«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 31, 37 баптарына, «Облыс әкімдігінің (республикалық маңыздағы қала) және аудан (облыстық маңыздағы қала) Типтік регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі №546 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қызылжар ауданы әкімдігінің қоса берілген Регламенті бекітілсін. «Қызылжар ауданы әкімдігінің регламенті туралы» Қызылжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы №191 қаулысының күші жойылсын. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Пшенбаев
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 05 қаңтардағы №1 қаулысымен
бекітілген
Қызылжар ауданы әкімдігінің регламенті
Жалпы ережелер
Қызылжар ауданы әкімдігінің осы Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президенті актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылауды іске асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына және басқа Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді. Регламент мына тәртіптерді реттейді:
1) Қызылжар ауданы әкімдігінің (бұдан әрі - әкімдік) қызметі;
2) әкімдік отырыстарын дайындау және өткізу;
3) әкімдік және Қызылжар ауданы әкімінің(бұдан әрі – аудан әкімі) актілері жобаларын дайындау және ресімдеу;
4) заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау және тексеру ұйымдастыру.
Регламент мақсаты мыналар болып табылады:
1) әкімдік қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдері жобаларын сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
2) барлық жергілікті атқарушы органдардың және ауданның лауазымды тұлғаларының үйлесімді әрекеттерін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың өзара байланысты жауапкершілігін белгілеу.
Әкімдік Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне енеді, Қызылжар ауданының даму мүддесі мен сұраныстарын астастыра отырып, жалпы мемлекеттік атқарушы билік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Әкімдікті аудан әкімі басқарады. Әкімдік құрамын, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі-атқарушы органдар) бірінші басшыларынан қалыптастырады.
Әкімдік мүшелерінің саны аудан әкімімен айқындалады.
Әкімдіктің дербес құрамы аудан әкімінің ұсынымы бойынша аудандық мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
Әкімдіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.7. Аудан әкімінің аппараты (бұдан әрі – аппарат) әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдауды, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді іске асырады. Әкімдіктің іс қағаздарын жүргізу және әкімдікке түсетін хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін және аудан әкімі (бұдан әрі – әкім) бекітетін тәртіппен іске асырылады. Кіріс хат-хабарларды қабылдау және шығыс хат-хабарларды жөнелту электрондық құжат айналымы жүйесі, сондай-ақ өзге де тәсілдер арқылы іске асырылады. Мемлекеттік органдарға және меншіктің барлық түріндегі ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға (соның ішінде электрондық құжаттар нысанында) мемлекеттік тілде елтаңбалы бланкте ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
Жұмысты жоспарлау
Әкім орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімдікке және әкімнің қарастыруына енгізілген осы Регламентпен белгіленген нормативтік құқықтық актілер жобалары өту тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің жыл сайынғы тізбесін әкімдік мүшелері және аппараттың құрылымдық бөлімшелер басшылары, жергілікті атқарушы органдар ұсыныстары бойынша ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесі жасайды. Тізбе аудан әкімі орынбасарымен, аудан әкімі аппаратының басшысымен, аудан әкімі аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс құрылымдық бөлімшесі, заң мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысымен келісіліп, 10 желтоқсанға дейін аудан әкімімен бекітіледі. Бекітілген тізбе әкімдік мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, атқарушы органдар басшыларына, селолық және ауылдық әкімдеріне және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады. Әкім тиісті атқарушы органның бірінші басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негізінде жоспарланған мәселені тізбеден алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Әкімдік мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
Әкімдіктің отырыстарына дайындықты және өткізуді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және карлармен жұмыс құрылымдық бөлімшесімен және жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесімен іске асырылады; Әкімдік мәжілістері айына бір реттен кем өткізілмейді және оны аудан әкімі шақырады. Қажет болған жағдайда аудан әкімі әкімдіктің шұғыл отырысын шақырады. Әкімдіктің мәжілістерінде әкім, ал ол болмаған жағдайда, әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді. Әкімдіктің мәжілістері, әдетте, ашық болып табылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қажетті болған жағдайда, жекелеген мәселелер әкімдіктің жабық мәжілістерінде қаралуы мүмкін, сондай-ақ әкімдіктің көшпелі отырыстары өткізілуі ықтимал.
Әкімдік мәжілісі, егер оған әкімдік мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды саналады. Әкімдік отырысында мәселені қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады.
Қаулы әкімдіктің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Әкімдік отырыстарына аудан әкімімен келісілген тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, аудандардың, қалалардың әкімдері, сондай-ақ орталық мемлекеттік атқарушы органдары аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге лауазымды тұлғалар кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады. Аппараттың және атқарушы органдардың әкімдік отырыстарында қаралуға тиісті мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып іске асырылады:
1)қолы осы органның ресми орнын растайтын, құжатты енгізетін органның бірінші басшысы, болмаса оны алмастыратын тұлға (бұдан әрі – бірінші басшы) әкімдік мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына алдын ала бұрыштама қояды;
2) әдетте, қаулы жобасы мен анықтама мәтіні 5 парақтан аспауы тиіс;
3) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша жоба және анықтама тақырыптары бірдей болуы тиіс;
4) әкімдік мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған жағдайда, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;
5) талқыланатын мәселелер бойынша әкімдік мәжілісіне шақырылғандардың тізімін айқындауды және нақтылауды қаулы жобасын әзірлеушілер іске асырады.
Аудан әкімі аппаратының басшысы әр айдың бесі күніне дейінгі мерзімде жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше ұсынған аудан әкімдігі мәжілісінің күн тәртібін аудан әкіміне бекітуге ұсынады. Әкімдік мәжілісінің күн тәртібін аудан әкімі бекіткеннен кейін жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше ай сайын онына дейінгі мерзімде жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысы бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес күн тәртібін әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға таратуды қамтамасыз етеді.
Аудан әкімдігінің кезектен тыс мәжілісін өткізу кезінде жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше аудан әкімі бекіткен күн тәртібін мәжіліске үш күн қалғанда жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысы бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға таратуды қамтамасыз етеді.
Тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда, аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын тұлғаға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Шұғыл түрде әкімдік мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер жөніндегі материалдар аппаратқа ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін, болмаса үштен екі бөлігі қағидатын сақтай отырып, әкімдік мүшелеріне сауалдама жүргізу жолымен қабылданады.
Жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше әкімдік мәжілісінде қабылданған шешімдер, мемлекеттік тілде елтаңбалы бланкте хаттамамен (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі) мәжіліс аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат басшысы, әкімдікте мәселелерді қарау құзыретіне енетін аудан әкімінің орынбасары бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға реттік нөмірлер беріледі. Қаулыларда көрсетілген және аудан әкімдігі мәжілісінің барысында берілген тапсырмалар тікелей орындаушыларға, басқа да мүдделі органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі. Таратудың тізбесін жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысы бекітеді.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшеде сақталады.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін ведомстволық мұрағатқа өткізіледі.
Аудан әкімдігінің және әкімнің актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі, шығарылған актілер мониторингі
Тиісті қаулы қабылдау үшін әкімдік атына жіберілетін ұсыныстар атқарушы органдармен мына мәселелер бойынша енгізіледі:
1) әкімдік құзыретіне енетін;
2) жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелері қызметін үйлестіруді талап ететін;
Аппарат және жергілікті атқарушы органдар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 719 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу және келісудің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 16 тамыздағы №773 қаулысына, осы Регламентке сәйкес әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) дайындауды іске асырады.
Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.
Жобаның келісу парағында «ескертулермен» деген белгі болған жағдайда, бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар қол қойған келіспеушіліктер туралы қажетті түсіндірмелермен анықтама қосылады.
Жазбаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, қаралып отырған мәселелердің мән-жайы құзыретіне кіретін әкімнің орынбасары, аппарат басшысы болмаса оның орынбасарларымен кеңес шақырылуы мүмкін.
Келіспеушіліктер жойылған жағдайда сәйкес орган белгіленген мерзімде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, ақтық шешім қабылдау үшін аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы ол туралы аудан әкіміне болмаса, оның алмастыратын тұлғаға хабарлайды.
Жобалардың уақытылы, сапалы әзірленуіне және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің бірегейлігіне оны әзірлеуді іске асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапкершілік тартады. Жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі:
1) құзыретіне орай мүдделі атқарушы органдармен қаралатын мәселелердің мән-жайын ескере отырып, атқарушы органдармен;
2) жергілікті бюджетті қаржыландыру, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен бюджеттік бағдарламаны іске асыру, тауарларды, жұмысты және қызметті, коммуналдық меншікті мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша – аудандық қаржы бөлімімен:
3) бюджеттік жоспарлау, экономикалық мақсаттылығы және ел мен өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына және бағдарламасына сәйкестігі, қаржыландыру жобасының қамтамасыз етілу мәселелері бойынша – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен;
4) нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында тіркеген жағдайда жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдерінде бірегейлігі мәселесі бойынша – мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен.
Жобаны әзірлеуші жобаның барлық мүдделі атқарушы органдармен келісілуін ұйымдастырады.
Бұл ретте атқарушы органдарда келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі және жобалардың түскен және тіркелген сәтінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Әкім және аппарат басшысы келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады.
Әкімнің, әкім орынбасарларының, аппарат басшысының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдар басшылары немесе кеңестегі (мәжілістегі) олардың орынбасарлары жобаға бұрыштама қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды тұлғалар жобаға өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды.
Жобаны келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеулермен келісуден бас тартуға тиіс емес.
Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша әзірлеушіге бірінші басшының не оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуы тиіс:
1) жоба ескертулерсіз келісілген (жоба бұрыштамасы бар);
2) жоба ескертулермен келісілген (жобадағы қоса берілуге тиіс ескертулермен бұрыштама);
3) жобаны келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
Келісудің мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші жобаның түпкілікті нұсқасына мүдделі органдардың барлық ұсыныстарын жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте түпкілікті нұсқаны дайындау үдерісінде әзірлеуші өзі келіскен, атқарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды.
Қажет болған жағдайда, әкімнің, әкім орынбасарларының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, әлеуметтік экономикалық салдарын, ол қабылдаған жағдайда, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржылық шығыстар негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімдіктің және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді.
Мемлекеттік органның басшысы–жобаны әзірлеуші екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына алдын ала қол қоюы тиіс.
Жобаны әзірлеуші жобада бұрын бір мезгілде қабылданған актілерді қабылданатын актілерге сәйкес келтіру бойынша норма көздейді және нақты орындалу мерзімімен тапсырмалар тұжырымдайды. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және қорытынды дайындау үшін (бұдан әрі – тексеріс) аппаратқа енгізіледі.
Аппараттың жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінде тіркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған жағдайда, аппарат жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға хақылы.
Жоба тіркелгеннен кейін оның мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бірегейлігі аппараттың жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінде тексеріледі және құрылымдық бөлімшелерде тексерістен өтеді. Жобаға тексеріс жүргізу мерзімі 3 жұмыс күннен аспауы тиіс.
Аппарат оның мәтіндерінің сәйкестігін тексеру, тексеріс жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны төмендегі негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға хақылы:
1) жобаның мемлекеттік және орыс тілдерінде мәтіндерінің біргейлігінің болмауы;
2) оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкеспейтіндігі;
3) осы Регламенттің талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.
Басқа желеулер бойынша теріс қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.
Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес іске асырылады. Оларда мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, әкімнің орынбасарлары қажет болған кезде нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырады.
Жоба әкім орынбасарларының келісуін өткеннен кейін аудан әкімі аппараты басшысымен келісіледі.
Аудан әкімі әкімдік қаулыларына, әкім шешімдері мен өкімдеріне қол қояды. Оларға қол қойғаннан кейін көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларына түзетулер енгізуге жол берілмейді.
36-1. Аудан әкімі қол қойған аудан әкімдігінің қаулысы, әкімнің шешімі мен өкімдері оларды есепке алуды және тіркеуді іске асыратын жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшеге түседі.
36-2. Қол қойылған әкімдік қаулыларына, аудан әкімнің шешімдері мен өкімдеріне мыналардан тұратын тіркеу номерлері беріледі:
1) қаулылар мен шешімдер үшін – күнтізбелік жылдың басынан реттік номер, өкімдер үшін – сызықша арқылы «ө» әрпі көрсетіле отырып, күнтізбелік жылдың басынан реттік номер;
2) құпия немесе өте құпия мәліметтері бар қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін – сызықша арқылы құпия үшін «қ» әрпін және өте құпия қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін «өқ» әріптерін, құпия мәліметтері бар қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін реттік номер қоя отырып, құпия емес қаулылар, шешімдер (өкімдер) үшін реттік номер.
Жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысы бекіткен тарату көрсеткішіне сәйкес аппараттың жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесіне әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің расталған көшірмелерін таратады.
Әділет органдарында тіркелуге жататын әкімдіктің және аудан әкімінің актілері тіркелгеннен кейін алушыларға жөнелтіледі.
Әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінде сақталады.
Құжаттардың уақытылы шығарылуына және алушыларға жөнелтілулеріне жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше жауапкершілік тартады.
Техникалық қателер табылған жағдайда, әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылуы тиіс. Әкімдікпен және әкіммен қабылданған актілердің бақылау даналарын есептеу, жүйелеу және жүргізу, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу жалпы бөлімнің шешімдер шығару жөніндегі секторымен іске асырылады. Әкімдіктің және аудан әкімінің жалпы міндетті мәні бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандығына және міндеттеріне қатысты барлық актілері әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуге және ресми жариялау құқығын алуға конкурста жеңімпаз болған газеттерінде міндетті жариялануға жатады.
Актілерді мемлекеттік тіркеуге таңдау және оларды(ZIP) мұрағаттық нысанын сақтаумен электронды пошта арқылы баспалық және электрондық түрде әділет органдарына жіберуді заңнамалық белгіленген тәртіпте аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімі іске асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген актілерді жариялауға жіберуді аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімі заңнамада белгіленген тәртіпте іске асырады. Нормативтік құқытық актілерді ресми жариялау кезінде мемлекеттік тіркеу номері мен датасын көрсету міндетті болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілер күшін жойды деп танылған жағдайларда заң мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшесімен бір апталық мерзімде әділет басқармасына және актіні растайтын көшірмесінің қосымшасымен жариялау үшін ресми баспалық баспасөздерге хабарланады.
Нормативтік құқықтық актілердің мониторинг жүргізілуінің толықтығын қамтамасыз ету үшін заң мәселелері жөніндегі бөлімше тоқсан сайын әділет органдарына ай сайын, 10 күніне, есепті кезеңнен кейінгі, болмаса, қажет болған жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте басқа мерзімде әкімдік қаулылары мен әкім шешімдерінің тізбесін ұсынады. Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкімдік және әкім қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі тұлғаларға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртіппен жалпы мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімше іске асырады.
Заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдік пен облыс әкімі актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау және тексеріс ұйымдастыру тәртібі
Заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, әкімдіктің және облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілерінің орындалуын ұйымдастыру заңнамамен көзделген тәртіпте іске асырылады. Заңнамалық актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмалары және өз құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың өзге де тапсырмалары бақылауға алынады. Заңнамалық актілер, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуына жауапкершілік, осылар орындауға жіберілген, атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі. Әкімдіктің және аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмалар, белгіленген атқарылу мерзімін ескере отырып, төмендегі бақылау түрлеріне қойылады:
1) шұғыл – «аса шұғыл» белгісі барлары – үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жылдамдатылсын» - бес жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді – он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) ортамерзімдік – бірден алты айға дейін;
4) ұзақ мерзімді – алты айдан астам.
Мерзімдері белгіленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнінен есептелетін орындаудың бірайлық мерзімі белгіленеді.
Атына тапсырма берілген мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өкілдері отырысқа қатысқан, тапсырманы орындауға мәжілістен кейін дереу, отырыс хаттамасы немесе аудан әкімі қол қойған тапсырмасын күтпестен кірісуге міндетті.
Бірнеше атқарушыға берілген тапсырмаларды орындауды, тапсырмада бірінші тұрған немесе оның қасында «(шақыру)» деген белгі тұрған лауазымды тұлға үйлестіреді. Егер, тапсырманың белгіленген мерзімінде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (болмаса оның міндетін атқарушы тұлға) дер уақытында, алайда белгіленген мерзіміне дейін үш күннен кешіктірмей кідірудің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оны орындау мерзімін ұзарту туралы осы тапсырманы берген лауазымды тұлғаға жазбаша хабарлауы тиіс. Әкімдіктің, аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімін ұзарту, соның ішінде оларды ортамерзімдік және ұзақмерзімдік бақылауға ауыстыруға аудан әкімінің немесе аппарат басшысының шешімі бойынша бер реттен асырмай жол берілмейді. Әкімдіктің, аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілерінің және тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімін екінші қайтара ұзартуға, аудан әкімінің немесе аппарат басшысының шешімімен айырықша жағдайларда, жергілікті атқарушы орган басшыларының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарай отырып, жол беріледі.
Аппаратқа әкімдіктің, аудан әкімінің оның орынбасарларының және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын орындау мерзімін ұзарту туралы екі реттен артық ұсыныс енгізілген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар басшыларын тәртіптік жазалау туралы мәселе қаралады.
Актілер мен тапсырмалар тармақтарын бақылаудан алу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) толық және сапалы орындалуы;
2) туындаған объективті жағдайға қарай атқарудың мүмкін болмауы.
Аппаратпен, аудан әкімі айқындаған тәртіппен заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті қамтамасыз ету. Аппараттың ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс аудан әкімін Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және облыс әкімінің заңнамалық актілерінің орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар ете отырып, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмаларын орындауға бақылауды сәйкесінше аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысы орынбасарының бас мамандары, ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімшесінің басшысы тапсырманы орындау құзыретіне енетін басқармалармен бірлесіп іске асырады.Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы заңнамалық актілерді, Республика Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.