Өткен демалыс күндері "Құлагер" ипподромының аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Аудан тұрғындарына жергілікті тауар өндірушілердің: ет, сүт өнімдері, көкөністер, жұмыртқа және бал өнімдерінің кең ассортименті ұсынылды. Сонымен қатар, жем, сабан, шөп және астық қалдықтарын сату ұйымдастырылды.