Аудан әкімінің
2014 жылғы «25» қарашадағы
№275-ө өкіміне қосымша
Қызылжар ауданы әкімі, әкімнің орынбасарлары және аудан әкімі аппараты басшысының арасындағы міндеттерді бөлу
Қызылжар ауданының әкімі Б.С. Жұмабеков
Әкім аудан аумағындағы мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің келісімді қызмет етуін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттіктері мен өзін-өзі басқару функцияларына ие, Қызылжар ауданының әлеуметтік – экономикалық даму жағдайына жауапты, Қызылжар ауданы әкімдігін басқаратын Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылады.
Аудан әкімі дара басшылық қағидатында әрекет етеді.
Ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының, діни бірлестіктердің мәселелеріне жетекшілік етеді.
Жастар және әйелдер ұйымымен, партиялар мен қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті іске асырады.
Мыналардың қызметтеріне тікелей басшылық етеді:
- аудандық әкімдіктің;
- аудан әкімі орынбасарларының, аудан әкімінің аппарат басшысының, ауылдық округ әкімдерінің;
- заң мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы және аудан әкімі көмекшісінің;
- аудандық бюджеттік комиссияның.
Мыналардың қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады:
- заң мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшенің;
- экономика және қаржы бөлімінің;
- ішкі саясат бөлімінің.
Мыналардың келісімді қызмет етуін қамтамасыз етеді:
ауданның атқарушы органдарының және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің, аудандық ішкі істер бөлімінің, әділет басқармасының.
Мыналармен бірлесіп әрекет етеді:
- Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетімен;
- Облыс әкімімен;
- Аудандық мәслихатпен;
- Прокуратурамен;
- Сотпен;
- Аудандық ішкі істер бөлімімен;
- Аудандық қорғаныс істері бойынша бөліммен;
- Аудандық сайлау комиссиясымен.
Мыналармен байланысты жүзеге асырады:
аудандық газет редакцияларымен.
Мына комиссияларға, үйлестіру кеңестеріне басшылық етеді:
- аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
- аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
- аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия;
- мемлекеттік рәміздер бойынша комиссия;
- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша кеңес;
- діни бірлестіктермен байланыстар бойынша.
Аудан әкімі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қатынастарда ауданның мүддесін қорғайды.
Аудан әкімінің экономика және ауыл шаруашылық жөніндегі орынбасары Р.Е. Рамазанов
Ауыл шаруашылық және агроөнеркәсіп кешендерін дамыту, өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, жер қатынастары, аграрлық ғылым, геология, экономикалық жоспарлау және бюджетті және бюджетаралық қатынастарды, қаржылық, салықтық және тарифтік саясатты дамыту, коммуналдық меншік және жекешелендіру, кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, жаңа технологияларды, сауданы, ішкі экономикалық байланыстарды, шекаралық ынтымақтастықты дамыту, жерасты байлығын пайдалану және қорғау, туризм, жұмыспен қамту орталығы, көші-қон, еңбек мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың және аумақтық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді.
Мемлекеттік сатып алу, салық және қаржы-несиелік тәртіпті ұйымдастыру, еңбекақы төлемдерін арттыру мәселелері.
Қылмысты ескерту бойынша, оның ішінде субъектілердің өзара әрекеттестігін ұйымдастыру профилактикасы бойынша шұғыл жұмыстар мәселесі.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына мониторинг жүргізу, олардың қызметінің нәтижелілігін талдау және ауданда экспортты әлеуетті және өндірістің артуы резерві барларды анықтау.
Жер учаскелерін бөлу, жер асты байлығын пайдалану құқығын беру, инфрақұрылыммен, қажетті қаржы қаражатымен қамтамасыз ету, техникалық және консультативтік көмек көрсету, сондай-ақ инновациялық және озық технологияларды ендіру, жаңа өнім және қызмет түрлерінің инновациялық әзірлемелерін игеруді тездету мәселелерін шешуді қоса есептегенде жобаларды жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңнама аясында жағдай жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері.
Жоғары тұрған органдармен жетекшілік ететін салалар бойынша бірлесіп әрекет етеді.
Бөлімдердің қызметін жалпы бақылайды:
- ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі;
- жер қатынастары бөлімі;
- экономика және қаржы бөлімі;
- кәсіпкерлік бөлімі;
- жұмыспен қамту орталығы.
Жетекшілік ететін салалар бойынша бақылау:
- мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, облыс әкімінің, аудан әкімі тапсырмаларының орындалуына;
- мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына.
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына.
Көрсеткіштерге жалпы бақылау:
- аудан рейтингіне және ауылдық округ әкімдерінің рейтингіне;
- облыстық, сондай-ақ аудандық деңгейлерде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау.
Мыналармен байланысты жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринарлық бақылау және агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Қызылжар аумақтық инспекциясымен;
- «Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығының Солтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
- аудандық зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық бөлімшесімен;
- аудандық салық комитетімен;
- аудандық Қазынашылықтың бөлімшесімен;
- аудандық статистика басқармасымен;
- аудандық «Қазпошта» АҚ филиалымен;
- «Фитосанитарлық диагностика және болжам республикалық әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің аудандық филиалымен.
Мына комиссияларға басшылық етеді:
- кредиторлық берешекті өтеу бойынша;
- салықтық және басқа да бюджетке төлемдер бойынша;
- еңбекақыны уақытында төлеу бойынша дағдарысқа қарсы штабты;
- бюджеттік комиссияны;
- кәсіпкерлікті дамыту бойынша;
- жер комиссиясын;
- субсидия беру бойынша;
- жетекшілік ететін салалар бойынша басқа да консультативтік-кеңес органдары.
Аудан әкімі жоқ кезінде оның орнын басады.
Аудан әкімінің жедел мәселелер жөніндегі орынбасары Б.С. Жүнісов
Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмылдыру дайындығы бойынша, азаматтық қорғаныс, апат және стихиялы апаттарды ескерту және жою, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, балық, орман шаруашылығы, отын-энергетикалық кешен, энергетика және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша аудандық және мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.
Құрылыс, барлық көлік түрлері, жол, телекоммуникация мәселелері.
Төтенше жағдайларды ескерту және жою мәселелері.
Инженерлік коммуникация, тұрғын үй-коммуналдық саласы, коммуналдық салада тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау және су шаруашылық іс-шараларын жүзеге асыру, жылыту маусымына әлеуметтік - өндірістік инфрақұрылымды тұрғын үй объектілерін дайындау, елді мекендерді абаттандыру.
Жетекшілік ететін салалар бойынша жоғары тұрған органдармен өзара әрекет етеді.
Бөлімдердің қызметін жалпы бақылайды:
- құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі;
- ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
- ТЖ бөлімі;
- өрт сөндіру бөлімі.
Жетекшілік ететін салалар бойынша бақылау:
- мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, облыс әкімі, аудан әкімі тапсырмаларының орындалуына;
- мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына;
- аудан рейтингіне және ауылдық округ әкімдерінің рейтинг көрсеткіштеріне;
- облыстық, сондай-ақ аудандық деңгейлерде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына.
Мыналармен байланысты жүзеге асырады:
- аудан аумағында орналасқан шекаралық бақылау отрядтарымен;
- қоршаған ортаны қорғау облыстық аумақтық басқармасы филиалымен;
- «Жігер» ШЖҚ МКК;
- ауданның электр желісімен;
- аудандық өртке қарсы қызмет және ТЖ бөлімімен;
- аудандық «Қазақтелеком» АҚ филиалымен;
- «Есіл су» РМК аумақтық бөлімшесімен;
- аудандық жылжымайтын мүлік орталығы филиалымен.
Мына комиссияларға жетекшілік етеді:
- тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау бойынша;
- төтенше жағдайлар бойынша;
- көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша;
- су тасқыны комиссиясы;
- азаматтық қорғаныстың басқарушылық органдары және төтенше жағдайларды ескерту және жою қызметтері туралы;
- өндірістік және әлеуметтік маңызы бар тұрғын үй объектілерін қабылдау туралы;
- ауданның мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу бойынша;
- Қызылжар ауданының РҚП объектілерінің бөлме - жайлары мен қорғау имараттарын және подвал бөлме – жайларын түгендеу бойынша;
- ӘҚ, ҚР басқа әскеріне және әскери құрылымының құрамына жеткізу үшін арналған ауданның шаруашылық субъектілерінің көлік құралдарына техникалық бақылау жүргізу туралы;
- аудандық тұрғын үй комиссиясы;
- су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша;
- жетекшілік ететін салалар бойынша басқа да консультативтік-кеңес органдары.
Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары М.М. Жұмабаева
Әлеуметтік сала, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты мәселелері, демография, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, интеграция бірлестіктерімен өзара қарым-қатынас, дін мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.
Нашақорлықтың алдын алу және күресу мәселелері.
Ардагерлік ұйымдармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін салалар бойынша жоғары тұрған органдармен өзара әрекет етеді.
Бөлімдердің қызметін жалпы бақылайды:
- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
- білім бөлімі;
- денсаулық сақтау (ОАА);
- ішкі саясат бөлімі (тікелей басқару);
- мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі;
- дене шынықтыру және спорт бөлімі;
- аудандық мұрағат;
- жастар және балалар бастамашылық орталығы.
Жетекшілік ететін салалар бойынша мыналарды бақылайды:
- мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, облыс әкімінің, аудан әкімі тапсырмаларының орындалуына;
- мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуына;
- аудан рейтингіне және ауылдық округ әкімдерінің рейтинг көрсеткіштеріне;
- облыстық, сондай-ақ аудандық деңгейлерде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына.
Мыналармен байланысты жүзеге асырады:
- қорғаныс бөлімімен;
- аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша басқармамен;
- әділет басқармасымен;
- ауданның қылмыстық-атқару инспекциясымен;
- «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық» АМКК филиалымен;
- Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры филиалымен;
- Ардагерлік ұйымдармен;
- Қызылжар аграрлық - техникалық колледжбен;
- Соколов түзету - мектеп интернатымен;
- Архангельск балалар үйімен;
- Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін сауықтыру кабинетімен;
- Балалар-жас өспірімдер спорт мектебімен;
Мыналармен байланысты жүзеге асырады:
- «Қызылжар» және «Маяк» аудандық газет редакцияларымен;
Мына комиссияларға басшылық етеді:
- аудан әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі бойынша үйлестіру кеңесі;
- қылмыстық жаза және басқа да қылмыстық-құқықтық әрекеттерді орындайтын мекемелердің қызметіне, сонымен қатар қылмыстық жазаларын өтеп шыққан тұлғаларға әлеуметтік және басқа да көмек ұйымдастыру бойынша көмек көрсету бойынша;
- Семей сынақ полигонында ядролық сынаулардан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай төлем беру мәселелері бойынша арнаулы комиссия;
- аудан әкімдігі жанында 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғалардың еңбек өтілін анықтау бойынша арнаулы комиссия;
- әйелдер ісі және отбасы - демографиялық саясат бойынша;
- кәмелетке толмаған балалардың ісі және олардың құқығын қорғау бойынша ведомстволық комиссия;
- аудан әкімдігі жанында діни бірлестіктермен байланыс бойынша аудандық кеңес (консультациялық – кеңес органы);
- аудан әкімдігі жанында үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастық және әрекеттестік бойынша аудандық кеңес (консультациялық – кеңес органы);
- туберкулездің алдын алу және қарсы әрекет бойынша (үйлестіру кеңесі);
- ВИЧ/спидтің алдын алу және қарсы әрекет бойынша (үйлестіру кеңесі);
- әскерге шақыру комиссиясы;
- жетекшілік ететін салалар бойынша басқа да консультативтік-кеңес органдары.
Аудан әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбекова
Аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау, оларға қол қойылғаннан кейін орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдарды ақпараттандыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.
Әкімнің кадрлық саясатын жүзеге асыру, аудан әкімдігінің және әкімнің қызметін, ақпараттық – талдау, ұйымдастыру-құқықтық және аппарат және аудан әкімінің жұмысын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді іске асыру бойынша аппарат жұмысын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімі, аудан әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді:
- облыс әкімі аппаратымен;
- құқық қорғау органдарымен;
- жергілікті атқарушы органдармен және аумақтық ведомстволармен;
- аудандық сайлау комиссиясымен;
- аудандық мәслихатпен;
- әділет басқармасымен.
Өңірлік саясатты іске асыру бойынша аудан әкімдігінің, аудан әкімі жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.
Аудан әкімдігінің, аппарат жұмысының регламентін сақтау, кадрлық жұмыс, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілерін оқыту, марапаттау ісін дайындау, мемлекеттік құпияларды сақтау, ақпараттандыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы, ресми тұлғалар мен делегациялардың сапары мен қабылдауын ұйымдастыру, электрондық үкімет бағдарламаларын іске асыру, азаттық хал актілерін тіркеу: туу, қайтыс болу, некеге тұру (ерлі-зайыптылық), некені бұзу (ерлі-зайыптылық), бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру мәселелері.
Аудан әкімінің келісімі бойынша аппаратты күтіп – ұстауға бекітілген лимиттер шегінде штаттық кестеге және құрылымға өзгеріс енгізу.
Құрылымдық бөлімше қызметтерін жалпы бақылайды:
- ұйымдастыру-бақылау бөлімі;
- персоналды басқару қызметі;
- жалпы бөлім;
- заң бөлімі (тікелей басқарады);
- аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық қызметі бөлімі.
Жетекшілік ететін салалар бойынша мыналарды бақылайды:
мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын.
Облыстық, сондай-ақ аудандық деңгейлерде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне.
Мыналармен байланысты жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен және Тәртіптік кеңеспен;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасымен;
- Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетімен;
- аудандық сайлау комиссиясымен;
- әділет басқармасымен;
- халыққа қызмет көрсету орталығымен.
Аудандық комиссияларға жетекшілік етеді:
- тәртіптік;
- «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бос орын лауазымына конкурстық іріктеу бойынша;
- аттестациялық;
- мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін анықтау бойынша;
- наградалар бойынша;
- жетекшілік ететін салалар бойынша басқа да консультативтік-кеңес органдары.