Бос жұмыс орындары
2023 жылғы 22 қыркүйекте Қызылжар ауданының мәдениет үйінде «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ «Қызылжар ауданының Мансап орталығы» КММ бірге бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңке барысында қатысушылар ауданның бос жұмыс орындарымен тагнысты, еңбек нарығы туралы толық ақпарат берілді, жұмысшыларға қажеттілігі бар кәсіпорындар туралы, жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы танысты.
Жәрмеңкеге 54 кәсіпорындар мен ұйымдардан 149 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге келесі ұйымдар қатысты: «Загот Интер» ЖШС, «Қызылжар аудандық кірістер басқармасы» РММ, «СК-Протеин» ЖШС, «Құлагер ипподромы» ЖК, «Радуга» ЖШС, «Қызылжар аудандық аурухана» ШЖҚ КМК, «Қызылжар ауданы бойынша қылмыстық-атқару қызметі»КММ, «№ 2 Бескөл орта мектебі» КММ, «№3 Бескөл орта мектебі»КММ, «Қызылжар ауданының білім беру бөлімі» КММ, «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» КММ «Молсервис» ЖШС.
Барлығы жәрмеңкеге жұмыс іздеуші ретінде 75 адамнан артық жұмыссыз қатысып, бос жұмыс орны туралы толық ақпаратты ала білді.
Жұмыс іздеуші ретінде бас бостандығын айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрғантұлғалар, алимент бойынша берешегі бар тұлғалар қатысты.Мансап орталығының мамандары түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу халықты жұмыспен қамту үшін үлкен мүмкіндік береді.