
Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау саласы 4 стационарлық бөлімшесі бар 80 төсектік аудандық ауруханамен және бір ауысымда 200 адам қабылдайтын емханамен, он бір дәрігерлік амбулаториямен, жеті фельдшерлік-акушерлік пунктпен және 40 медициналық пунктпен ұсынылған. Бекітілген халыққа 29 учаскеде қызмет көрсетіледі (4 педиатриялық және 25 жалпы дәрігерлік практика учаскесі).Қызылжар РБ-да 2024 жылдың 1 қазанына 61 дәрігер жұмыс істейді, оның 11-і стационарда, 31-і емханада және 19-ы дәрігерлік амбулаторияларда. 9 айдың қорытындысы бойынша дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету өткен жылдың деңгейінде қалып, 10 мың тұрғынға шаққанда 13,1 құрады. (2023 ж. – 13,1), облыстық көрсеткіш 27,5-ке тең. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша орта медициналық білімі бар 279 қызметкер жұмыс істейді, оның 51-і стационарда, 101-і емханада, 84-і дәрігерлік амбулаторияларда, 43-і фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерде. Орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету 59,8 құрады. (2023 – 62,4). Облыстық көрсеткіш 94,0-ге тең.