
2025 жылғы 24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін өзектендіруге қатысты (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2021 жылғы 17.07. № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 3-тармағына сәйкес) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысы өтті.
Комиссия отырысына коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Комиссия әлеуметтік кәсіпкерліктің 13 субъектісі қызметінің қорытындыларын қарады.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия 11 әлеуметтік кәсіпкердің мәртебесін растау туралы шешім қабылдады, 2 кәсіпкер деректерді салыстырғаннан кейін қолданыстағы ережелердің өлшемдеріне сәйкес келмейтіндігіне байланысты тізілімнен шығарылды.
Арнайы комиссияның шешімі әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу жөніндегі ақпаратты өзектендіру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жолданатын болады.