Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасовтың халықпен кездесуі жалғасуда. 2023 жылдың 26 сәуірінде Березов ауылдық округінің Большая Малышка ауылында өтті.
Аудан әкімі қатысушыларды соңғы жылдардағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму динамикасымен таныстырды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Барлық айтылған сұрақтарға аудан әкімі жауап берді, ал белгілі бір мерзім мен қаржыландыруды талап ететіндер бақылауға алынды.