Террористік әрекетке жол бермеу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау мақсатында ағымдағы жылдың 6 наурызында сағат 11-00-де. ауданның мәдениет үйінің ғимаратында Қызылжар ауданы әкімінің кеңесшісі С.Т.Тасымова, ҚР ҰҚК, ТКШ, ЖК және АЖ, ІСБ, қызметкерлерімен бірлесіп террористік тұрғыдан осал объектінің басшыларымен және персоналымен террористік акт немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасау қатері туындаған кезде оқыту семинарын өткізді, онда күдікті заттар табылған кезде қызметкерлердің, терракт қаупі төнген кезде техникалық персоналдың іс-қимыл алгоритмі жеткізілді.