Меню

Страницы

Статья

Мейірімділік пен қамқорлық айы

Мейірімділік пен қамқорлық айы

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында, қалыптасқан дәстүр бойынша 1 қазан мен 1 қараша аралығында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы өтеді. Ауданда 8011-ге жуық зейнеткер мен 1159 мүгедектік бойынша жәрдемақы алушы тұрады. Оның ішінде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен қызмет көрсетілетін 355 зейнеткер мен мүгедектігі бар адамдар бар.

Қарт адамдар үшін ардагерлер ұйымдары мен мемлекеттік органдардың жылы сөзі, ардагерлерге ілтипат нышаны, олардың сіңірген еңбегін жұртшылықтың мойындауы, сыйластық қатынасы, қарым-қатынасқа деген сенімі үлкен маңызға ие. Бұл алдағы айда басты назарда болмақ.

Ауданда қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары құрылды.

Жоспарға зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарды атаулы әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстарын күшейтуге, медициналық көмекті жақсартуға, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарды кәсіпорындардың, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ұйымдардың басшыларына бекіту, отын, жем-шөпке қажеттілік дәрежесін анықтау үшін үй-үйді аралап анықтау шаралары кірді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 15 маусымдағы    № 1224 Жарлығымен қазан айының екінші жексенбісі мүгедектігі бар адамдардың күні болып белгіленді.

Айлық аясында ауданның емдеу мекемелерінде «Ашық есік күндерін» өткізу, ауылдық елді мекендердегі ауыр сырқаттанған зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға бару жоспарланған.

 10 қазан күні қарттардың қатысуымен спартакиада өткізу жоспарлануда, 18 қазанда ауданда «Жан қанаты» мүгедектігі бар адамдардың шығармашылық фестивалі өтеді. Айлық аясында Бескөл және Соколов ауылдарында ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Білім беру мекемелері «Мейірімділік поштасын» өткізіп, аталар мен әжелерге, сондай-ақ ұстаз еңбек ардагерлеріне ашық хаттар жіберіп, Тимуровшылар көмек көрсетеді. Еңбек ардагерлерін телефон және смс хабарламалар арқылы құттықтаймыз.

Өткен жылдардағыдай қарттар мен мүгедедекгігі бар адамдарды  қолдау басты назарда, ал қамқор жандар қарттардың мәселесі мен мұң-мұқтажын түсінеді деп сенеміз.

 

«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ

 

Дата публикации
20 сентября 2023
Дата обновления
20 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
17 октября 2026
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері боинша Қызылжар аудандық мәслихатының депутаттығына кадидаттарды ұсыну туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы