GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
21 октября 2026
Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының гид-экскурсоводтарына арналған біліктілікті арттыру курстары басталды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы өңірдің туристік әлеуетін дамытуға және экскурсиялық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған оқыту курсын ұйымдастырды.

10 күндік оқыту бағдарламасына 20-ға жуық адам қатысуда.

Бас дәріскер және тренинг жетекшісі ретінде саланың жетекші сарапшысы, WFTG бойынша Ұлы Жібек жолының ресми гиді, Қазақстан Гид-экскурсоводтар одағының Президенті — Абжанова Салтанат Агзамовна тартылды.

Курс бағдарламасы қарқынды теориялық дайындықты, интерактивті тренингтерді және Петропавл қаласының негізгі нысандарындағы мазмұнды практикалық тәжірибені біріктіреді. Тыңдаушылар Ботаникалық бақта, Локомотив депосы музейінде, «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағында, «АртБотай» заманауи сурет галереясында, сондай-ақ қаланың киелі және мәдени-діни нысандарында (әулие Петр мен Павел соборы, Ислам мәдениеті музейі, «Қызылжар» мешіті, костел және синагоганы қоса алғанда) экскурсия жүргізу дағдыларын пысықтауда.

Бұл тренингтер экскурсиялық қызмет көрсетуді жаңа кәсіби деңгейге көтеруге ықпал етеді және гидтердің біліктілігін арттырады. Қатысушылар заманауи әдістемелерді, шешендік өнерді, сөйлеу этикетін және шетелдік қонақтарды қабылдау стандарттарын меңгереді, бұл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сапалы әрі бәсекеге қабілетті туристік бағыттарды құруға мүмкіндік береді.

Толық курсты аяқтап, қорытынды емтиҳанды сәтті тапсырғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік материалдар табысталады.

13 октября 2026
Петропавлда әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған семинар өтті

2026 жылы 12 қазанда Петропавл қаласында She Impact Kazakhstan жобасы аясында әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні және бизнестегі инклюзивті тәсілдерді енгізуге бағытталған семинар өтті.

Іс-шараның спикері – «Білім беру және жұмыспен қамту» салалық кеңесі жанындағы «Инклюзия» кіші комитетінің төрайымы Елена Куликова.

Семинар барысында қатысушыларға әлеуметтік бизнесті іске қосу және дамыту мүмкіндіктері, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, сондай-ақ әлеуметтік әсері бар бизнес-жобаларды жүзеге асырудың қазақстандық табысты тәжірибелері туралы ақпарат берілді.

Әйелдер кәсіпкерлігі мен креативті экономиканы дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға шығармашылық дағдыларды табыс көзіне айналдыру, цифрлық бағыттарды дамыту, онлайн-сатылымдарды ұйымдастыру, жеке брендті ілгерілету және кәсіпкерлік мүмкіндіктерді кеңейтудің заманауи құралдары таныстырылды.

Семинар аясында инклюзивті кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік бастамаларды іске асыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын экономикалық қызметке тарту және өзекті қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру жолдары да талқыланды.

Семинар ашық диалог форматында өтті. Әйел кәсіпкерлер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды және өз жобаларын одан әрі дамытуға арналған практикалық ұсыныстар алды.

Бизнес-қоғамдастық алдында бірыңғай есеп беру күні
25 сентября 2026
Солтүстік Қазақстан облысында бақылау-қадағалау органдары бизнес алдында есеп берді

2026 жылғы 24 қыркүйекте, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес Прокуратура, аумақтық мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Бақылау және қадағалау органдарының бизнес алдындағы Бірыңғай есеп беру күні өтті. Осы жылы 8-ші есептік кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында Полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің, Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің, Жер ресурстарын басқару департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының есептері тыңдалды.

Қатысушыларға бақылау қызметінің нәтижелері, бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат ұсынылды.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша департаментінің деректеріне сәйкес, 2026 жылдың 7 айында тексеру тағайындау туралы 2312 акт тіркелді, оның 756-сы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде.

Тіркелген кәсіпкерлерді тексерулердің үлесі олардың жалпы санынан 32,6%-ды құрайды.

Бірыңғай есеп беру күнін өткізу бақылаушы органдар қызметінің ашықтығын арттыруға, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтуға және бақылау іс-шараларының айқындылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

Материалдар: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/documents/details/1071972?lang=kk

Кәсіпкерлік
21 сентября 2026
Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11:00 (қатысушыларды тіркеу сағат 10:30 басталады) Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтеді. Қатысуға облыс кәсіпкерлері шақырылады.

Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша конструктивті шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін және Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың алдын алуды талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі.

Бірыңғай есеп беру күні Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1-қабат (үлкен зал) мекенжайы бойынша өткізіледі. Облыс аудандарының кәсіпкерлері аудандық әкімдіктерде Бейнеконференцбайланыс (БКБ) арқылы қатыса алады.

Іс-шараға қатысу бойынша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7152) 36-13-62 («Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ).

Кәсіпкерлік
16 сентября 2026
Мобильді фронт-офис ауылдық округтерге шығуды жалғастыруда

Мамлют ауданындағы Новомихайловка ауылында мобильді фронт-офистің кезекті көшпелі кездесуі өтті.

Тұрғындар мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген кредиттеу, «Іскер аймақ» бағдарламасы бойынша субсидиялау және кепілдік беру, «Bereke Bank» және «ForteBank» банк өнімдері, 5 млн теңгеге дейінгі гранттар, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мүмкіндіктері, сондай-ақ инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселелері түсіндірілді.

Мобильді фронт-офис жұмысына КИИДБ, «Даму» қоры, «Атамекен Кызылжар» МҚҰ, «Bereke Bank» және «ForteBank» өкілдері қатысты.

📍 Келесі кездесу Рузаев ауылдық округінде жоспарланған.

Кәсіпкерлік
15 сентября 2026
Солтүстік Қазақстан облысында бизнесті қолдау және сүйемелдеу Орталығының пилоттық жобасы іске қосылды

2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында іске асырылатын пилоттық жоба — бизнесті қолдау және сүйемелдеу Орталығын (бұдан әрі-Орталық) іске қосты.

Орталықтың мақсаты — проблемаларды диагностикалау, өтініштерді бағыттау, мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерді оның мәселесін реттегенге дейін сүйемелдеу арқылы дағдарыс жағдайындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне жәрдем көрсету.

Орталық алаңдарында пилоттық өңірлерде Мемлекеттік кірістер аумақтық департаменттерінің мамандары мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінің қатысуы ұйымдастырылды. Жобаны іске асыруға Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының өкілдері де қатысады.

Орталық проблемасы бірден бірнеше ведомстволардың қатысуын талап ететін кәсіпкерлерге бағытталған: салық берешегін реттеу, банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізу, өнімді өткізу мәселелері және бірнеше мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы үйлестіруді талап ететін өзге де мәселелер.

«Бір терезе» қағидаты бойынша Орталықтың жұмыс механизмі құрылған: кәсіпкер бір рет — СҚО бойынша «Даму» Қоры филиалының алаңында жүгінеді. Орталық мамандары туындаған проблеманы диагностикалауды жүргізеді, оны одан әрі реттеу бағытын айқындайды, қажетті мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимылды үйлестіреді және оны реттегенге дейін кәсіпкерді сүйемелдейтін болады. Мәселенің сипатына қарай оны қарауға тиісті мамандар мен ұйымдар қосылатын болады — бұл кәсіпкерді әрбір ведомствоға жеке-жеке жүгіну қажеттілігінен құтқарады.

Пилоттық жоба 2026 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында іске асырылуда. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша оның нәтижелеріне бағалау жүргізіледі және механизмді елдің басқа өңірлеріне масштабтау бойынша ұсыныстар дайындалады.

Орталыққа СҚО бойынша «Даму» Қоры» АҚ филиалына бетпе-бет жүгінуге болады.

Кәсіпкерлік
15 сентября 2026
Хабарландыру

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде сағат 15:00 (қатысушыларды тіркеу сағат 14:30 басталады) Солтүстік Қазақстан облысының бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өтеді. Қатысуға облыс кәсіпкерлері шақырылады.

Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша конструктивті шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін және Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзудың алдын алуды талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі.

Бірыңғай есеп беру күні Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 1-қабат (үлкен зал) мекенжайы бойынша өткізіледі. Облыс аудандарының кәсіпкерлері аудандық әкімдіктерде Бейнеконференцбайланыс (БКБ) арқылы қатыса алады.

Іс-шараға қатысу бойынша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7152) 36-13-62 («Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ).

Кәсіпкерлік
11 сентября 2026
Бүгін Астанада Әлеуметтік кәсіпкерлер саммиті өтті

Бүгін Астанада Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ және Солтүстік өңірдің әлеуметтік кәсіпкерлері Әлеуметтік кәсіпкерлер саммитіне қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Е. Е. Сағынаев қатысты.

Саммит әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және әлеуметтік бизнес өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды.

Іс-шара аясында әлеуметтік кәсіпкерлер өнімдерінің этно-жәрмеңкесі, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық бастамаларға арналған ақпараттық және фотокөрмелер ұйымдастырылды.

Қатысушылар мемлекеттік және халықаралық қолдау шараларымен, білім беру және қаржылық бағдарламалармен, сондай-ақ инкубация және акселерация құралдарымен танысуға мүмкіндік алды. Көрме аймағының жұмысына «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, ЕҚДБ, QazInnovations, SES, Astana Hub, KazakhExport және басқа да ұйымдар қатысты.

Саммиттің іскерлік бағдарламасы өңірлік диалогты және БҰҰ, Дүниежүзілік банк, БҰҰДБ, ЕҚДБ өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен өткен халықаралық сессияны қамтыды.

Сондай-ақ Best Social Entrepreneur 2026 Awards марапаттау рәсімі өтті. Оның аясында инновацияларды, инклюзияны, экология мен білім беруді дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпкерлер марапатталды.

Саммит Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мақсатында мемлекет, бизнес және халықаралық қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды алаңға айналды.

Кәсіпкерлік
09 сентября 2026
Петропавлда «Даму» Қорының Ашық есік күні өтті

9 қыркүйекте Петропавл қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастырған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.М. Дүзелбаев, облыс әкімі аппаратының басшысы Р. Қ. Әлішев, «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Ф. Қ. Сәрсекеев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Д. Ө. Әмрин және екінші деңгейдегі банктердің басшылары қатысты.

Іс-шара кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар, қаржы ұйымдары мен даму институттарының өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналды. Іс-шараға Петропавл мен облыстың бизнес-ортасының 200-ден астам өкілі қатысты. Қатысушылар жеңілдетілген несиелеу, субсидиялау және кепілдік беруді қоса алғанда, кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары туралы ақпарат алды, сондай-ақ барлық ниет білдірушілер салық салу, бухгалтерлік есеп, бизнесті жүргізу және дамыту мәселелері бойынша кеңес ала алды.

Қатысушыларға «Даму» Қорының, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының, екінші деңгейдегі банктердің, консалтингтік компаниялардың және бизнес субъектілеріне қызмет көрсететін басқа да ұйымдардың өкілдері консультациялық қолдау көрсетті.

Ашық есік күнінің маңызды оқиғасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.

Меморандумға сәйкес, облыс аудандарындағы креативті IT-орталықтардың базасында кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау құралдарына қол жеткізе алатын алаңдар құрылады. Бұл жергілікті жерлерде бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге және кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Ашық есік күнін өткізу жергілікті атқарушы органдар, қаржы институттары мен бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы кезекті қадам болды. Мұндай іс-шаралар кәсіпкерлерге маңызды ақпаратты тікелей алуға, өзекті мәселелерді талқылауға және өз ісін одан әрі дамыту үшін шешімдер табуға мүмкіндік береді.

«Даму» Қоры Солтүстік Қазақстан облысының бизнес-қоғамдастығы үшін кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық және қаржылық емес құралдарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Кәсіпкерлік
02 сентября 2026
Ашық есік күніне шақырамыз!

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ СҚО бойынша аймақтық филиалы кәсіпкерлерді, сондай-ақ өз кәсібін ашуды немесе дамытуды жоспарлап жүрген барша азаматтарды Ашық есік күніне шақырады.

Іс-шара барысында сіз:

🔹 бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы ақпарат ала аласыз;

🔹 «Даму» қорының, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының мамандарынан кеңес ала аласыз;

🔹 өзіңізді қызықтырған сұрақтарға жауап алып, бизнесіңізді дамыту бойынша практикалық ұсыныстар ала аласыз.

📍 Өтетін орны: Петропавл қ., Жамбыл көшесі, 195, Qyzyljar Creative Center, 2-қабат

📅 Күні: 2026 жылғы 9 қыркүйек

⏰ Уақыты: 09:00

✨ Қатысу тегін!

📝 Қатысу үшін алдын ала тіркеліңіз:

https://forms.cloud.microsoft/pages/responsepage.aspx?id=0fdjt3cbPUqxkorAoTjNU01uijeBBedGn7Huq8Ucd2dUQ1VYQ1haTEUzQzBPSjNUQlhWTjYyWkJMWi4u&route=shorturl

Сіздермен кездесуге қуаныштымыз және бизнесіңізді дамытуға арналған тиімді қолдау құралдарын таңдауға көмектесуге дайынбыз!

📞 Байланыс телефондары:

Айша: 8 747 734 57 30

Жанара: 8 707 710 37 14

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы