
Бөлім жұмысы аудандағы ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін, қоғам мен жастар саясатын нығайтуға бағытталған.
Бөлімге мемлекеттік басқару органдарының үкіметтік емес ұйымдармен (20), саяси партиялардың филиалдарымен (2) және этномәдени орталықтармен (33) өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша үйлестіруші функциялар жүктелген.
Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау арқылы бөлім аудандағы діни ахуалға тұрақты мониторингті жүзеге асырады.
Бөлімнің басым бағыттарының бірі-ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы аудандық және ауылдық ақпараттық топтар, Ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары арқылы халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.