«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны 8(71538)21346, факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымына орналасу ішкі конкурс жариялайды

"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты" әлеуметтік мәселелер бойынша бас инспекторы. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

         Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарымен ішкі саясат, әлеуметтік саланы дамыту: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ұлтаралық қатынастар, ардагерлер, жастар және әйелдер ұйымдарымен, партиялармен және қоғамдық қозғалыстармен, үкіметтік емес және кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Аудан әкімі орынбасарының қатысуымен әлеуметтік саланың іс-шараларын ұйымдастыру және дайындау. Әлеуметтік сала мекемелерінің қызметі туралы ақпарат жинау. Аудан әкімі орынбасарының жұмысын, кету кестесін жоспарлау, аудан әкімі орынбасарының азаматтарды жеке қабылдауын жүргізу. Жетекшілік ететін мемлекеттік мекемелерде құжаттардың уақытында өтуіне және қаралуына бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қабылдау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізу, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру мәселелері. Қоғамдық ұйымдармен, ата-аналар комитеттерімен, әйелдер кеңестерімен, жастар бірлестіктерімен, Қызылжар ауданының полиция бөлімінің ювеналды полиция тобымен, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен және қорғаншылық және қамқоршылық саласындағы басқа да құзыретті органдармен өзара іс-қимыл жасау. Аудандық эвакуациялау комиссиясының, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы болып табылады.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: бизнес, басқару және құқық (құқықтану); педагогикалық ғылымдар (тарих және/немесе орыс тілі мен әдебиеті және/немесе педагогика және психология және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті); өнер және гуманитарлық ғылымдар (филология және/немесе тарих (гуманитарлық ғылымдар) және/немесе аударма ісі және/немесе тарих және/немесе филология); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (психология және/немесе әлеуметтану және/немесе қоғамдық байланыс.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

          Жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)  Белгіленген нысандағы өтініш;

            2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі;

         Кандидаттар, оның жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжаттарды ұсына алады.
          Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Хабарлама конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон не болмаса электрондық пошта арқылы жүргізіледі.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, онда тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадрлар қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 августа 2025