Солтүстік Қазақстан облысында Конкурстық комиссияның отырыстары өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Конкурстық комиссияның отырыстары өтті

2020 жылғы 7-8 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ғимаратында «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн гранттар беруге үмiткер кәсiпкерлердiң өтiнiмдерiн iрiктеу бойынша конкурстық комиссияның отырыстары өткiзiлдi.

Отырыстарды өткiзу кестесiне сәйкес 57 жоба қаралды, оның iшiнде Айыртау ауданынан — 3 жоба, Ақжар ауданынан — 2 жоба, Аққайың ауданынан — 3 жоба, Есiл ауданынан — 3 жоба, М. Жұмабаев ауданынан — 3 жоба, Қызылжар ауданынан — 6 жоба, Мамлют ауданынан — 8 жоба, Ғ. Мүсiрепов ат. ауданы — 1 жоба, Тайынша ауданы — 1 жоба, Тимирязев ауданы — 2 жоба, Уәлиханов ауданы — 1 жоба, Шал ақын ауданы — 4 жоба, Петропавл қаласы — 20 жоба.