КГУ «Аппарат акима Кызылжарского района Северо-Казахстанской области», объявляет внутренний конкурс на занятие вакантной административной государственной не низовой должности корпуса «Б»:

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны  8(71538)21346,  факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ аппарат басшысы. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-2. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 476435 теңгеден 547574  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

         Аудан әкімдігі қаулысының, аудан әкімі шешімі мен өкімінің жобаларын

дайындау, қол қойылғаннан кейін олардың орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету, жергілікті мемлекеттік органдарды ақпараттандыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік орган аумақтық құрылымдарының, ведомстволардың қызметін үйлестіру. Әкімнің кадрлық саясатын жүзеге асыру, аудан әкімдігі мен әкімнің қызметін ақпараттық - аналитикалық, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету, сонымен қатар азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру бойынша аппараттың жұмысын ұйымдастыру. Аудан әкімінің келісімі бойынша оны күтіп-ұстауға белгіленген лимиттер шегінде құрылымға және штаттық кестеге өзгерістер енгізу. Аудан әкімдігінің жұмысының, аппараттық, кадрлық жұмыс регламентін сақтау, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілерін оқыту, наградтық істерді дайындау, мемлекеттік құпияларды сақтау, ақпараттандыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы, ресми тұлғалар мен делегацияларды қабылдау және іссапарларды ұйымдастыру, электрондық үкімет бағдарламаларын іске асыру, азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері. Конкурстық, аттестациялық, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін анықтау бойынша,

тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру-инспекторлық, жалпы, мемлекеттік-құқықтық, қаржы-шаруашылық, персоналды басқару құрылымдық бөлімшелерін жалпы басқару. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуы мәселелері бойынша орталық сайлау комиссиясымен, аудандық мәслихат аппаратымен, құқық қорғау органдарымен, аудандық және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, ауылдық округ әкімдерімен, Қызылжар ауданының әділет басқармасымен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету. Құпиялылық режимінің талаптарын сақта.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білімі немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі: бизнес, басқару және құқық (құқықтану, экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару); педагогикалық ғылымдар (құқық, экономика негіздері, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті); өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия, филология, тарих); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика, психология, әлеуметтану, қоғамдық байланыс) құқық (құқықтану, экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару); педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті); өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия, филология, тарих); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика, психология, әлеуметтану, қоғамдық байланыс).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

  • жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1)  Белгіленген нысандағы өтініш;

          2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі;

         Кандидаттар, оның жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжаттарды ұсына алады.
          Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Хабарлама конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон не болмаса электрондық пошта арқылы жүргізіледі.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, онда тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадрлар қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

 

Блогы "А"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 мая 2026