Ағымдағы жылдың 15 мамырында Қызылжар ауданының әкімі Ж.г. Сәдуақасовтың Петерфельд ауылдық округінің Кондратовка және Измайловка ауылдарының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Жанат Ғаббасұлы қатысушыларды ауданның соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму динамикасымен таныстырды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Барлық айтылған сұрақтарға аудан әкімі жауап берді, ал белгілі бір мерзім мен қаржыландыруды талап ететіндер бақылауға алынды.