Меню

Страницы

Статья

Қолжетімді орта

Қолжетімді орта мүмкіндігі шектеулі адамдар өздерін жайлы және барлығымен тең жағдайда сезінетін жағдайды білдіреді. Басқаша айтқанда, бұл кез келген мекемелер мен инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізу.

Қозғалыста мүмкіндігі шектеулі адамдардың мүмкіндіктерін барлық басқа адамдармен тең сезіну, өмір сүру спасын жақсарту үшін  өте маңызды. Олар үшін қол жетімді орта жағдайларын ұйымдастыру - бұл оларға  қамқорлық жасау және олардың жағдайын  әлдеқайда ыңғайлы ету.

Қозғалысы шектеулі адамдар - бұл өз бетінше қозғалыста, ақпарат пен қызметтерді алуда қиындықтарға тап болған адамдар. Бұлар кедергілер мен тосқауылдарға тап болған адамдар: қарапайым өмірде басқа адамдар тіпті назар аудармайтын тротуар шекараларын айтпағанда, олар үшін қарапайым баспалдақтарды еңсеру қиын. Сондықтан қол жетімділік мәселесіне байыпты көңіл бөлу маңызды .Мүгедектігі бар адамдардан басқа, қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдарға:

-егде жастағы адамдар (60 жастан асқан);

-уақытша еңбекке жарамсыз жүкті әйелдер;

-арбамен жүрген адамдар.

-мектеп жасына дейінгі балалар.

Қимыл- қозғалысы шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта – бұл олардың кедергісіз қозғалысы және қажетті заттарды алуы үшін бейімделген жағдайлар: пандустар, көтергіштер, жабдықталған баспалдақтар мен тұтқалар. Олар басқа адамдардың көмегін қажет етпей- ақ, әртүрлі мекемелердің қызметтерін барлығымен тең және шектеусіз пайдалана алады.

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар: әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.

Лауазымды адамдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылымға және көлік инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

Дата публикации
17 мая 2023
Дата обновления
17 мая 2023
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
Ақпараттық хабарлама ЕАЭО елдерінде еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде азаматтардың еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар жасасуының маңыздылығы туралы
23 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
17 октября 2026
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері боинша Қызылжар аудандық мәслихатының депутаттығына кадидаттарды ұсыну туралы хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы