады деп сенеміз», – деді Данелия мен Адалин есімді егіздердің әкесі Ренат Шаймарданов.

Білім беру саласында 38 жыл еңбектенген Салтанат Артықова зейнеткерлікке байланысты құжаттарын реттеуге келген. Ол мемлекеттік қызмет көрсету саласында мұндайды бірінші рет кездестіргенін жасырмады: «Құрметті демалысқа шығуыммен құттықтап жатқандарыңызға көп рахмет, өте жағымды әсер алдым. Елімізде өз азаматтарына осындай ілтипат көрсететін ұйымдардың бары қуантады».

ХҚО-да қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасы биылғы қыркүйекте басталды. #Бізжылусыйлаймыз жобасы аясында еліміз бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық қызмет алды. Бұл деректің тек ұлғая түсері анық, себебі мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымынан кейін, осы аптадан бастап, ХҚО-да Азаматтарға арналған үкіметтің төрайым орынбасарларынан, басқарушы директорларына дейін барлық топ-менеджмент азаматтарға қызмет көрсетеді. Өңірлерде – филиал директорлары және орынбасарлары. Олардың барлығы келушілердің өміріндегі ең маңызды сәттерінің куәсі болып, жылы лебіздерін білдіретін болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Тұрғылықты жерi бойынша тiркеуден шығару

Өз баспанаңыздың тiркеу есебiнен, баспана қожайыны ретiнде, кез-келген адамды тiркеуден шығара алатыныңызды бiлесiз бе? Бүгiн бiз парақшамыздың #oqy&toqy айдарында оның екi жолын көрсететiн боламыз.

Бiрiншiсi Egov.kz порталы арқылы:

Порталға кiрiңiз;

Iздеу жолы арқылы «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару» қызметiн табыңыз;

Қызметтi онлайн сұратыңыз;

Портал сұратқан мекенжай туралы мәлiметтердi толтырыңыз;

Портал тiркелген азаматтар тiзiмiн шығарады. Қажеттi азаматты "алып тастау" батырмасын басу арқылы көрсетiңiз;

ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз;

Тұрғын үйдiң ортақ иелерi болса, олар өз тарапынан жеке кабинетiнде келiсiмiн беруi қажет;

Қызмет нәтижесiн жеке кабинетiңiзден бiлесiз.

Ескерту, өтiнiш берушi мобильдi азаматтар базасында тiркелген болуы қажет.

Екiншiсi ХҚО арқылы:

ХҚО-ға кезектi алдын ала брондаңыз;

Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;

Операторға есептен шығаратын азаматтардың ЖСН нөмiрiн беру ақылы қызметке өтiнiш берiңiз;

Қызмет нәтижесi 5 минутта дайын болады.

Ескерту, ХҚО арқылы рәсiмдеген кезде тiркеуден шығаратын азаматтардың ЖСН нөмiрiн алдын ала бiлгенiңiз абзал. Бiлмесеңiз, бұны Egov.kz порталы арқылы жеке кабинетiңiзден тiркелгендер тiзiмiн тексеру арқылы бiлуге болады.

Iске сәт. Қызметтердi үйде отырып, онлайн рәсiмдеңiз!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Биыл 1411 байланыс орталығы миллионға жуық әлеуметтiк кеңес бердi

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк-еңбек саласы бойынша 1411 бiрыңғай байланыс орталығы биылғы 9 ай iшiнде азаматтарға 912 мыңнан астам консультациялық қызмет көрсеттi.

Бұл орайда ең көп қойылған сауалдар 42 500 теңге әлеуметтiк төлемiне (400 мыңнан астам), зейнетақы және әлеуметтiк қамсыздандыруға (356 мыңнан астам), сондай-ақ әлеуметтiк мекенжай көмегiне (50 мыңнан астам) қатысты болған.

Қазақстанда әлеуметтiк қызметкерлердiң кәсiби мерекесi қазан айының соңғы жексенбiсiне белгiленген. Бұл күн 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президентiнiң жарлығына сәйкес бекiтiлдi. Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында жұмыс iстеп жатқан 22 мыңнан астам адамның 2 мыңнан астамы — әлеуметтiк блоктың қызметкерлерi.

«Корпорацияның әлеуметтiк саладағы рөлi тек қана 1411 байланыс орталығымен шектелмейдi. Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру саласында төлемдердiң 44 санаты бойынша 15 мемлекеттiк қызмет көрсетедi. Соның iшiнде декреттiк төлемдер, бала туу мен бiр жасқа дейiнгi күтiмi бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдер бар», — дедi мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Бiржан Жүнiсов.

Айта кету керек, биылғы 9 ай iшiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» әлеуметтiк блогының мамандары 20,3 млн төлем жасаған. Кең тараған қызметтерге тоқталсақ, баланың тууы мен бiр жасқа дейiнгi күтiмiне қатысты жәрдемақы — 315 397, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне орай табысынан айрылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтiк төлем — 206 082, жүктiлiкке және босануға байланысты әлеуметтiк төлем — 154 499.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметi

Мүгедектерге кресло-арбалар беру

Мүмкiндiгi шектеулi азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал бiз бүгiнгi #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететiн боламыз.

ХҚО арқылы:

ХҚО-ға кезектi алдын-ала брондаңыз;

Тiркеу бөлiмiне белгiленген уақыттан 20 минутқа ерте келiп, броныңызды растап, жеңiлдiк терезесiне талон алыңыз;

Операторға қажеттi құжаттарды ұсыну арқылы қызметтi 15 минутта рәсiмдеңiз.

Мобильдi топты шақырту арқылы:

«1414» бiрыңғай байланыс орталығына мобильдi топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сiзбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн iшiнде сiздiң мекенжайыңызға келiп, құжаттарды рәсiмдейдi.

Сiзге қажеттi құжаттар:

Жеке басыңыздың куәлiгi;

Егер сенiмдi өкiлiңiз келген болса, оның сенiмхаты (нотариалды растау қажет емес);

Медициналық оңалту бағдарламасы жөнiнде анықтама;

Мүгедектiгi жайлы куәлiк;

Егер ҰОС ардагерi немесе соған теңестiрiлген азамат болса, ол туралы куәлiк;

Егер әрекетке қабiлетсiз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкiлi құжат тапсыра алады.

Қызмет көрсету уақыты:

Құжат тапсырған күндi есепке алмағанда, 10 жұмыс күнi iшiнде.

Қызмет нәтижесi:

Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берiлуi жайлы шешiмдi ХҚО-дан аласыз.

Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтiк қорғау басқармасынан берiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi және Kaspi.kz ЖК тiркеу бойынша жаңа сервис iске қосылды.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi (ЦДИАӨМ) және Kaspi.kz қазақстандықтарға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi онлайн түрiнде тез және оңай алуға көмектесетiн жаңа сервистер бiрлесiп әзiрленуде.

Осындай алғашқы жоба Kaspi.kz мобильдi қосымшада ЖК тiркеу сервисi болып табылады. Сервис құжаттарды қашықтықтан тексеруге, кәсiпкердi сәйкестендiруге, тiркеудi растауға арналған бiрқатар заманауи техникалық шешiмдердi қамтиды.

Жоба аясында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi, Kaspi.kz, Мемлекеттiк кiрiстер комитетi және «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры ақпараттық жүйелерiн интеграциялау жүргiзiлдi.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Бағдат Мусин:

«Бизнес арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету идеясы Министрлiк командасына тиесiлi. Одан кейiн «ҰАТ» АҚ мен Kaspi.kz-тiң үйлесiмдi атқарылған жұмысы. Мемлекеттiк қызметтердi неғұрлым танымал сервистерде ұсынуы ел үшiн тарихи сәт деп есептеуге болады. Бiз бизнеспен белсендi түрде бiрге қызмет етемiз, өйткенi халықтың қызмет алуда таңдауы болуы тиiс. Бұл өзара iс-қимыл моральдық тұрғыдан ескiрген Egov-қа жүктеменi айтарлықтай азайтады және мемлекеттiк қызметтердi ұсыну жөнiндегi жаңа мүмкiндiктер жасайды. Ендi қазақстандықтар мемлекеттiк қызметтердi өздерiне ыңғайлы жолдармен ала алады».

Kaspi.kz басшысы және негiзiн қалаушылардың бiрi Михаил Ломтадзе жаңа бiрегей сервистiң iске қосылуына қатысты пiкiр бiлдiрдi:

«Бiз үнемi елдегi ең танымал Kaspi.kz үздiк қосымшаға инновациялық сервистердi қосамыз. Бүгiн бiз кәсiпкерлер үшiн ЖК-ны тiкелей бiздiң қосымшамызда онлайн түрде тiркеу мүмкiндiгiн iске қосамыз. Бұл Kaspi.kz және мемлекеттiң сәттi ынтымақтастықтың тағы бiр мысалы. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiнiң командасы бiздiң командамен бiрге сервистi қысқа мерзiмде iске асырды. Осы бiрегей қызметтi әзiрлеуге және iске қосуға қатысқандардың барлығына рахметiм шексiз».

ЖК тiркеу үшiн ендi осы қызметтi Kaspi.kz қосымшадан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегiмен қол қою жеткiлiктi.

Жылжымайтын мүлiктi қалай тiркеймiз?

Баспаналы болдыңыз ба? Ал оны қалай заңдастырасыз? Естерiңiзде болса жылжымайтын мүлiкке мемлекеттiк тiркеудi бұрын тек нотариустар арқылы ғана жасап жататынбыз. Қазiр бұл қызметтi ХҚО арқылы да рәсiмдеуге болады. Сондықтан бiз бүгiнгi #oqy&toqy айдарымызда жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қызметiн алудың жолын үйрететiн боламыз.

  • Ең алдымен ХҚО-ға кезектi брондаңыз;
  • Брон уақытына сәйкес ХҚО тiркеу бөлiмiне барып талон алыңыз;
  • Күту залындағы электронды таблодан кезегiңiздi бақылаңыз;
  • Реттеу залына өтiп қажеттi операторға құжаттарыңызды ұсыныңыз.

ХҚО-ға келесi құжаттарды ала баруыңыз керек:

  • Жылжымайтын мүлiктiң меншiк құжаттары;
  • Жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспорты;
  • Жер телiмi болса, оның сәйкестендiру нөмiрi;
  • Жылжымайтын мүлiкке құқылы азаматтардың нотариалды заңдастырылған келiсiмi;
  • Некеде болсаңыз, жұбайңыздың нотариалды тiркелген келiсiмi, некеде болмасаңыз — некеге тұрмағандығы жайлы нотариалдық құжат;
  • Егер сатушы кәмелет жасына толмаған iске қабiлетсiз азамат болса, онда қамқоршы органның жазбаша келiсiмi;
  • Келiсiм-шартты жасау үшiн төленген қаражаттың төлем түбiртегi.

Мемлекеттiк БАЖ салығы 1073 теңгенi құрайды.

Қызмет 1 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.

Баспана құтты болсын! Iске сәт!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Қазақстандықтар тұрғылықты жер бойынша онлайн жиi тiркеле бастады

Жыл басынан берi 1,2 миллионнан астам қазақстандық тұрғылықты жерi бойынша электронды үкiмет порталы арқылы тiркеуге тұрды, бұл ретте 699 мың қызмет алушы ХҚО-ға барып тiркелудi жөн көрген. Осылайша, 2020 жылы egov.kz порталындағы «Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жер бойынша тiркеу» қызметiне сұраныс екi есеге жуық өскенi байқалады.

Өткен жылдың сәйкес мерзiмi iшiнде көрсеткiш түбегейлi басқа болған. ХҚО арқылы 2,1 миллионнан астам қызмет алынса, 726 мың тiркеу электрондық үкiмет порталында жүзеге асқан.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, электронды қызметтерге деген сұраныстың күрт өсуi COVID-19 пандемиясы мен төтенше жағдай кезiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылуына байланысты. «Пандемия электронды қызметтердiң дамуына үлкен серпiн бердi. Егер бұрын үлкенi де, кiшiсi де қарапайым анықтамалар үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына баруды жөн көретiн болса, карантин жағдайында денсаулықтарына алаңдаған азаматтар мемлекеттiк қызметтердi өз бетiнше онлайн түрде ала бастады. Күн сайын мыңдаған адам қызмет алуға келетiн мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерi ретiнде бұл бiздi өте қуантып отыр. Азаматтарға бұдан да күрделi қызметтердi ұсыну мүмкiндiгi жасалуда», — дедi Балташева.

Egov.kz электронды үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу үшiн өтiнiш берушiнiң және жылжымайтын мүлiк иесiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Тiркелушi азамат өтiнiш жасап, мүлiк иесi оны растауы қажет. Тұрғындарды тiркеу қызметiн «Азаматтық, миграция және иммиграция» — «Халықты тiркеу және тiркеу есебiнен шығару» бөлiмiнен табуға болады.

Еске салайық, 2019 жылдың маусым айынан бастап азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша тiркеу қызметiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметкерлерi жүзеге асырады бастады. Бұл халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесiне сәйкес тiркеу қызметтерiн ұсынуға мүмкiндiк бердi, яғни таңғы 9.00-ден кешкi 20.00-ге дейiн түскi үзiлiссiз, сондай-ақ көшi-қон полициясының деректер базасына тiркеу мүмкiндiгi бар қызметкерлердiң санын көбейтiп, осы қызмет түрiне кезектi азайтты.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi

Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Егер үйіңіз тұрған көшенің атауы не нөмірі ауысқан болса, көп жағдайда жылжымайтын мүліктің мекенжайын айқындайтын анықтама сұратылып жатады. Оны egov.kz арқылы қалай алуға болады, Oqyp&Toqyp алыңыз!

Ол үшін порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз

Іздеу жолағынан немесе Жылжымайтын мүлік бөліміндегі Сатып алу, сату тарауынан «ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы алу» қызметін табыңыз

Қызметке онлайн сұрау жасаңыз

Әрі қарай жылжымайтын мүліктің ағымдағы мекенжайы бойынша мәліметтерді толтырыңыз

Жылжымайтын мүлік түрін таңдаңыз

Бұдан кейін сізге мекенжайды нақтылау не болмаса мұрағаттағы мекенжайын көрсете отырып, анықтаманы алу ұсынылады

Сұратқан анықтама онлайн түрде 15 минут ішінде дайын болуы тиіс!

Онлайн болу оңай!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Пандемияға қарамастан, автоХҚО қызметіне деген сұраныс саябырламай тұр

Елімізде жыл басынан бері автоХҚО-да 1,7 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ресми мәліметіне сәйкес биылғы жеті ай ішінде Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру және ауыстыру бойынша 400 мыңнан астам қызмет, ал көлікті тіркеу бойынша 1,3 миллион мемлекеттік қызмет ұсынылған.

Бұл орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, былтырғы жылға қарағанда биыл egov.kz арқылы алынған онлайн қызметтердің саны артқан. «Бұл үрдіс азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізгені анық. Мәселен, биыл электрондық портал арқылы 145 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін ауыстырса, 90 мыңға жуық кісі көліктерін онлайн түрде қайта тіркеген», - деді ол.

Бүкіләлемдік пандемия салдарынан жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік шектеулерге, соның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты қысқарғанына қарамастан, қазақстандықтардың автокөлікке қатысты қызметтерге деген сұранысы өте жоғары. Айта кетсек, биыл жүргізуші куәлігіне қатысты қызметтердің саны былтырғы жылға қарағанда 70 мыңға өскен, ал көлікті қайта тіркеу бойынша қызмет небары 150 мыңға қысқарды.

Бұл тұрғыда еске салайық, елдегі карантиндік жағдайға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін алдын-ала брондау арқылы кезекке тұру қажет. «ХҚО-ға кезекті брондау қызметі тегін және ресми түрде egov.kz порталы, телеграм және 1414 байланыс орталығы арқылы ұсынылады. Бұл орайда алаяқтарға алданбауларыңызды сұраймыз», - деп ескертті Әсемгүл Балташева.

Қазіргі таңда аймақтардағы бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі біртіндеп ұзартылып жатыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Аты-жөнiн өзгерту туралы куәлiктi қайта алу

Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру

Құрметтi оқырман, парақшамыздың бүгiнгi #oqy&toqy айдарында аты-жөнiн өзгерткен кезде берiлетiн анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз. Ол үшiн:

Egov.kz порталына кiрiңiз;

Iздеу жолы арқылы «Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру» қызметiн табыңыз;

Қызметтi онлайн сұратыңыз;

Аты-жөнiңiз, тегiңiз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;

Аты-жөнiңiздегi өзгерiстер жайлы жазбалар тiркелген АХАТ бөлiмi және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректердi порталға енгiзiңiз;

Екiншi қадамда қызмет үшiн мемлекеттiк БАЖ салығын төлеңiз;

Үшiншi қадамда төлем мәртебесi жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;

Төртiншi қадамда ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз;

Қызметтiң нәтижесiн жеке кабинетiңiздегi қызметтер тарихынан көре аласыз.

Қызмет құны 1 айлық есептiк көрсеткiш.

Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтiзбелiк күнге дейiн созылуы мүмкiн.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Жыл басынан бері 2 мыңға жуық солтүстікқазақстандық зейнетке шықты

Биылғы жылдың 7 айында 1963 солтүстікқазақстандық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Айта кетейік, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 1901 азамат зейнетке шыққан.

Естеріңізге салсақ, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнет жасы толғанға дейін 10 күн бұрын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы беру керек. ХҚО-ға бару үшін алдымен egov.kz порталы немесе eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы кезек уақытын брондау қажет.

Сондай-ақ коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында мемлекеттік корпорация eGov.kz порталына электронды өтінішті жіберу арқылы қашықтан зейнетақы тағайындау мүмкіндігін қарастырды.

Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба немесе біржолғы жасырынсөз арқылы egov.kz порталына кіру керек. Содан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Содан кейін жеке ақпарат, оның ішінде электронды пошта мекенжайы, телефон нөмірі, қызмет атауы және т.б. мәліметтер толтырылуы тиіс.

Сондай-ақ құжаттардың сканерленген немесе фото көшірмелерін (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz веб-сайтындағы «Мемлекеттік қызметтер стандарттары» бөлімінен білуге ​​болады), соның ішінде қызмет алушының жеке қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті де жүктеу қажет. Жолданатын тарап бағанында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аймақтық филиалын таңдау керек.

Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қойылуы тиіс.

Сұрақтар туындаған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысады.

Мемлекеттік қызмет нәтижесі қызмет алушының жеке кабинетінде көрсетіледі.

Айта кету керек, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер мен базалық зейнетақы төлемдеріне өтініш композит аясында бір өтініш арқылы ұсынылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Тұрғын үй көмегін тағайындау

Құрметті оқырман, бүгінгі #oqy&toqy айдарын «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметіне арнамақпыз.

Egov.kz порталына кіріңіз;

Іздеу жолы арқылы «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін табыңыз;

Қызметті онлайн сұратыңыз;

Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз;

Есеп-шотыңыз жайлы мәліметтерді растаңыз;

Екінші қадамға өтіп, ЭЦҚ арқылы өтінішті растаңыз;

Үшінші қадамда отбасыңыздың мүшелері туралы мәліметтерді толықтай толтырыңыз;

Отбасыңыздың табысын растайтын құжаттардың, үйдің шығындарына қатысты есеп-шоттар мен түбіртектердің скан көшірмесін қоса жүктеңіз;

Сұранымды растаңыз;

Тұрғын үй көмегі тұрмыс деңгейі төмен, аз қамтылған отбасыларға, мемлекет тарапынан қолдауға мұқтаж жандарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға беріледі.

Тұрғын үй көмегі - жекешелендірілген немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындар, коммуналдық қызметтер және байланыс шығындары, әкімдік жеке тұрғын үй қорынан алынған үйдің жалдау төлемдері және электр энергиясының бір фазалық есептеуішінің құны.

Онлайн қызметті Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Орал, Өскемен, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары пайдалана алады.

Қызметтің дайын болуын 8 жұмыс ішінде жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз. Іске сәт!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

100 мыңнан астам қазақстандық ХҚО-ның жеңілдік терезесі арқылы мемлекеттік қызмет алды

Карантин шектеулері аясында жұмысын қайта бастаған ХҚО-лардағы жеңілдік терезесі арқылы 101,8 мың қазақстандыққа қызмет көрсетілді.

Мамыр айының ортасынан бастап вирустың таралу қаупі мен қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылыққа байланысты еліміздегі ХҚО-лардың жұмыс тәртібі өзгерген болатын. Енді ХҚО-да онлайн түрде қолжетімсіз «қағаз» жүзіндегі қызметтер ғана ұсынылады. Алайда азаматтардың үш санаты, атап айтқанда, зейнеткерлер, көп балалы отбасылар мен мүгедектер бұрынғыдай ХҚО-да электронды қызметтерді ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезелері ұйымдастырылған. Олар «қағаз» қызметтерді де, түрлі анықтамалар мен мемлекеттік қызметтерді де сонда ала алады. Жеңілдік терезесіне міндетті түрде онлайн түрде кезек уақытын алдын ала брондау қажет.

Жеңілдік терезелері арқылы қызметтердің көп бөлігі мегаполистердегі ХҚО, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан (9941), Алматы (9719) және Шымкент (7753) қалаларында ұсынылды. Тізімнің ең соңында Маңғыстау облысы, онда 1862 азамат жеңілдік терезесінің қызметіне жүгінген.

Азаматтарға арналған үкіметтің басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, жеңілдік терезелері аталған санаттардағы азаматтарға қызметтерді жылдам әрі сапалы алуға көмектеседі. «Біз осы үш санатқа кіретін қазақстандықтар үшін электронды қызметтерді өздігінен алу оңай емес екенін түсінеміз, сондықтан олар үшін электронды қызметтерді де ХҚО-дан алу мүмкіндігін жасадық» – деді ол.

Айта кетейік, төтенше жағдай режимі тоқтатылып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа форматта жұмыс істей бастағаннан бері қазақстандықтарға 2 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Азаматтар egov.kz порталы, телеграмдағы egovkzbot2.0 немесе 1414 байланыс орталығы арқылы кезек уақытын алдын ала брондауы тиіс. Бүгінде брондау сервисінің қызметі жетілдірілген, енді азаматтар брондау барысында бос уақыт аралығын көре алады және уақытын қайта рәсімдей алады.

Бүгінгі таңда egov.kz порталында барлық мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы қолжетімді. Компьютері жоқ азаматтар әкімдіктерде, жұмыспен қамту орталықтарында, білім беру, медицина ұйымдарында және т.б. жерлерде ұйымдастырылған egov бұрыштарының қызметін пайдалана алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу

Егер сіз жұмыссыз қалған болсаңыз, ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз жөн. Ал біз сізге тіркелудің оңай да онлайн жолын бүгінгі #oqy&toqy айдарында айтып береміз.

  • Egov.kz порталына кіріңіз;
  • Іздеу жолы арқылы «Жұмыссыз ретінде тұлғаларды тіркеу» қызметін табыңыз;
  • Қызметті онлайн сұратыңыз;
  • Өзіңіз жайлы мәліметтерді толықтай толтырыңыз;
  • Қажетті бөлімді таңдап, мекенжайыңызды растаңыз;
  • Екінші қадамда жұмыссыз қалғаныңыз, біліміңіз және жұмыс өтіліңіз туралы деректерді толтырыңыз;
  • Үшінші қадамға өтіп, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
  • Өтініш статусын жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан бақылап отырыңыз.

Егер сізде «Оралман» мәртебесі болса, сіз жұмыссыз ретінде тек құзырлы органға келесі құжаттарды тапсыру арқылы тіркеле аласыз.

Өтініш;

Жеке басыңызды куәландыратын құжат;

Егер еңбек қызметіңізді растайтын құжат бар болса.

Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің болуы немесе кәсіптік дайындығы туралы құжаттар бар болса өзіңізбен ала баруды ұмытпаңыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу

Бүгін #oqy&toqy айдарында білім беру ұйымдарының ресми құжаттарын апостильден өткізудің қысқа да нұсқа жолын көрсетпекпіз.

Egov.kz порталына кіріңіз:

Іздеу жолы арқылы «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» қызметін табыңыз.

Қызметті онлайн сұратыңыз.

Өтініш беруші мен апостильденетін құжат туралы мәліметтерді толтырып шығыңыз.

«Файлды таңдау» арқылы құжаттың электронды көшірмесін порталға жүктеңіз.

Екінші қадамға өтіп, өтінішті ЭЦҚ арқылы растаңыз.

«Электрондық үкімет» төлем шлюзінің бетіндегі «Төлем» батырмасын басу арқылы төлем жасаңыз.

Жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан қызметті өңдеу уақытымен танысыңыз.

Құжатқа апостиль қойғызуға, өзіңіз өтініште көрсеткен ХҚО-ға барасыз.

ХҚО-ға өзіңізбен бірге өтінішті, апостиль қойылатын құжатты, жеке куәлігіңізді, төлем туралы түбіртекті ала барыңыз.

Айтпақшы, ХҚО-ға бару үшін кезекті алдын ала брондауды ұмытпаңыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру

Бүгін #oqy&toqy айдарында кәмелет жасына толмаған балалардың мүлкіне иелік етуге арналған анықтаманы алу жолдары жайлы айтпақпыз. Бұл қызметті онлайн алу үшін қолыңызда балалардың құжаттары, некеге және мұраға қатысты құжаттардың сканерленген көшірмесі және ЭЦҚ болса жеткілікті.

Egov.kz порталына кіріңіз:

  1. Аталмыш қызмет атауын іздеу жолағына жазыңыз;
  2. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
  3. Өтініш беруші мен өтініш туралы ақпаратты толтырып шығыңыз;
  4. Кәмелет жасына толмаған балалар туралы ақпаратты толтырыңыз;
  5. Мұраға құқық туралы куәліктегі ақпаратты енгізіңіз;
  6. «Сұранымды жіберу» батырмасын басып, келесі қадамға өтіңіз;
  7. Өтінімге қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеңіз;
  8. ЭЦҚ арқылы растап, қол қоюды ұмытпаңыз.

Дайын анықтаманы 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

«Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Балабақшаға кезек нөмірін қарау

Бүгінгі #oqy&toqy айдарын қазіргі кезде сұраныстағы қызмет түріне арнамақпыз. Маусым айынан бастап, балабақшаға жасы жеткен бүлдіршіндерге жолдама беріліп жатқаны мәлім. Нәтижесінде біраз баланың кезектегі саны алға жылжып келеді. Ондай болса, бүгін балабақша кезегін онлайн қарап үйренейік.

Egov.kz порталына кіріңіз

Іздеу жолағына «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» деп енгізіп, қызметті тауып алыңыз.

Нұр-Сұлтан мен Қостанайдан басқа аймақтар үшін;

Қызметті онлайн сұратыңыз;

Баланың ЖСН нөмірі мен аумақты толтырыңыз;

Кезек нөмірі осы беттің төменгі тұсында бірден шығады;

Нұр-Сұлтан мен Қостанай үшін:

Порталдағы аталмыш қызметке тапсырыс беру бетінің төменгі жағында сілтемелер тізімі берілген;

Қажетті қаланы таңдап, сілтеме арқылы Indigo сайтына өтіңіз;

Одан қажетті қызметті тауып, баланың немесе өтініш берушінің ЖСН-ін жазу арқылы қызметке тапсырыс беріңіз;

Небәрі 10 секунд ішінде сайт кезектегі нөміріңізді шығарады;

Іске сәт, өтінеміз, үйіңізде қалыңыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Қазақстанда бір жылда 117 мыңға жуық заңды тұлғалар тіркелген

1 шілдеде заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу функциялары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен «Азаматтарға арналған үкіметке» берілгеніне тура бір жыл толады. Осы уақыт ішінде Мемлекеттік корпорация 116 997 заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеді. Барлығы Азаматтарға арналған үкіметке 7 ұйымдық-құқықтық нысан берілген.

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу Әділет министрлігінің құзырында қалды.

Шағын бизнеске қатысты заңды тұлғаларды бастапқы тіркеу тіркеумен айналысатын органының қатысуынсыз электрондық форматта egov.kz электрондық үкімет порталында жүзеге асырылады. Сондықтан, статистикалық есепте тіркелген ЖШС саны жоқ.

Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша ең көп қызмет Алматы қаласында көрсетілген - 33 мыңнан астам заңды тұлғалар тіркелген. Екінші орында Нұр-сұлтан. Мұнда бір жыл ішінде 24 мыңнан астам тіркеу жүргізілді. Үшінші орында Қарағанды облысы – заңды тұлғаларды тіркеу желісі бойынша 7 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Бұл қызмет Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ең аз сұранысқа ие.

Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсетуден басқа, мемлекеттік корпорация оларды оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» бастамасымен «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң толықтырылды.

Атап айтқанда, Жарғының телнұсқасын беру мерзімі үш жұмыс күнінен бір күнге дейін, бизнесті қоспағанда, заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты тіркеу рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі он жұмыс күнінен беске дейін қысқартылды.

Сондай-ақ, басшының, қызметтің негізгі түрінің және т. б. өзгеруі сияқты заңды тұлғалардың деректерін өзгертуді автоматтандыру мәселесі пысықталуда.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

ХҚО-ның қағаз жүзінде көрсететін қызметтеріне өтінішті қашықтан беруге болады

Аймақтық бас санитарлық дәрігерлердің шешіміне сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында облыстардағы халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін кезек уақытын алдын ала брондау қажет. Осыған байланысты Азаматтарға арналған үкімет өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, «қағаз» жүзінде көрсетілетін кейбір қызметтер бойынша өтінішті eGov порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы қашықтан беру мүмкіндігін қарастырды.

Енді «Электронды өтініштер» сервисі арқылы электрондық форматта қолжетімсіз әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 24 қызметке өтініш беруге болады: жасына байланысты зейнетақы тағайындау, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау және т.б.

Таяу арада бұл тізім тағы 6 қызметпен толықтырылады деп жоспарлануда, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлем тағайындау, асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау және т.б.

Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz сайтына кіруі керек. Одан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі қажет. Содан кейін жеке ақпаратты, оның ішінде пошта мекенжайын, телефонды, қызмет атауын және т.б. толтыруы тиіс.

Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшірмелері (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz сайтының «Мемлекеттік қызмет стандарттары» бөлімінен нақтылауға болады), қызмет алушының еркін үлгіде жазылған және қолтаңбасы қойылған өтініші қоса жүктелуі қажет. «Қабылдаушы» деген жерге қызмет алушының тіркелген жері бойынша аймақтық мемлекеттік орган таңдалуы тиіс.

Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайлары үшін әлеуметтік төлемдер қызмет үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» аймақтық филиалын, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша аумақтық бөлімшелері көрсетілуі тиіс.

Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қою керек.

Егер азаматтың жолдаған өтініші бойынша сұрақтар туындаса, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушыға өтінімді толтыру барысында көрсеткен ұялы телефонға хабарласады.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне келіп түседі.

Egov.kz орталындағы «Электронды өтініш» арқылы өтініш қабылданатын қызметтер:

  1. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға (ата-анасына), қамқоршысына (қамқоршысына) жәрдемақы тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  2. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектердің күтіміне берілетін жәрдемақыны тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  5. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  6. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  7. Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  8. Банкрот нәтижесінде жойылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін капиталдандыру мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  9. Көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  10. Оралман мәртебесін тағайындау немесе ұзарту («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  11. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу біліктілігі туралы анықтама беру немесе ұзарту («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  12. Мүгедектікті және/немесе жұмыс істеу қабілетін жоғалту дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық бөлімшелері);
  13. Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  14. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық бөлімшелері);
  15. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық бөлімшелері);
  16. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға ұшыраған азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  17. Ақталған адамға анықтама беру («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  18. Мүгедектерді сурдо-тефлотехникалық және міндетті гигиена құралдарымен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  19. 19.Бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін ымдау тілі маманы қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  20. Мүгедектерді арбалармен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  21. Мүгедектерді курорттық емдеумен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  22. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша құжаттарды рәсімдеу («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  23. Медициналық және әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша құжаттарды рәсімдеу («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
  24. Bastau Business жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары).

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

СҚО ХҚО-лары карантин кезінде жұмысын жалғастырады

ХҚО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті.

Азаматтарды дүрбелеңге берілмеуге шақырамыз. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады.

Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданып, фронт-офис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған.

Бүгінде облыс орталығының және аудан ХҚО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек «қағаз» қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі.

Мұның бәрі азаматтардың көптеп жиналуын болдырмауға және вирус жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған.

Осыған байланысты, азаматтарға, мүмкіндіктерінше, ХҚО-ға барудан бас тартуға және балама әдістерді қолдана отырып, қызметтерді онлайн алуға кеңес береміз, яғни egov.kz порталын, eGovMobile мобильді қосымшасын немесе eGovKzBot2.0 телеграм-ботын қолдануға шақырамыз.

Жақындарыңыз бен өз денсаулығыңызға сақ болыңыз.

Солтүстік Қазақстан облысы ХҚО-ларының жұмыс кестесі: сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру

Егер сiз некенi тiркеу, туу, өлiм, ажырасу, бала асырап алу, әкелiктi анықтау, аты-жөнiн өзгерту сияқты қызметтердiң электронды акт жазбаларынан қате тапсаңыз немесе құжатыңызды мүлдем таба алмасаңыз не iстеу керектiгiн бiлесiз бе? Бұл туралы #oqy&toqy айдарында айтып беремiз.

Алдымен Egov.kz порталына кiрiп, келесi әрекеттердi орындаңыз:

1. Порталдың басты бетiндегi сол жақ бағаннан «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметiн» табыңыз

2. Ашылған терезеден акт жазбасының түрiн таңдау қажет

3. Өтiнiш беру санатын толтырыңыз да «Iздеу» әрекетiн басыңыз

4. Егер көрсетiлген параметрлер бойынша АХАЖ АЖ-де актiлiк жазба болған жағдайда, портал сұратқан деректердi толық толтырып шығыңыз

5. Егер берген ақпаратыңыз жүйеде табылмаса, «Мәлiметтердi цифрлау» бастырмасын басыңыз да, талап етiлген мәлiметтердi толтырып шығыңыз

6. «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы құжаттың скан көшiрмесiн жүктеңiз

7. Өтiнiштi ЭЦҚ немесе бiр жолғы жасырын сөз арқылы растайсыз.

Сұрау салған қызет бойынша жауап 1 жұмыс күнi iшiнде дайын болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi

Жол қозғалысы ережесiн бұзғаны үшiн айыппұлды қалай тексеруге болады

Айыппұлдар туралы ақпаратты және оларды төлеудi электрондық үкiмет порталында, сондай-ақ egov mobile мобильдi қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады.

Egov mobile арқылы айыппұлды төлеу үшiн қосымшаға кiру керек:

- «Жүргiзу және көлiк» бөлiмiне өтiңiз;

- «Әкiмшiлiк айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерiн бұзғаны үшiн айппұлдары iздеу және төлеу» қызметiн таңдаңыз;

- «Қызметтi алу» батырмасын басыңыз;

- Iздеу нәтижелерi бар пайда болған терезеде қажеттi айыппұлды таңдап, «Төлеу» түймесiн басу арқылы төлеңiз

Айыппұлды төлеген кезде мәлiметтер автоматты түрде дерекқорға енедi, сондықтан iшкi iстер органдарына түбiртек ұсынудың қажетi жоқ.

Жолда өте сақ және абай болыңыз, сонымен қатар айыппұлдарды үнемi тексерудi ұмытпаңыз!

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi

ХҚО-лар ашылған соң алынған ТОП-5 қызмет

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейiнгi көп сұратылған мемлекеттiк қызметтердiң рейтингiн жасады.

Азаматтар мамыр айында ХҚО-лар ашылғаннан кейiн көбiне жеке куәлiк пен паспорт алу үшiн жүгiнген. Алдын ала есептеулер бойынша 155 мыңнан астам азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан.

Екiншi орында автокөлiктi қайта тiркеу қызметi. Мамырда автомобиль иелерi Қазақстанның мамандандырылған ХҚО-ларында 118 мыңнан астам көлiктi қайта тiркеген.

ХҚО-лардың ашылуын жылжымайтын мүлiк иелерi де күттi. Азаматтар жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу қызметi үшiн ХҚО-ға 56 мыңнан астам рет жүгiнген.

Төртiншi орында жүргiзушi куәлiктерiн ауыстыру және беру қызметi. Мамыр айында 30 мыңға жуық құжат рәсiмделген.

Карантиннен кейiнгi сұранысқа ие бесiншi қызмет — әлеуметтiк қауiп-қатер жағдайында әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау қызметi. Бұл негiзiнен жүктiлiк және босануға байланысты берiлетiн төлем. Оны 20 мыңнан астам жүктi әйел алған.

Азаматтарға арналған үкiметтiң алдын ала мәлiметтерi бойынша мамыр айында ХҚО арқылы 645 мыңнан астам мемлекеттiк қызмет алынған. Бұл жерде ХҚО-лардың әр уақытта ашылғанын ескеру керек. Мәселен, Қарағанды ​​облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары 4 мамырда, ал Алматыдағы ХҚО-лар өз жұмысын 25 мамырда бастады.

Естерiңiзге сала кетейiк, төтенше жағдай режимi алынып тасталғаннан кейiн ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жайдайларын болдырмау үшiн ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетiмсiз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтердi (106 мемлекеттiк қызмет) ғана ұсынады. ХҚО-ға кезектi еgov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ баспасөз қызметi
Gov4c.kz

Telegram-bot арқылы ХҚО-ға кезектi қалай брондауға болады?

Достар, егер сiз телеграм қосымшасының пайдаланушысы болсаңыз, ХҚО-ға барарда кезектi egovkzbot2.0 арқылы брондап көрiңiз!

Ол үшiн:

  • EgovKzBot2.0 ботын тауып, /start батырмасын басыңыз.
  • Қызметтер iшiнен ХҚКО-ға кезектi брондауды таңдаңыз.
  • мен баратын ХҚО-ңызды көрсетiңiз.
  • Қызмет түрiн таңдаңыз.
  • Баратын күнiңiз бен уақытты таңдаңыз (Егер бронь жасалмаса, өзге уақытты таңдап көрiңiз).

Брондау сәттi өтсе, сiздiң телефоныңызға тиiстi хабарлама келедi!

#oqy&toqy

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының PR-менеджерi
Нұрғалиев Ерназар

ХҚО-ға кезектi онлайн брондаудың қандай жолдары бар?

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы, халыққа қызмет көрсету бөлiмдерiнiң жаңа форматта жұмыс iстеуiне байланысты, ХҚО-ға тек алдын ала брондау арқылы ғана баруға болатындығын естерiңiзге салады.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барарда кезек уақытына тапсырыс беру үшiн Egov.kz электронды үкiмет порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 нөмiрiне қоңырау шалуға болады (қоңырау шалу тегiн).

Бронь қызмет алушының ЖСН-iн тiркеу арқылы жасалады. Егер азамат халыққа қызмет көрсету орталығына баратын уақытын алдын ала белгiлемесе, кезектi сол жерде брондау ұсынылады. Алайда қабылдау дәл сол уақытта болатынына кепiлдiк берiлмейдi. Бұл жағдайда азамат өзге бос уақытқа кезекке тапсырыс беруi керек болады.

Айта кету керек, өзгерiстер тек Петропавл қаласында орналасқан ХҚО-ларды қамтиды. Аудан орталықтарында және ауылды елдiмекендерде орналасқан ХҚО-лар бұрынғыдай жұмыс iстейтiн болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының PR-менеджерi Нұрғалиев Ерназар

Телеграм-ботта ХҚО-ға кезек брондау мүмкiндiгi пайда болды

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн ХҚО-ға кезектi брондау әдiстерiнiң түрi көбейтiлдi. Ендi қызмет алушылар ХҚО-ға кезектi тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегiмен де брондай алады.

Ол үшiн қызмет алушы мобильдi азаматтар базасында тiркелуi керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильдi азаматтар базасына egov.kz электронды үкiмет порталындағы виртуалды ассистенттiң көмегiмен тiркелуге болады.

Сонымен, ХҚО-ға кезектi брондау үшiн пайдаланушы мәзiрден «ХҚО-ға кезектi брондау» қызметiн таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттiк қызметтердi алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күнi мен уақытты таңдауды ұсынады.

Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күнi мен уақыты көрсетiлген sms келедi. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезектi алдын ала брондағаныңызды растайсыз.

Айта кетейiк, қазiргi таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттiк қызмет пен сервис қолжетiмдi. Олардың iшiнде кең қолданысқа ие болғандары дәрiгердi үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т. б.

Естерiңiзге сала кетейiк, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бiр жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетiмсiз қағаз түрiндегi мемлекеттiк қызметтердi тек алдын ала брондау бойынша көрсетедi.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметi ХҚО-лар өз қызметiн қайта бастаған өңiрлер үшiн ғана жарамды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi

Egov.kz порталында кеңестердi видео арқылы алу мүмкiндiгi жасалды

Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының операторлары бейнеқоңырау шалған қазақстандықтарға электрондық үкiмет порталында видео арқылы кеңес бере алады. Egov.kz порталы экранындағы әрекеттi бөлiсу сервисiн «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары жасап шығарды.

Видео арқылы кеңес берушi маманның көмегiн алу үшiн пайдаланушы басты беттiң оң жақ төменгi бұрышындағы «Виртуалды ассистент» түймесiн басуы керек. Ашылған терезеде бейнекамера белгiсiн таңдау қажет. Жүйе пайдаланушыдан бейнекамера мен микрофонның қосылуына рұқсат сұрайды. Бiрнеше секунд iшiнде ХҚО операторы клиентпен байланысқа шығады. Экрандағы әрекеттi көрсету үшiн қызмет алушы «Экран демонстрациясы» түймесiн, содан кейiн «Бөлiсу» батырмасын басуы керек.

Осылайша, ХҚО операторы абоненттiң мониторын көре алады және оған egov.kz порталында кез келген қызметтi, оның iшiнде ЭЦҚ-ны қашықтан рәсiмдеуге көмектесiп, мобильдi азаматтар базасына тiркей алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, экранды «бөлiсу» сервисi оператор мен клиенттiң арасындағы байланысты айтарлықтай жеңiлдеттi, өйткенi қызметтердi ұсыну процесiнде 1414 телефоны арқылы кеңес беру тиiмдi болғанымен, қашанда ыңғайлы бола бермейдi. «Бұрын бiздiң операторлар клиенттен қай сiлтеменi, қай бөлiм мен қызметтi ашқанын үнемi сұрап отыратын. Ендi бiз экранда болып жатқан барлық әрекеттi көре аламыз және клиенттi қандайда бiр қызметтi алу жолдары бойынша бiрден бағыттай аламыз. Бұл сервис азаматтарымыздың цифрлық сауатын қашықтан арттыруға да мүмкiндiк бередi», — дедi ол.

Естерiңiзге сала кетейiк, коронавирус инфекциясының таралу қауiпiнiң сақталуына байланысты, ХҚО арқылы тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтердi алуға болады. Egov.kz порталы арқылы қолжетiмдi қызметтердi үйден немесе әкiмдiктерде, бiлiм беру және медицина ұйымдарында т.с.с. жерлерде орналасатын өзiне-өзi қызмет көрсету секторларында алу керек. Мемлекеттiк қызметтердi электронды түрде алу бойынша egov.kz порталындағы виртуалды ассистент кеңесшiлерi және 1414 бiрыңғай байланыс орталығының мамандары көмектесе алады.

Айта кетейiк, қазiргi уақытта Қазақстанда мемлекеттiк қызметтердiң 80%-дан астамы электронды форматта қолжетiмдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ баспасөз қызметi

Қазақстандықтар ХҚО-ның бiрыңғай терезесiнен 76 мыңнан астам дайын құжатын алған

Қазақстандықтар карантин басталғалы берi ХҚО-ның бiрыңғай терезесiнен 76 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлiгi карантин барысында онлайн рәсiмделген, қалған бөлiгi — ХҚО жабылғанға дейiн.

Естерiңiзге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қазақстандықтар үшiн бұдан бұрын өтiнiш берiлген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берiлген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бiрыңғай терезенi iске қосты. Бұл үшiн әр қала мен аудандарда бiр-бiр ХҚО белгiленген болатын.

Дайын құжаттарды көбiне Түркiстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының тұрғындары алған.

Бiрыңғай терезеде берiлген құжаттардың денi — АХАТ құжаттары, жүргiзушi куәлiктерi, көлiктiң техникалық паспорты мен тiркеу нөмiрлерi, жылжымайтын мүлiк пен жер учаскелерiнiң құжаттары, сондай-ақ жеке куәлiк пен паспорт.

Бұл ретте, ТЖ басталғалы берi қазақстандықтар egov.kz электронды үкiмет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы 10,5 млн. жуық қызметтi онлайн түрде алған.

Дайын құжаттарды беру терезелерiнiң жұмыс кестесi: дүйсенбi-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейiн. Сенбi — сағат 9.00-14.00 аралығы.

Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлiмдердiң тiзiмiн мына жерден көруге болады: gov4c.kz

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi

ЭЦҚ-ны онлайн алу кезінде енді паспортты пайдалануға болады

Қазақстан азаматтары паспортын пайдалана отырып, ЭЦҚ-ны қашықтан ала алады.

Қызметті алу үшін электрондық үкіметтің порталындағы «Сервистер» бөлімінде орналасқан «ЭЦҚ-ны қашықтан алу» қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі кілтті алудың стандартты процедурасынан өту керек. ЭЦҚ-ны қашықтан алу жолымен https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp сілтемесі арқылы таныса аласыз. Бұл жерде ЭЦҚ-ны алудың әр қадамы көрсетілген нұсқаулық орналастырылған.

Осы уақытқа дейін ЭЦҚ-ны қашықтан алу кезінде жүйе кейбір жағдайларда, яғни жеке куәліктің мерзімі өтіп кетуіне байланысты, құжат иесін сәйкестендіре алмады. Бұл жағдайда пайдаланушының өтінімі модерацияға жіберіліп, оған қосымша уақыт қажет болды.

Паспортты жеке басын куәландыратын құжаттың баламасы ретінде пайдалану ЭЦҚ-ны қашықтан алу барысында сәйкестендіруден өту процесін жеңілдетеді. Әсіресе, жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда тиімді.

Енді Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны сәйкестендіру процесінен автоматты түрде қашықтан өту арқылы алуға болады. Бүгін ЭЦҚ-ны жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да ала алады. ТЖ кезінде 274 мың ЭЦҚ берілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі

Төтенше жағдай кезінде солтүстікқазақстандықтар екі жүзден астам көлікті онлайн тіркеген

Солтүстік Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы бері egov.kz порталы арқылы онлайн түрде 208 автомобиль тіркелді.

Еске салайық, 26 наурыздан бастап Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен автоХҚО-дың жұмысы тоқтатылған. Ел тұрғындары мемлекеттік қызметтерді тек электрондық үкімет порталында ала алады.

Көліктерді қайта тіркеу қызметі egov.kz порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінде қолжетімді. Оны онлайн режимінде алу үшін сатушы ЭЦҚ-ны пайдаланып, egov.kz порталына кіріп, сатылатын көлік туралы ақпаратты енгізіп, айыппұлдар мен салықтар бойынша берешекті тексеруге сұраныс жіберуі керек. Егер бар болса, электрондық үкімет порталы арқылы төлеп, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қояды. Осыдан кейін сатып алушы электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіндегі өтінішпен таныса алады, онда айыппұлдарды тексеріп болғаннан кейін мемлекеттік нөмір және техпаспорт үшін тиісті алымдар мен тіркеу жарнасын төлеуі тиіс. Сатып алушы мәмілені өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды. Кейін автоХҚО-ға тек дайын болған нөмір мен техникалық төлқұжатты алып кету үшін барады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының PR-менеджері Нұрғалиев Ерназар

Карантин кезінде баланың туылуына байланысты 30 мың жәрдемақы рәсімделді

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері 10 мыңнан астам әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 20 мың отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қызметтер, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады.

Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.

Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.

Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады. Ол арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Азаматтарға арналған үкімет халыққа алаяқтықтың жаңа түрлері жөнінде ескертеді

Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады. Сондай-ақ кейбір «пысық» азаматтар бұл жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынады.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды мұндай қызметтерге жүгінбей, олардан бас тартуын сұрайды.

Жеке мәліметтерін, соның ішінде ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға беру арқылы азаматтар өздері жеке деректері мен мүліктеріне қауіп төндіретінін түсінуі керек. Оның үстіне, аталған төлем азаматтардың шотынан өздерінің «қолғабыс етуімен» ұрлануы мүмкін.

Электрондық цифрлық қолтаңба мен оның құпиясөзін алған алаяқтар азаматтың egov.kz-тегі барлық жеке мәліметіне қол жеткізе алады. Оған қоса, олар жалған келісімдер жасасу үшін оның атына кәсіпкерлік ашып, баспанасына бейтаныс тұлғаларды тіркеп, тіптен көлігін өзге адамның атына шығара алады. Банк картасынынң ПИН-кодын алғаннан кейін алаяқтар ондағы барлық қаражатты шешіп алуы мүмкін.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың онлайн түрдегі мемлекеттік қызметтердің барлық мәселесі бойынша, соның ішінде ЭЦҚ мен жаңа әлеуметтік төлем түрі бойынша ақысыз түрде және еш қауіпсіз 1414 бірыңғай байланыс орталығынан көмек ала алатындығын хабарлайды. Қоңырау шалу тегін. Қазіргі уақытта оның жұмысына халыққа қызмет көрсету орталықтарының 1800-ден астам қызметкері тартылған.

Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісінде «eGov помощь» тобы құрылды, онда қарапайым желі қолданушылары, IT-мамандар және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерінен тұратын бірқатар ерікті жиналды. Олардың барлығы egov.kz порталының белсенді қолданушылары, олар мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алады және елімізде орын алған қиын сәтте өзге азаматтарға электрондық үкімет порталын пайдалануды үйретуге дайын. Сондай-ақ еріктілер азаматтардан еш жеке деректерін талап етпейді, тек сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестер беру арқылы мемлекеттік қызметті алуға көмектеседі.

Егер азамат ескертуімізге қарамастан, ақылы түрде күмәнді «көмекшілердің» қызметтерін пайдаланып үлгерсе және жеке мәліметтерін берсе, Азаматтарға арналған үкімет оларға ЭЦҚ-ның құпиясөзін pki.gov.kz-тегі жеке кабинеті арқылы өзгертуді немесе кілттердің күшін жоюды ұсынады.

Құрметті қызмет алушылар!

Елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі кезеңінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша (ХҚО) барлық бөлімдері қашықтағы жұмыс тәртібіне көшеді.

Мемлекеттік қызметтерді алу, сондай-ақ «42500 жәрдемақысын алу» барысында қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай Байланыс орталығына және 8-71538-2-17-46, 8-71538-2-17-56 нөміріне ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады.

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді тек онлайн алатын болады

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді.

Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының СҚО бойынша филиалының (ХҚО) ең тәжірибелі деген және арнайы оқудан өткен 60-тан астам қызметкері 1414 байланыс орталығының кеңес берушілерімен бірге азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу бойынша көмек көрсететін болады.

Бір уақытта байланыс орталығының мамандары мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда. Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Бұдан бөлек, Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясының СҚО бойынша филиалының 20-дан астам қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильді азаматтар базасында тіркейтін болады.

Бұл ретте, 21 наурызға дейін өтініш беріп үлгерген азаматтар қызметтердің дайын нәтижесін өзі өтініш берген ХҚО-ның құжат беру секторынан алып кете алады. Автомобильді қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған автокөлік иелері дайын құжаттар мен нөмірлерді өз қалаларындағы мамандандырылған ХҚО-дан ала алады, онда да дайын құжаттарды беру терезесі жұмыс істейтін болады.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы солтүстікқазақстандықтарға барлық санитарлық талаптарды орындап, үйден шықпауға кеңес береді және керекті мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырады.

Жақындарыңыз бен өзіңізді қорғаңыз!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі

Дайын құжаттарды беру терезесі әр қаланың тек бір ХҚО-да жұмыс істейді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта алады.

30 наурыздан бастап әр қалада бір-бір ХҚО дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді. Мұнда қазақстандықтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар.

Мамандандырылған ХҚО-да да дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді, онда автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады. Бірнеше мамандандырылған ХҚО-сы бар қалаларда (Алматы, Шымкент) құжаттарды беру бойынша бір мамандандырылған ХҚО белгіленген.

Қызмет алушылардың дайын құжаттарын беру жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 400-ге жуық қызметкері тартылған. Олардың барлығы қорғаныс және дезинфекция құралдарымен жабдықталған.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.

Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына жерден көруге болады: gov4c.kz

Айта кетейік, 21 наурызға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтініш тапсырған азаматтар дайын нәтижелерін алғаш жүгінген ХҚО-дан ала алады. Петропавл қаласында: М. Әуезов к-сі, 157 мекенжайы бойынша орналасқан Петропавл қ. №1 халыққа қызмет көрсету бөлімі, сондай-ақ Нефтепроводная, 7, мекенжайы бойынша орналасқан мамандандырылған ХҚО-дан ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі

Бала асырап алуға ниеттi тұлғалардың есебiне онлайн тұру

Егер Сiз бала асырап алуға тiлек бiлдiрушi Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, жолдама алу үшiн өтiнiшпен бiрге тиiстi құжаттарды онлайн ұсынуыңыз қажет. Бұл қызмет тек электронды үкiмет порталында көрсетiледi.

Ол үшiн:

  • Порталда авторизациядан өтiп «Онлайн сұрау» батырмасын басыңыз.
  • Өтiнiмдi толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойған соң өтiнiмге құжаттарды бекiтесiз.

Құжаттар тiзiмi:

  • жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келiсiмi;
  • жиынтық табыс мөлшерi туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсiптiк қызметтегi табысы және бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң өзге де табыстары туралы анықтама);
  • отбасы жағдайы туралы анықтама (некеге тұру/бұзу туралы куәлiктiң көшiрмесi, балалары болса, туу туралы куәлiктерiнiң көшiрмесi);
  • азаматтардың денсаулық жағдайы туралы анықтама және наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тiркеуде тұрмауы туралы анықтама;
  • тұрғын үй пайдалану құқығын дәлелдейтiн құжаттардың көшiрмесi (тұрғын үй мүлiкке құқығы жоқ жағдайда);

Жеке кабинеттегi «Қызметтердi алу тарихы» бөлiмiне 10 жұмыс күнi iшiнде үмiткер болу мүмкiн/мүмкiн емес деп қорытынды хабарлама келедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi
gov4c.kz

Әскери қызмет турыл анықтаманы онлайн алу

Азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы анықтаманы Egov.kz электронды үкiмет порталында онлайн немесе ХҚО-да алуға болады.

1. Қызметтi онлайн алу:

Порталда авторизациядан өткеннен кейiн «Әскери есеп және қауiпсiздiк» бөлiмiнен қажеттi қызметтi тауып, «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.

Өтiнiмдi толтырып оған ЭЦҚ немесе смс-паролiнiң көмегiмен қол қойыңыз. Ол үшiн сiз мiндеттi түрде мобильдiк азаматтар базасына тiркелуiңiз керек.

Жеке кабинетiңiздегi «Қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнде 5 минут iшiнде өтiнiшiңiздiң нәтижесiмен таныса аласыз.

2. Қызметтi «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы алу:

ХҚО-ға жеке куәлiгiңiзбен барып өтiнiш жазасыз.

Бұл ретте қабылдау қызмет алушының тiркелген жерi бойынша жүзеге асырылады.

«Азаматттарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi
gov4c.kz

Бiрыңғай жиынтық төлем дегенiмiз не?

2019 жылдан бастап өзiн өзi жұмыспен қамтыған азаматтар ай сайын бiрiңғай жиынтық төлемiн (БЖТ) төлеуi тиiс.

БЖТ төлемiнiң ай сайынғы мөлшерi қала тұрғындары үшiн — 1 АЕК, ауыл тұрғындары үшiн — 0,5 АЕК.

БЖТ кiм төлейдi?

Өзiн өзi жұмыспен қамтушы азаматтар БЖТ төлеушiлерi болып танылады және олар келесi шарттарға сәйкес келу қажет: бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеген; жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайды; акцизделетiн өнiмдердi қоспағанда, салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетедi және (немесе) салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана акцизделетiн өнiмдi қоспағанда, өз өндiрiсiнiң жеке қосалқы шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өткiзедi.

Бұл ретте, БЖТ төлеушiлерi табысының мөлшерi жылына 1175 АЕК-тен аспауы тиiс.

БЖТ қашан және қалай төлеу қажет?

БЖТ-нi табыс алынған әр ай үшiн жеке-жеке төлеу қажет.

Сондай-ақ келесi айларға аванс төлеу мүмкiндiгi бар.

БЖТ-нi Қазақстанның кез келген банкi кассаларында, олардың мобильдi қосымшаларында, сондай-ақ «Қазпошта» бөлiмшелерiнде төлеуге болады. Ол үшiн өзiнiң жеке куәлiгiн көрсетiп, «183» ТТК бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕАҚ банктiк шотына төлем жүргiзу қажет.

БЖТ сомасы салықтар бойынша қалай бөлiнедi?

Бiрыңғай жиынтық төлем сомасын «Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕАҚ келесi пропорцияда бөледi:

  • 10% — жеке табыс салығы (ЖТС);
  • 20% — әлеуметтiк аударымдар (ӘА);
  • 30% — мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 40% — мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС).

Дербес жұмыспен қамтылған жеке тұлғаларға БЖТ төлеу: мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болуға; зейнетақы жинақтарын жүргiзуге мүмкiндiк және зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты базалық зейнетақы төлемiн алуға құқық бередi; еңбек ету қабiлетiнен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктiлiк пен босану, бала асырап алған, 1 жасқа дейiнгi бала күтiмi жағдайларында әлеуметтiк төлемдер алуға мүмкiндiк бередi. #оқы_тоқы.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы
gov4c.kz

Қазақстандықтардың VIP көлік нөмірлеріне деген сұранысы азайған

Көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері 2014 жылдан бері сатылымда бар. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей әріптерге тапсырыс бере алады.

2019 жылы ел азаматтары автоХҚО арқылы 3,018 млрд теңгеге 12 658 ерекше тіркеу нөмірін сатып алған. Бұл қаржылай көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда жарты миллиард теңгеге кем. Онда қазақстандықтар 14 909 VIP нөмірі үшін 3,560 млрд. теңге жұмсаған. Айта кетейік, ол уақытта мамандандырылған ХҚО-мен қатар ерекше нөмірлерді полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімдері де рәсімдейтін.

Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың рейтингін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.

Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.

2020 жылы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты VIP-нөмірлердің бағасы келесідей өзгерді:

Нөмір белгілері Баға
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 151 107 тг. (57 АЕК)
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 белгілері мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 302 214 тг. (114 АЕК)
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 363 187 тг. (137 АЕК)
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 514 294 тг. (194 АЕК)
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 604 428 тг. (228 АЕК)
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер 755 535 тг. (285 АЕК)
әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда) 151 107 тг. (57 АЕК)

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі
www.gov4c.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» жас түлектерді жұмысқа тартады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мен С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев ғылыми зерттеу жобаларын жүргізу мен ЖОО түлектерін жұмыспен қамту аясында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Мәміле екі тараптың бірлесіп топырақ және геоботаникалық зерттеу жасауына, өндірістік және ғылыми тәжірибе алмасуына, жерге орналастыру, жер кадастры, геодезия және картография саласындағы бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға ықпал етеді. ЖОО мемлекеттік корпорацияның кәсіби қызмет бағытында жеткілікті практикалық тәжірибесі бар мамандарын оқытуға, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, емтихан комиссиясына тартуға мүдделі. Өз кезегінде Азаматтарға арналған үкімет оқу орын студенттерін өндірістік практикадан өткізіп, әрі қарай жұмысқа қабылдауға дайын.

«Алпыс жылдам астам тарихы бар университеттің түлектері біздің корпорациямыздың құнды кадрларына айнала алады. Зейнеткерлікке шығып жатқан мамандарымыздың барын ескерсек, жерге орналастыру, жер кадастры сияқты мамандық иелері бізге өте қажет. Студенттерге тәжірибеден өтуге мүмкіндік беру арқылы, біз олардың қарымы мен білімін бағалап, өзімізге жұмысқа тұруға жағдай жасай аламыз», – дейді меморандумға қол қойған мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Бүгінде мемлекеттік корпорацияда жерге орналастыру бағытында 3 мыңға жуық қызметкер еңбектенеді. Корпорациядағылардың айтуынша, аталмыш ынтымақтастық білім алушылардың жұмыспен қамту мәселесін шешуге, ал оқу орнының мамандарды нарық талаптарын ескере отырып дайындауға ықпал етеді.

«Азаматтарға арналған үкімет»
МК КЕ АҚ баспасөз қызметі
gov4c.kz

Мекенжай бойынша әр төртінші тіркеу egov.kz арқылы жүргізілген

Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тіркеуге тұру үшін ХҚО-ның онлайн баламасы – egov.kz таңдай бастады. Былтырғы көрсеткіштерді есепке алатын болсақ, ХҚО арқылы 1,5 млн адам, онлайн түрде 479 мың адам тіркеу рәсімін жүзеге асырған, сәйкесінше әр төртінші азамат тұрғылықты тіркеу рәсімін электронды түрде жүргізген.

Аймақтық бөліністе қарайтын болсақ, мекенжай бойынша тіркеуге онлайн тұрушылар үлесі Нұр-Сұлтан қаласында көп – 91 мың адам, одан кейін Қарағанды (39 мың) мен Павлодар (23 мың) облыстары. Солтүстік Қазақстан облысында 13 мың адам. Бұл ретте, ең төменгі көрсеткіш Атырау облысына тиесілі (6 мың адам).

Биылғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша онлайн түрде мекенжей тіркеуіне тұрушылар саны біршама өскен. Бұл қызметті алу үшін Қазақстан бойынша 184 мың адам ХҚО-ға жүгінсе, 63 мың азамат ешқайда бармай-ақ онлайн түрде жүзеге асырған.

Бүгінде мекенжай тіркеуін жасату үшін тіркеуге қоюшы және тіркелуші тараптың ЭЦҚ-сы болуы тиіс. Азамат egov.kz-ке тіркелетін мекенжай мен жеке мәліметтерін жазса, баспана иесі оған рұқсатты жеке кабинетіне келген сұрауды мақұлдау арқылы береді.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі

«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама алу

Елбасы Н.Назарбаевтың қаулысымен 1993 жылы құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша ондаған мың қазақстандық шетелде білім алып келді. Бүгінде осы бағдарлама негізінде білім алған түлек өз мәртебесін растайтын анықтаманы egov mobile арқылы ала алады.

Ол үшін қосымшаны ашып, авторизациядан өтіп, «Білім беру» бөліміне өту қажет. Оның ішіне анықтама ұсынылатын мекеменің толық атауын жазасыз.

Анықтама тегін рәсімделеді. Нұр-Сұлтан қаласы үшін анықтама 1 күн ішінде дайын болады. Өзге аймақтар үшін – 15 күнтізбелік күн.

Egov mobile қосымшасын пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша баспасөз қызметі

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Бүгiнде құжаттың заңды маңыздылығын растау үшiн оған апостиль қою қажет. Сот құжаттарында апостильдiң болуы оның Гаага конвенциясына қатысушы елдердiң ресми мекемелерiнде жарамдылығын растайды.

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильдi ҚР Жоғарғы сотының аппараты, облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық органдар қоя алады.

Заңды және жеке тұлғалар бұл қызметтi алу үшiн egov.kz порталын қолдана алады:

  • Порталда авторизациядан өтiп, қызметке онлайн тапсырыс берiңiз
  • Электронды өтiнiштi толтырыңыз
  • Әр апостильденетiн құжатқа 0,5 АЕК көлемiнде баж төлеңiз
  • Апостильденуi қажет құжаттың скан-көшiрмесiн жүктеңiз
  • ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейiн жауап бiр күн iшiнде келедi
  • Жеке кабинетiңiзге оң жауап келген жағдайда, сот органдарына апостильдi бiрден қойғызуға жүгiне аласыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi
gov4c.kz

«Назар аударатын мемлекеттiң» тағы бiр тетiгi

Егер мемлекеттiк органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн iстеуге болады. Әдеттегiдей, egov.kz порталы — сiздiң басты көмекшiңiз.

ЭЦҚ-ңыз болса, керектi мемлекеттiк органға өтiнiштi жазып қана қоймай, орындалу мәртебесiн бақылап, берiлген жауапты да көруге болады.

Бұл үшiн:

  • Порталға кiрiп, авторизациядан өтiңiз;
  • «Электронды өтiнiштер» сервисiн таңдаңыз;
  • Мәлiметтерiңiздi енгiзiп, өтiнiшiңiздi қалдырыңыз;
  • ЭЦҚ-мен қол қойып, мемлекеттiк органға жолдаңыз;

Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтiнiшi бойынша жауап 15-30 күнтiзбелiк күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн) аралығында қаралады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының PR-менеджерi
Нұрғалиев Ерназар
gov4c.kz

Egov.kz порталына кiру жолдары

Достар, egov.kz порталының қызметтерiн пайдаланып, ЭЦҚ-мен қол қою үшiн ең алдымен оның пайдаланушысы болу керек. Электронды үкiмет порталын бiрнеше жылдан берi пайдаланып келе жатқандар онда ЖСН енгiзiп, жасырын сөздi толтыру керектiгiн бiледi. Бүгiнде порталға кiрудiң тағы бiрнеше жолы iске қосылған. Сонымен, келесi ақпаратқа құлақ түрiп, #Oqyp&Toqyp алыңыз.

  • Бiр жолғы жасырын сөз

Бұл әдiспен порталға кiру үшiн ЖСН нөмiрiн терiп, ұялы телефон нөмiрiн толтыру қажет. Аталған әдiстi мобильдi азаматтар базасында тiркелгендер пайдалана алады.

  • Электронды цифрлық қолтаңба

ЭЦҚ арқылы порталға кiремiн десеңiз, жүйе сiзге сертификатты таңдауды ұсынады. Электронды кiлт құпиясөзi толтырылғаннан кейiн барлық мәлiметтер сәйкестендiрiледi.

  • QR-код

QR-код — порталға кiру үшiн жасалған жаңа әдiстiң бiрi. Бұл жолмен порталға смартфондарында egov mobile қосымшасы барлар кiре алады. Егер өзiңiзбен бiрге ЭЦҚ бар флэш-карта болмаса, осы әдiспен порталға оңай кiруге болады. Egov mobile қосымшасынан скан белгiсi арқылы компьютерде шыққан кодты сканерлеп, бiрден қызметтердi пайдалануды бастай аласыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамның баспасөз қызметi
gov4c.kz

Дербес деректер қорының электронды кiлтi

28 қаңтарда халықаралық дербес деректердi қорғау күнi атап өтiледi. Датаға орай «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташева ЭЦҚ кiлттi дұрыс пайдалану және оны сақтау жолдары жөнiндегi кеңестерiмен бөлiстi.

Электронды цифрлық қолтаңба — азаматтарға egov.kz, elicense.kz, enis.kz, salyk.kz сияқты электронды үкiмет порталдарын пайдалануға мүмкiндiк беретiн электронды кiлт. Жеке немесе заңды тұлғалардың барлық дербес мәлiметтерiне жол ашатын цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың және сақтаудың өз ерекшелiктерi бар.

ЭЦҚ-ға тапсырысты pki.gov.kz сайтынан берiп, ХҚО-ға тек тұлғаны куәландыру үшiн баруға болады. Алайда көпшiлiк электронды кiлттi халыққа қызмет көрсету орталығынан алуды жөн көредi. 2019 жылы қазақстандықтар 7,8 млн. электронды кiлт рәсiмдеген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,7 млн. көп көрсеткiш. Алайда бұл, көп жағдайда, бiр адамның ЭЦҚ-ға тапсырысты бiр-ақ рет бергенiн бiлдiрмейдi дейдi Әсемгүл Балташева. «Азаматтар құжатқа электронды тапсырыс беретiн кезде немесе декларация тапсырған сәтте ғана ЭЦҚ-ны пайдаланып, кейiн оны қайда сақтағанын ұмытып, құпиясөзiн естен шығарып жатады. Сөйтiп, ЭЦҚ кiлтке қайта тапсырыс бередi. Дербес деректер базасын қолжетiмдi ететiн кiлттi құнды дүниедей сақтап, мұқият болу керек. Бiз ешқашан банк картасының пин-кодын ұмытпаймыз, ал ЭЦҚ-ның құпиясөзiн есте сақтап жаттамаймыз. ЭЦҚ-ны пайдалану мәдениетi ең алдымен азаматтардың өзi үшiн қажет», — дейдi мемлекеттiк корпорация төрайымы.

Көп жағдайда, ЭЦҚ рәсiмдеген сәтте, ХҚО мамандары бiрдей құпиясөз бекiтiп бередi, алайда қолданушы оны жеке кабинетiнде кейiн өздiгiнен жаңарта алады. Бүгiнде жеке куәлiк чипына жазылатын ЭЦҚ 3 жылға жарамды, оны пайдалану үшiн арнайы картридер қажет. Флеш-картаға жазылып берiлетiн кiлттiң жарамдылық мерзiмi — 1 жыл. Цифрлық қолтаңбаның уақыты өтпей тұрып, оны онлайн түрде pki.gov.kz сайты арқылы жаңартуға болады. Мерзiмнiң аяқталатыны туралы смс-ескертпенi алу үшiн жеке кабинетте ұялы телефон нөмiрi байланыстырылуы тиiс. «Телефон нөмiрi мен ЭЦҚ-ны сәйкестендiрген азаматтарға электронды түрде алынған қызметтер бойынша хабарламалар келiп тұрады. Ол смс-тер бөгде қызметтердiң алынбауын бақылап отыруға да мүмкiндiк бередi», – дейдi Ә. Балташева.

Қазақстандықтар өз атында қанша электронды кiлттiң барын egov mobile қосымшасынан көрiп, керек жағдайда сол жерден оны қайтара шығаруға тапсырыс бере алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Некеге тұрғаны/ажырасқаны жөнiндегi анықтаманы қалай онлайн алуға болады?

Достар, көп жағдайда некеге тұрғаныңыз жөнiндегi анықтама сұратылып жатады. Оны онлайн алу өте оңай. ЭЦҚ болса, egov.kz порталынан кез келген анықтаманы ала алатыныңызды ұмытпаңыз.

Ең алдымен электронды үкiмет порталынан авторланып, «Некеге тұру туралы анықтаманы беру» қызметiн таңдаңыз.

Төлем шлюзi арқылы қызметтiң 0,3 АЕК көлемiндегi ақысын төлеңiз.

Дайын анықтаманы бiр күн iшiнде жеке кабинетiңiздегi «қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнен жүктеп ала аласыз.

Дәл осы жолмен ажырасу туралы анықтаманы алуға болатынын ескертемiз. #Oqytoqy #eQyzmet

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы
бойынша PR-менеджерi Нұрғалиев Ерназар

Жыл басынан берi 25 мың көп балалы отбасы жаңа жәрдемақы түрiн рәсiмдедi

Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрiн жыл басынан берi 25,4 мың отбасы рәсiмдеп үлгердi. Оның iшiнде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсiмдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткiзгендер.

«Көп балалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келiп тиiстi жәрдемақыны рәсiмдей алады. Осыған дейiн жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы түрiн алушылар тiзiмiнде бар-жоғын 1411 call-орталығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы алғанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отбасыға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалған, оның 246 мыңы — бұған дейiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алғандар.

Аймақтық бөлiнiсте жыл басынан берi жәрдемақының рәсiмделуiне Түркiстан облысынан көп өтiнiш қабылданған. Одан кейiн Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

Естерiңiзге салайық, 2020жылдан бастап отбасында бiрге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның iшiнде кәмелет жасына толғаннан кейiн бiлiм беру ұйымдарын тәмамдағанға дейiн (23 жасқа дейiн) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасына ай сайын тағайындалатын мемлекеттiк жәрдемақы көлемi: 4 баласы барларға — 42 496 тг., 5 балаға — 53 127 тг., 6 балаға — 63 757 тг., 7 және одан көп балаға — 74 388 тг..

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Заңды тұлғалар үшiн ЭЦҚ алу

ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) — бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекiтiлген қағаз жеткiзгiштегi құжат сияқты заң күшiн беру үшiн пайдаланылатын өзi қойған қолының аналогы.

ЭЦҚ алуға өтiнiмдi ҚР ҰКО сайтының арнайы бөлiмi арқылы онлайн режимiнде беруге болады. Өтiнiмдi қауiпсiздiк мақсатында дербес компьютерден беру ұсынылады.

  • Ең алдымен pki.gov.kz сайтындағы «Заңды тұлғалар үшiн ЭЦҚ алу» бөлiмiне кiресiз.
  • Одан кейiн мәртебеңiздi көрсете отырып қажеттi ҚР ҰКО тiркеу куәлiктерiнiң үлгiсiн таңдауыңыз қажет. (Ол мекеменiң бiрiншi басшысы, қол қою құқығы бар жұмыскер немесе қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер және т.б. болуы мүмкiн).
  • Онлайн-өтiнiмдi бергеннен кейiн сiзге оны растау үшiн ХҚО-ға бару қажет. Өзiңiзбен бiрге жеке куәлiгiңiз, уәкiлеттi тұлғаның растайтын құжаттары мен басып шығарылған өтiнiм болуы қажет. Тексергеннен кейiн оператор растауды жасайды және сiз ЭЦҚ өз компьютерiңiзге жүктеп, оған өз паролiңiздi орната аласыз.

Мiне, ендi сiз электрондық үкiмет порталымен жұмысты бастай аласыз.

ЭЦҚ пайдалана отырып заңды тұлғалар келесiдей артықшылықтарға қол жеткiзбек:

  • Электрондық сауда-саттыққа қатысу;
  • Жеке қатысуынсыз банктiк операцияларды орындау;
  • Жеке қатысуынсыз электронды есептердi тапсыру;
  • Компанияны қашықтықтан басқару және т.б.

ЭЦҚ-ны түрлi ақпарат жеткiзгiштерiнде сақтауға болады, бiрақ бұл ретте ол бөтен қолға түспеуiн жауапкершiлiкпен қадағалау қажет.

ЭЦҚ-ның қолданыс мерзiмi 1 жыл, бiрақ пайдаланушы оны электронды порталда мерзiмi өтiп кетпей тұрып тағы бiр жылға ұзарта алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Қарқынды өсiм: көлiк иелерi автоХҚО орнына онлайн қызметтердi таңдайды

Автокөлiк құжаттарын электронды түрде рәсiмдеген қазақстандықтар саны күрт өстi. Электронды үкiмет порталы арқылы көлiгiн тiркеп, жүргiзушi куәлiгiн ауыстырған жүргiзушiлер онлайн жүйенiң тиiмдi әрi пайдалану жеңiл екенiн айтады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының статистикалық деректерiне сәйкес, 2019 жылы онлайн әдiспен рәсiмделген жүргiзушi куәлiктерiнiң саны бiрден 8 есе, ал қайта тiркеуге қойылған автокөлiктер саны 20 есе артқан.

Мысалы, 2018 жылы жүргiзушi куәлiгiн онлайн түрде 19 409 қазақстандық рәсiмдесе, былтырғы жылы жүргiзушi куәлiгiн электронды өтiнiш арқылы ауыстыруды қалағандар саны 153 мыңнан асты. Сондай-ақ онлайн түрде көлiктi қайта тiркеуге қою қызметтерiнiң көрсеткiшi де жоғары болған: 2019 жылы бұл қызмет 100 мың рет пайдаланылса, 2018 жылы бұл көрсеткiш тек 5 мыңды құраған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, бүгiнде қазақстандықтардың денi ХҚО-ға бармай-ақ, қызметтi өз бетiнше алуды қалайды. «Қызметтердi онлайн алу — бүгiнде өзiндiк трендке айналды. Азаматтарымыздың электронды түрде қарапайым анықтамаларды ғана алып қоймай, онлайн автокөлiк қызметтерiне сұраныс бiлдiрiп жатқаны қуантады. Олар цифрландырудың барлық артықшылығын лайықты бағалап, қызметтердi мамандандырылған ХҚО-дан гөрi электронды үкiмет порталынан жиi ала бастады», — дейдi басқарма төрайымы.

Көлiгiн онлайн түрде тiркеген тұрғынның бiрi — қарағандылық Қайырбек Қорабаев. Көлiктi сатушы тарап Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан, көлiктi электронды үкiмет порталы арқылы рәсiмдеу — жол мәселесiн шешiп, автоХҚО кезегiнде тұрмаудың таптырмас тәсiлiне айналды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Сiздiң телефоныңызға ЭЦҚ-ңыздың әрекет ету мерзiмi аяқталатыны туралы ескерту SMS келдi ме?

Онда сiзге келесi ақпарат өте пайдалы:

  • SMS-хабарлама келген бойда Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталындағы өзiңiздiң жеке кабинетiңiзге кiрiп, жарамдылық мерзiмiн тексерiңiз.
  • Жеке кабинетке сiз интернет-ресурстың басты бетiнен немесе SMS-те көрсетiлген сiлтеме бойынша ауыса аласыз.

Ары қарай келесiдей алгоритм бойынша әрекет етемiз:

  • Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректердi толтырыңыз;
  • «Кiлттер тiзiмiн жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзiн (паролiн) дұрыс енгiзген кезде аутентификация кiлтi бейнеленедi. Қол қойып, әрi қарай жұмысқа кiрiсемiз;
  • ЭЦҚ кiлттерiмен жұмыс жасау үшiн «Менiң ЭЦҚ кiлттерiм» бөлiмiне көшемiз. Ашылған мәзiрден «ЭЦҚ кiлттерiн қайта шығару» тармағын таңдаймыз.

Электрондық қолтаңбаның қолданылу мерзiмi әлi аяқталмаған жағдайда өтiнiмдi онлайн беруге болады.

  • Бұдан әрi негiзгi жолдарды толтырыңыз, «Өтiнiм беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;
  • Егер ЭЦҚ-ны сақтау үшiн сiз компьютердi таңдасаңыз, өзiңiздiң ЭЦҚ кiлттерiңiзге құпиясөз (пароль) ойлап табыңыз және енгiзiңiз, одан кейiн «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

Құпиясөзде төменгi және жоғарғы регистрдегi латын әрiптерi, сондай-ақ сандар болуы тиiс. Құпиясөздiң ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

  • «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басқан соң тiркеу куәлiктерiн сәттi орнатқаныңыз туралы хабарлайтын терезе пайда болады.

Айтпақшы, ЭЦҚ қолдану мерзiмiн ұзарту да, оны жаңадан рәсiмдеу де тегiн қызмет.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша баспасөз қызметi

1411 байланыс орталығы тәулiк бойы қызмет көрсетедi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы ендi тәулiк бойы қоңыраулар қабылдайды. Әлеуметтiк төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретiн call-орталық қызметкерлерi бұдан былай атаулы әлеуметтiк көмек пен әлеуметтiк қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға, сондай-ақ info@info.mintrud.kz электронды поштасына келiп түсетiн хаттарға да жауап бередi.

«Бүгiнде 1411 байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау келiп түседi. Азаматтар демалыс және мереке күндерi де қоңырау шалып, өз сауалдарына жауап ала алады. Жыл басынан берi 22 мың қоңырау келiп түссе, олардың басым бөлiгi зейнетақы және әлеуметтiк қамсыздандыру, көп балалы аналардың ай сайынғы жәрдемақысы, атаулы әлеуметтiк көмек мәселелерiн қамтиды. Қызмет алушылар ХҚО-ға бармас бұрын, 1411-ге хабарласып, әлеуметтiк қызметтердi рәсiмдеуге қажет құжаттар тiзiмiн де алдын ала бiлiп отыра алады», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Бiржан Жүнiсов.

1411 бiрыңғай қысқа нөмiрiне тегiн қоңырау шала отырып, кез келген оператордан келесi мәселелерге қатысты жауап алуға болады:

  • зейнетақы мен жәрдемақы рәсiмдеу;
  • көп балалы отбасының мемлекеттiк жәрдемақысы;
  • атаулы әлеуметтiк көмек;
  • әлеуметтiк қызметтер порталы;
  • еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтiнiмдер қабылдау мәселелерi.

Бұдан басқа, әлеуметтiк төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесiне қатысты негiзгi сауалдардың жауабын www.info.mintrud.kz сайты арқылы да бiлуге болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Қазақстандықтар онлайн мемлекеттiк қызметтерге бетбұрды

Жыл басынан берi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi арқылы 6,3 млн. электронды цифрлық қолтаңба берiлдi. Электронды үкiмет порталының қызметтерiн онлайн алуға мүмкiндiк беретiн кiлт иелерiнiң белсендiлiгiн ХҚО-ға келушiлер санының азаюынан байқауға болады. 10 ай iшiнде мемлекеттiк корпорация тарапынан 24,4 млн. қызмет көрсетiлдi, бұл көрсеткiш былтырғы жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 4 млн-ға немесе 16,4% азайса, қызметтердi өз бетiнше алғандардың үлесi 3,7 млн-ға көбейген. Бұл туралы Үкiмет отырысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып бердi.

«Халықтың цифрлық сауатының артуына былтыр барлық облыстарда ашылған Цифрлық қызмет көрсету орталықтары әсер еттi деп ойлаймын. Бiз ол орталықтарда электронды үкiмет порталын пайдалануды үйрететiн курстар ұйымдастырдық. Қызметкерлерiмiз әр облыс, қала, аудандарда 73 мың семинар-лекция өткiзiп, электронды қызметтердi алуды үйренгендерге 1,3 млн.сертификат табыстады», — дейдi басқарма төрайымы.

Цифрлық ХҚО-лардың ерекшелiгi — «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету аймағының болуында. Бұл — фронт-офис қызметiн трансформациялау тұжырымдамасы аясында енгiзiлген жаңашылдық. Оған сәйкес фронт-офистiң 60% — өзiне-өзi қызмет көрсету, 40% — операторлар қызмет көрсететiн аймақтан тұрады. Биыл елiмiздегi барлық «Connection point» секторында 13 млн-нан аса азаматқа түсiндiрме-кеңес беру жұмыстары жүргiзiлдi. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 млн артық көрсеткiш.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi, сондай-ақ көшпелi акциялар ұйымдастырып, әскери бөлiм, емхана, мемлекеттiк органдар қызметкерлерiн оқытып, колледждер мен ЖОО студенттерiне egov.kz-пен жұмыс iстеудi үйреттi.

Жоспар бойынша 2020 жылы тағы бiр цифрлық ХҚО Алматы қаласында ашылады, ал egov.kz-пен жұмыс iстеу дағдыларын 1,4 млн. азаматқа үйрету көзделiп отыр.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметi
www.gov4c.kz 

Миллионнан аса қазақстандықтың «қалтасында ХҚО» бар

Мобильдi азаматтар базасына тiркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлерi арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервистi ХҚО-ға бармай-ақ ала алады.

Ұялы телефон көмегiмен бiрқатар мемлекеттiк қызметтiң қолжетiмдiлiгi жөнiнде бүгiн Үкiмет отырысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып бердi.

Бүгiнде 1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегiмен азаматтар көбiне соттылықтың болу/болмауы, псих-нарко диспансерлердiң есебiнде болмау, жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы сияқты қызметтермен, сондай-ақ ХҚО кезегiн брондау, айыппұлдардың барын тексеру тәрiздi сервистердi жиi пайдаланған.

Электронды үкiмет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгiнде 28 қызмет қолжетiмдi. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәлiметтерiмен сәйкестендiрiп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкiндiк берiп отыр. 1,5 айдың iшiнде ғана оны қазақстандықтар 205 мың рет жүктеп алған.

«Халық ыңғайлығы үшiн сұранысқа ие анықтамаларды смартфон арқылы жылдам әрi оңай алу мүмкiндiгiн жасадық. Кейбiр анықтамаларды не бәрi 1 минуттың iшiнде алуға болады. Есесiне қаншама уақыт, қаржы үнемделедi. Адамдар ХҚО-ға ұмтылмай, қалтасындағы ұялы телефонның бар мүмкiндiгiн пайдалануы тиiс», — дейдi басқарма төрайымы.

Тұрғындар арасында «Қалтадағы ХҚО» қызметiн пайдаланушылар санын арттыру үшiн әр ХҚО-да мобильдi тiркеу секторлары ашылған. Онда мамандар азаматты базада тiркеп, бiрден қосымша мен телеграм, фэйсбук және вконтакте әлеуметтiк желiлерiндегi боттар арқылы қызметтердi алу жолдарын көрсетедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметi
www.gov4c.kz 

Азаматтық хал актiлерiн кез келген аймақта тiркеуге болады

Ендi қазақстандықтар азаматтық хал актiлерiнiң барлығын тұрғылықты тiркеу орнына қарамастан, кез келген жерден ала алады. Бұл туралы заңға енгiзiлген түзетулер бүгiн Парламент Сенатында қабылданған заң жобасында қарастырылды.

Жаңашылдық баланың тууына, некенi тiркеу мен ажырасуға, аты-жөнi мен тегiн өзгертуге, қайтыс болу құжаттарын тiркеу сияқты қызметтердi қамтиды. Еске салайық, бұрын азаматтар аталған мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн тұрғылықты тiркеу орны немесе тiркеу жазбасының орналасқан жерi бойынша мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне немесе АХАТ бөлiмiне хабарласатын. Ендi азаматтық хал актiлерiне қатысты 5 түрлi қызметтi кез келген ХҚО-дан немесе АХАТ-тан алуға болады. Бұл керектi құжаттарды аз уақыт iшiнде алуға және сыбайлас жемқорлық деректерiн болдырмауға мүмкiндiк бередi.

«Бұрын құжаттарды рәсiмдеп алу үшiн өтiнiш берушi тiркеу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тiркеушi органға хабарласып, 5-тен 30 күнге дейiн жауап күтетiн, бұл қызмет алушылар үшiн қолайсыздық пен қосымша қағазбастылықты тудыратын. Мәселен, егер азамат бiр аймақта тегiн өзгерту туралы өтiнiш бiлдiрсе, мемлекеттiк орган өзге аймақтан — оның туған жерiнен қосымша мәлiметтердi сұрататын. Тиiсiнше, қызмет көрсету уақыты ұзаратын», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы, заңға ұсынылған түзетулердiң 70% мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру мен автоматтандыруға мүмкiндiк бередi. Электрондық форматқа көшу құжаттарды қабылдау уақыты мен олардың санын қысқартады, әкiмшiлiк кедергiлердi жояды және қызметтердi алу процесiн жеңiлдетедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

еgov.kz-та мекенжай мәлiметтерiн ұсынатын сервис қалай жұмыс iстейдi

1 қарашадан бастап өз атыңыздан үшiншi тұлғаларға мекенжай мәлiметтерiн көруге рұқсат беретiн сервис қызмет көрсете бастайды. Оның қалай жұмыс iстейтiнiн бүгiн #OqyToqy айдарында толығырақ айтып беремiз!

Egov.kz порталында қызмет қалай аталады?

  • Үшiншi тұлғалардың анықтамаларды алу сервисi

Қызметтi онлайн қалай алу керек?

  • Өз атыңыздан үшiншi тұлғаларға мәлiметтердi көруге рұқсат беру үшiн мәлiметтердi сұратушы тарап порталда авторизациядан өтiп немесе тiркелiп, қызметке онлайн тапсырыс беру батырмасын басуы керек;
  • Сұрау жасатқан тарап сiздiң ЖСН-iнiңiздi енгiзуi қажет;
  • Берiлген анықтамалар мен қызметтер iшiнен «Мекенжай мәлiметтерiн сұрату» қызметiн таңдап, ЭЦҚ-мен немесе смс-пароль көмегiмен қол қоюы керек;

Бұл ретте, сiзге келген смс-хабарламада үшiншi тұлғаның сiздiң атыңызға мәлiметтердi сұратқаны және оған рұқсат беруiңiздi сұрайды. СМС-ке жауап 2 сағат iшiнде берiлуi керек.

Ескерту: Жүйенi пайдалану үшiн сұратушы тарап пен мәлiметтердi ұсынуға рұқсат берушi тараптың ЭЦҚ-сы немесе мобильдi азаматтар базасында тiркеуi болуы шарт.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Қазақстан — электронды мемлекеттiк қызметтердi дамыту бойынша көшбасшы

Бұл туралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысында Tech Farm басқарушы серiктесi Аман Тентиев мәлiмдедi. Оның айтуынша, Қырғызстанның электронды мемлекеттiк қызметтердiң дамуын қамтитын цифрландыру бағдарламасы 2017 жылы iске қосылды, ал Қазақстандағы электрондық үкiмет қызметi 13 жылдан берi жұмыс iстеп келедi.

«Қазақстан — өңiрдегi электронды мемлекеттiк қызметтердi дамытудағы көшбасшы ел. Азаматтар онлайн тiркелiп, интернет арқылы кәсiпкерлiк аша алады. Бiлуiмше, бұл — елдерiңiзде бес-алты жыл бұрын енгiзiлген қызмет. Қазақстан бұл бағытқа қомақты инвестиция жұмсаған, сәйкесiнше нәтижесiн көрiп келедi», — дейдi Тентиев.

Сонымен қатар Тентиев танымал мэссенджерлер мен әлеуметтiк желiлер арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу жолдарына жоғары баға бердi. «Әзiрге Қырғызстанда барлығы мемлекеттiк қызметтер порталына цифрлық қолтаңбамен кiру арқылы жүзеге асып жатыр. Болашақта бiз де Қазақстанның тәжiрибесiн ескерiп, қызметтердi әлеуметтiк желiлер арқылы көрсетудi жоспарлап отырмыз», — деп толықтырды ол.

Сарапшының пiкiрiнше, азаматтарға цифрлық қызметтердi пайдалануды үйрету көп ұзамай өз жемiсiн бередi: «Барлық адам мемлекеттiк қызметтердi жылдам әрi оңай алғысы келедi. Ешкiм де ХҚО-ға қызметтердi алу үшiн арнайы барғысы келмейдi, сондықтан телеграм боттары мен мобильдi қосымшалар сияқты қызметтердi алудың балама әдiстерi дамиды».

Еске сала кетейiк, өткен аптада Нұр Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өткiзiлдi. Оған әр түрлi елдерден IT-шешiмдер, цифрлық технологиялар және т.б. сала сарапшылары қатысты.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Дата публикации
29 ноября 2022
Дата обновления
29 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
17 октября 2026
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері боинша Қызылжар аудандық мәслихатының депутаттығына кадидаттарды ұсыну туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы