Ағымдағы жылдың 15 тамызында Қызылжар ауданының әкімі Ж.Ғ. Сәдуақасовтың Асанов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті.
Жанат Ғаббасұлы қатысушыларды ауданның соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму динамикасымен таныстырды, сондай-ақ келесі жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Барлық айтылған сұрақтарға аудан әкімі жауап берді, ал белгілі бір мерзім мен қаржыландыруды талап ететіндер бақылауға алынды.