"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 7) бабы 2) тармағының 6) тармақшасына сәйкес Петропавл қаласында Қызылжар ауданы белсенді қатысатын ауданнан әлеуетті өнім берушілердің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Ассортимент әрдайым кең – сиыр еті, шошқа еті, қой еті, құс еті, жұмыртқа, сүт өнімдері, картоп, көкөністер, бал, өңдеу кәсіпорындарының өнімдері. Барлық өнімдер ветеринарлық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді.