2023 жылғы 26 мамырда аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында ата-аналар жұртшылығының, мектеп директорларының, әлеуметтік педагогтардың және жергілікті атқарушы органдардың басшыларының қатысуымен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде қауіпсіз жазғы демалысты ұйымдастыруға, су айдындарында кәмелетке толмағандардың қауіпсіз жүріс-тұрысына, жол қозғалысы ережелерін сақтауға қатысты мәселелер қаралды. Кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қарсы, жыныстық қол сұғылмаушылық пен суицидке қарсы жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселе қаралды.
Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ш. М. Ақышовтың, Қызылжар ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Ж.А. Донановтың, білім бөлімінің басшысы А. Е. Әбдірахмановтың баяндамалары тыңдалды.
Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, қаулы қабылданды.