Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік корпорацияның кәсіпкерлік субъектілерімен серіктестік: дербес деректердің қауіпсіздігінің кепілі

Мемлекеттік корпорацияның серіктесі болып тек сенімді, тексерілген және клиентке бағдарланған кәсіпкерлік субъектілері ғана бола алады. Бұл туралы Мемлекеттік корпорация баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Сондай-ақ, серіктестердің клиенттің келісімінсіз дербес деректерге қол жеткізу мүмкіндігі болмайтыны атап өтілді. Сәйкесінше, қызмет алушы туралы ақпарат өтінімді рәсімдеу сәтінде ғана қолжетімді болады.

Бүгінгі таңда ХҚКО-ларда дербес деректерге қол жеткізу процесі екі тәсілмен, яғни биометриялық сәйкестендіру және дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисі (МБС) арқылы жүзеге асырылады. Олар ақпаратты рұқсатсыз алудан немесе таратудан қорғайды. Айта кетейік, МБС бұл 1414 нөмірінен түсетін SMS арқылы жүзеге асады, хабарламаға қызмет алушы келісіммен жауап беруі қажет. Деректерге қол жеткізу тек сұралған қызмет шегінде ғана ұсынылады. Егер хабарлама түскен сәтте азамат ешқандай қызметке сұраныс болмаса, онда хабарламадағы деректерді беруден бас тарту батырмасын басу керек. Көрсетілетін қызметті алушының келісімінсіз ақпаратқа қол жеткізу мүмкін емес. Дәл осындай жұмыс механизмі серіктестер үшін де қарастырылатын болады.

«Бүгінгі таңда серіктестікке 150-ден астам өтінім келіп түсті. Алматы, Астана және Алматы облыстарының кәсіпкерлік субъектілері өздерінің қызығушылықтарын көрсетті. Олардың барлығы мұқият іріктеуден өтеді. Біз екінші деңгейдегі банктермен, ірі компаниялармен және т.б. серіктестікті қарастырамыз. Ең алдымен, бағдар халықтың сенімін тудыратын сенімді серіктестерге бағытталған», - деп атап өтті Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, халыққа үйреншікті ХҚКО-лар да азаматтарды әдеттегідей қабылдауды жүзеге асыратын болады. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін бұл тек таңдау мәселесі.

https://gov4c.kz/press-center/news/345648/

Дата публикации
11 ноября 2024
Дата обновления
11 ноября 2024
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
17 октября 2026
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері боинша Қызылжар аудандық мәслихатының депутаттығына кадидаттарды ұсыну туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы