Ағымдағы жылдың 18 мамырында Қызылжар ауданының әкімі Ж.г. Сәдуақасовтың Новониколь ауылдық округінің Трудовое ауылының тұрғындарымен кездесуі өтті. Жанат Ғаббасұлы қатысушыларды ауданның соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму динамикасымен таныстырды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Барлық айтылған сұрақтарға аудан әкімі жауап берді, ал белгілі бір мерзім мен қаржыландыруды талап ететіндер бақылауға алынды.