2023 жылғы 24 тамызда Қызылжар ауданы әкімдігінің жанынан а.ж. 3 тоқсанында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті. Бірінші мәселе бойынша "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу дәрежесі туралы. Оларды террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі шаралар (оның ішінде жаңадан енгізілген) " аудандық полиция бөлімінің бастығы А. Г. Байқадамов сөз сөйледі. Екінші және үшінші мәселе бойынша "Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ауданның терроризмге қарсы комиссияларының жай-күйі мен қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" және "Қызылжар ауданы әкімдігі жанындағы АТК ақпараттық қажеттіліктерінің тізбесі шеңберінде келіп түскен АТК-ның алдыңғы отырыстарында қабылданған шешімдердің және ақпараттың іске асырылу барысы туралы" Қызылжар ауданы әкімі аппаратының басшысы К. С. Сарбалинова сөз сөйледі.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша терроризмге қарсы комиссияның төрағасы Ж.г. Сәдуақасов Мемлекеттік органдардың басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне тиісті ұсыныстар берді.