
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер — көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiш жасауы бойынша немесе өтiнiш жасауынсыз жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.
Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне (2021ж.15.04. енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен) сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданының жергiлiктi атқарушы органдары 63 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет түрiн көрсетедi.