Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапты маманы – Ләззат Ботақызы Қонуспаева, тел. 8-71538-21951
Азаматтық хал актілерді тіркеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапты мамандары – Уәлиев Әділ Серікұлы, Хусаинова Ильмира Альфатовна, тел. 8-71538-21566
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі
Қызылжар ауданы әкімдігінің 2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есебі
Қызылжар ауданы әкімдігінің 2019 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есебі
2020 жылға арналған мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау iс-шаралар жоспары





Әдiлдiк, қарапайымдылық үлгiсi, жоғары моральдық жауапкершiлiк, кәсiби бiлiм, оларды тәжiрибеде қолдана бiлу, адалдық және парасаттылық, белсендi өмiрлiк ұстаным. Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi ұйымдастырған «Елге қызмет ету — мiнезден» республикалық байқауына қатысушылардың пiкiрi бойынша мемлекеттiк қызметшiлер дәл осы қасиеттерге ие болуы тиiс.
Бүгiн Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнде аталған конкурстың жеңiмпаздарын салтанатты марапаттау бойынша шара өттi.
Шараға iрiктеудiң конкурстық комиссия мүшелерi — Агенттiк төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсiп, «Qazaqstan» телеарнасының шеф-редакторы Серiкзат Дүйсенғазы және «Мемлекеттiк, банк мекемелерi және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерiнiң салалық кәсiподағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Мейiрболат Жақыпов қатысты.
Жеңiмпаздарды марапаттай отырып, Дархан Жазықбаев әрбiр мемлекеттiк қызметшi Елбасы — Тұңғыш Президент қойған қоғамға есеп беретiн және кәсiби мемлекеттiк аппаратты қалыптастыру бойынша Стратегиялық бағыттың мiндеттерiн iске асыруға өз үлесiн қосатынын атап өттi.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа қамқорлық жасайтын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғайтын, олардың мұқтаждықтары мен қажеттiлiктерiн еститiн және бiлетiн, туындаған барлық проблемаларға жедел ден қоятын және оларды шешетiн «Назар аударатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу қажеттiлiгiн атап өттi. Мұнда халықпен байланыстың тиiмдi жүйесiн орнату, мемлекеттiк қызметшiнiң жоғары бейнесiн сақтау маңызды рөл атқарады. Мемлекеттiк қызметшiлердiң халықтың игiлiгi үшiн нәтижелi қызметiнсiз елiмiздiң жетiстiгi мен өркендеуiне қол жеткiзу мүмкiн емес», — дедi Д. Жазықбаев
Байқау мемлекеттiк қызметшiлер арасында моральдық-әдептiлiк құндылықтарды насихаттауға және олардың шығармашылық әлеуетiн дамытуға бағытталған.
Бұл ой-додаға тек мемлекеттiк қызметшiлер ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттiк сектор мен бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi де қызығушылық танытты. Оған 200-ге жуық адам қатысты.
Қатысушылардың жұмыстары үш номинация бойынша бағаланды: үздiк эссе / мақала, үздiк бейнеролик, үздiк ұсыныс.
Байқаудың нәтижесiн шығару барысында, «Шығармашыл адамдарға өмiр сүру қызықты, олар адам өмiрiнiң әртүрлi салаларына, ғылымдарға, әсiресе жаңа нәрсе жасауға қызығушылық танытады. Мемлекеттiк аппаратқа өз миссиясын анық түсiнетiн және тәжiрибеде жаңа идеяларды iске асыруға қабiлеттi үлгiлi мемлекеттiк қызметшiлер қажет», — дедi МҚIА Төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.
Байқауға қатысушылар өз еңбектерiнде ұлы адамдардың сөздерiн, оның iшiнде әлемге әйгiлi философ Әбу Насыр Әл-Фарабидiң «Мiнез — жанның айнасы», қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының «Тегiнде адам баласы, адам баласынан ақыл, үтiр, ар, мiнез деген нәрселерден озбақ», Алаш Орданың қайраткерлерi — Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов және әрине Абай, Төле би және басқалардан тұратын қазақ зиялыларының сөздерiн жиi қолданған.
Айта кету керек, бүкiл қазақ зиялылары туған халқының мүдделерiне қызмет етудi өздерiнiң миссиясы ретiнде көрдi, өйткенi олардың өмiрi халыққа шынайы қызмет ету және жанқиярлықпен, азаматтық, адамгершiлiк парыздарын саналы түрде орындаумен ерекшелендi, оны қазiргi мемлекеттiк қызметшiлер ұмытпауы керек.
«Үздiк эссе» номинациясы бойынша марапатталды:
«Үздiк бейнеролик» номинациясы бойынша марапатталды:
«Таңдаулы ұсыныс» номинациясы бойынша марапатталады:
Үздiк жобалар Агенттiктiң ресми сайтында жарияланып, мысал ретiнде мемлекеттiк органдарға жiберiледi.
Естерiңiзге сала кетейiк, ой-дода 2019 жылғы 20 қазанда бастау алып, 15 қарашада аяқталды. байқауға қатысу үшiн үмiткерлер эссе, бейнеролик немесе жалпы сұрақтар бойынша ұсыныстар түрiнде өз көзқарасын ұсынды:
Марапаттау рәсiмiнен кейiн орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың әдеп жөнiндегi уәкiлдерi «Мемлекеттiк қызметтегi этикалық нормалар: тәжiрибе және болашақ» семинарына қатысты.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексiн одан әрi жетiлдiру мәселесi талқыланды, өйткенi қазiргi заманғы талаптар мемлекеттiк қызметтi жетiлдiрудi талап етедi.
«Бұл мәселеде Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң рөлi ерекше», — деп Д. Жазықбаев.
Iс-шара барысында мәжiлiске қатысушылар Әдеп жөнiндегi уәкiлдердiң мәртебесi мен өкiлеттiктерi, өз қызметiндегi проблемалық мәселелердi шешу тетiктерi және басқа да мәселелер туралы ойларын ортаға салып, сонымен қатар алдағы 2020 жылға арналған жоспарларды талқылады. Олардың барлығы Агенттiкпен зерттелiп, талданатын болады.
Агенттiкте атап өткендей, ауқымды алдын алу жұмыстары мемлекеттiк қызметкерлердiң жауапкершiлiк деңгейiн арттыруға мүмкiндiк берiп, мемлекеттiк қызметшiлер арасында қызметтiк әдептiлiктi өрескел бұзу жағдайлары деңгейiн төмендетуге алып келдi.
МҚIА баспасөз қызметi

Электрондық үкiмет мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу рәсiмiн жеңiлдеттi. Кезекте тұрудың қажетi жоқ, керек кабинеттi iздеу және көптеген анықтамаларды жинаудың да қажеттiлiгi жоқ. «Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет eGov электрондық үiкмет порталы арқылы қолжетiмдi болды. Қызметтi үйден шықпай, электронды түрде алуға болады, бұл үшiн интернетке қолжетiмдi және ЭЦҚ болуы қажет (электрондық үiкмет порталы арқылы берiледi www.egov.kz, www.elicense.kz). Бұл үшiн «электрондық лицензиялау» порталына шығып, жүйеге кiру қажет. «Қызметтi онлайн алуға тапсырыс беру» түймешесiн басқаннан кейiн ашылған, «Электрондық лицензиялау» порталының парақшасында өзiңiзге қажет қызмет түрiн таңдау қажет. Қызмет паспортында пайдаланушы құжаттар топтамасымен таныса алады, және де «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймешесi бойынша жолдау мүмкiн. Қажеттi мәлiметтердi көрсеткеннен кейiн, «Жеке кабинетте» ЭЦК көмегiмен өтiнiштi толтырып, қолтаңбасын қойып, «Менiң өтiнiштерiм» тарауында мәртебесiн көруге болады. Бұдан басқа, «Менiң рұқсат етiлген құжаттарым» тарауында рұқсат алу туралы бiлуге болады.
Қызметтi алушылар: Заңды тұлға, Жеке тұлға, Жеке кәсiпкер.
Портал арқылы жүгiнген кезде:
Қызмет құны: тегiн. Көрсетiлетiн қызмет мерзiмi: 7 жұмыс күн.
Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша қызметi туралы есебi


Баспасөз релизi
2018 ж. 6 желтоқсан Петропавл қ.

Бүгiн Петропавл қаласында Көшi-қон орталығы өз есiгiн ашты. Мигранттар үшiн осы маңызды Орталықты «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ-мен бiрлесiп таныстырды. Мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Орал және Қостанайда жұмыс iстеуде.
Ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң мемлекеттiк қызметтер басқармасының басшысы Болат Еңсегенов, Көшi-қон қызметiнiң басшысы Абилов Талғат және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркiн Жұмабай қатысты.
Петропавл қаласының тұрғындары үшiн ХҚО-ның негiзгi мамандануы — еңбек мигранттарына жұмыс iстеуге рұқсат беру және қайта рәсiмдеу болып табылады. Қазiргi уақытта Петропавл қаласына келген шетел азаматтары бiр жұмыс күнi iшiнде «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi ала алады. Бұған дейiн шетелдiктер жұмыс iстеуге рұқсат алу үшiн бес күн жүрсе, ендi рұқсатты бiр сағаттың iшiнде рәсiмдей алады. Ендi мигранттар бiр ғимараттың iшiнде электрондық кезек арқылы қызметтердi ала алады.
«Бұл жерде медициналық тексерiс пен дактилоскопиядан өтiп, сақтандыру полисiн рәсiмдеуге және жеке сәйкестендiру нөмiрiн алуға болады, сонымен қатар Көшi-қон орталығының қолайлы жағдайлары құжаттарды рәсiмдеудiң барысын мигранттар үшiн барынша ыңғайлы етедi», — дедi Еркiн Жұмабай.
«Мечта» ТК (Жамбыл к-сi, 71 А) ғимаратында орналасқа Көшi-қон ХҚО-да «бiр терезе» қағидаты бойынша қызметтердi алудан бөлек, мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға кедергiсiз және ыңғайлы пайдалану үшiн барлық жағдайларлар жасалған. Ғимараттың кiреберiсi мүгедектерге арналған сырғыма баспалдақпен және қызметкерлердi шақыру түймесiмен жабдықталған. Мемлекеттiк қызметтердi мигранттар күнделiктi (сенбi, жексенбi және мереке күндерiнен басқа) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейiн түскi үзiлiссiз ала алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының
PR-менеджерi Нургалиев Ерназар
Тел: 8-775-443-91-09
Бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын жақсарту өзектi мәселе болып табылады. Осыған орай, E.gov.kz электрондық үкiмет порталын насихаттау бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, ол өз кезегiнде «делдалсыз» мемлекеттiк қызметтердiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыруда маңызды буын болып табылады.
Азаматтардың электрондық мемлекеттiк қызметтердi алуда тең құқықтылықты және қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында Қызылжар ауданының ауылдық округтерiнде өзiне қызмет көрсету аймақтары («Connection point») орнатылған, олар арқылы электрондық үкiмет порталы арқылы азаматтар өздерi мемлекеттiк қызметтердi ала алады. Оған қажетi — тасымалданатын электрондық тасымалдаушыдағы немесе жеке куәлiктегi электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы. Электронно-цифрлық қолтаңбаны «Азаматтар үшiн үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының (ХҚКО) кез келген бөлiмiнде жеке куәлiктi ұсыну арқылы алуға болады.
ХҚКО бара алмайтын азаматтар үшiн «Мобилдi ХҚКО» жұмыс iстейдi, ол арқылы мемлекеттiк қызметтердi, мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша кеңестердi, ЭЦҚ алуға болады.
«Қызылжар ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ көрсететiн мемлекеттiк қызметтер регламенттерi
«Қызылжар ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ көрсететiн мемлекеттiк қызметтер стандарттары
Қазақстанда бизнестi www.egov.kz арқылы жылдам әрi оңай ашуға болады. Электрондық үкiмет порталында кәсiпкерлердiң игiлiгi үшiн «Банктiк шот ашуды және қызметкердi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезiнде жазатайым жағдайлардан мiндеттi сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тiркеу» композиттiк қызметi iске қосылды. Ендi жеке iсiн ашқысы келетiн азаматтар үш қызметтi бiрден ала алады: заңды тұлғаны тiркеу, банктiк шот ашу және сақтандыру туралы келiсiм-шарт жасау. Бұл мемлекеттiк қызмет көрсету барысында «бiр өтiнiш» қағидатын қолданудың үлгiсi болып табылады.
Осы уақытқа дейiн азамат заңды тұлғаны тiркегеннен кейiн банктiк шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшiн салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиiс едi. Ал осы бiрнеше қызметтi бiрiктiрген композиттiк қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдiсiн айтарлықтай жеңiлдетедi. Ендi екi күннiң iшiнде (өтiнiш берген күндi есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуге алынғаны туралы куәлiктi, банктiк шот нөмiрiн және қызметкерлердi жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келiсiм-шартты алуға болады.
Заңды тұлғаны электрондық тәсiлмен тiркеу кезiнде әзiрше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тiзiм тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.
Айта кету керек, бұл композиттiк қызметтi қолдану үшiн құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тiркеуден өтуi тиiс.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

«Электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды жеңiлдету мақсатында бiр реттiк парольдiң көмегiмен қызметке тапсырыс беруге мүмкiндiк жасалған.
Ол қалай жқмыс iстейдi?
Бiр реттiк пароль — бұл sms-хабарлама, ол сұрау жiбергеннен кейiн азаматтың мобильдi телефонына келедi. Ол телефонына тексерiс кодын алады, оны e-gov.kz енгiзу қажет. Кодты енгiзгеннен кейiн портал автоматты түрде сiздiң номерiңiздi тексередi және телефон номерi мен осы базада тiркелген номермен сәйкес келген жағдайда сұралған қызмет нәтижесi тез арада ұсынылатын болады.
Мабильдi азаматтар базасына қалай тiркелуге болады?
Телефон номерiңiздi алушының жеке кабинетiнде не «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына жүгiну арқылы ЖСН байлауға болады.
Бiр реттiк пароль бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi:
Қызылжар ауданындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары туралы ақпарат
| № | Сектор құрылған ұйымның атауы | Мекен жайы |
| 1 | «СҚО Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Архангельск а. |
| 2 | «СҚО Қызылжар ауданы Асанов ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Асаново а. |
| 3 | «СҚО Қызылжар ауданы Березовск ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Большая Малышка а. |
| 4 | «СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Бескөл а., Гагарин к., 11 |
| 5 | «СҚО Қызылжар ауданы Бугровое ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Бугровое а. |
| 6 | «СҚО Қызылжар ауданы Вагулин ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Вагулино а. |
| 7 | «СҚО Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Виноградовка а. |
| 8 | «СҚО Қызылжар ауданы Қызылжар ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Бәйтерек |
| 9 | «СҚО Қызылжар ауданы Куйбышев ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Боголюбово а. |
| 10 | «СҚО Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Пресновка а. |
| 11 | «СҚО Қызылжар ауданы Налобин ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Налобино а. |
| 12 | «СҚО Қызылжар ауданы Новоникольск ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Новоникольское а. |
| 13 | «СҚО Қызылжар ауданы Петерфельд ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Петерфельд а. |
| 14 | «СҚО Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Прибрежное а. |
| 15 | «СҚО Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Рассвет а. |
| 16 | «СҚО Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Пеньково а. |
| 17 | «СҚО Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Знаменское а. |
| 18 | «СҚО Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | Соколовка а. |
| 19 | «СҚО Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округ әкімінің аппараты» КММ | с.Якорь |
| 20 | «СҚО Қызылжар ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ | Бескөл а.,.Институт к.,1 |
| 21 | «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҮАҚ Қызылжар ауданы бойынша филилалы | Бескөл а., Институт к., 1Б |
| 22 | «Қызылжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» КММ | Бескөл а., Гагарин к., 8 |
| 23 | «Қызылжар аудандық архив» ММ | Бескөл а., Спортивная к., 2 |
| 24 | Қызылжар аудандық соты | Бескөл а., Комаров к., 2 |
| 25 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «Бескөл орта мектеп-гимназиясы» КММ | Бескөл а., Гагарин к., 13 |
| 26 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «Парасат» мектеп -лицейі» КММ | Бескөл а., Институт к., 1 |
| 27 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «№ 2 Бескөл орта мектебі» КММ | Бескөл а., Спортивная к, 13 |
| 28 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «Новокаменка орта мектебі» КММ | Новокаменка а., Школьная к., 6А |
| 29 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «Красноярка негізгі мектебі» КММ | Красноярка а.,.Школьная к., 23 |
| 30 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «Приишимка негізгі мектебі» КММ | Приишимка а., Школьная к, 9 |
| 31 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «Кондратовка орта мектебі» КММ | Кондратовка а., Первая к., 1 |
| 32 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «Шаховское орта мектебі» КММ | Шаховское а., М. Қасенов к., 2 |
| 33 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «Водопроводное негізгі мектебі» КММ | Водопроводное а, Первая к., 32А |
| 34 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «Белое орта мектебі» КММ | Белое а., Советская к., 6 |
| 35 | Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ «Чапаево негізгі мектебі» КММ | Чапаево а., Школьная к., 27 |