«Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк гранттарды ұсынуға арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

«Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк гранттарды ұсынуға арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ

Орналасқан жерi: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;

пошталық мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;

электрондық пошта мекенжайы: Uiir@sqo.gov.kz;

байланыс телефоны: 8 (7152) 501650

Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм беру орны: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 5 қабат, 521 кабинет

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға жеке өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша өтiнiм және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2020 жылғы «5» тамыздан бастап 2020 жылғы «14» тамызға қоса алғанда, жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен)

Өтiнiмдердi берудiң басталатын күнi мен уақыты: 2020 жылғы «5» тамыз сағат 10.00-ден бастап (жергiлiктi уақытпен)

Өтiнiмдердi берудiң аяқталатын күнi мен уақыты: 2020 жылғы «14» тамыз сағат 13.00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен)

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker?lang=kk сайтында танысуға болады.

Гранттық қаржыландыру шарттары: (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекiтiлген «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға мемлекеттiк гранттар беру қағидаларына сәйкес)

Мемлекеттiк гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекiтiлген «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының (бұдан әрi — Бағдарлама) «Экономиканың басым секторларында қызметiн жүзеге асыратын кәсiпкерлердi/индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн салалық қолдау» екiншi бағыты шеңберiнде жүзеге асырылады.

Жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға арналған мемлекеттiк гранттар Бағдарламаға 2-қосымша сәйкес экономиканың басым секторларында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған жас кәсiпкерлерге, iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге өтеусiз негiзде берiледi.

  • Бiр кәсiпкер үшiн мемлекеттiк грант сомасы 2 (екi) млн. теңгеден 5 (бес) млн. теңгеге дейiн құрайды;
  • Мыналар:
  1. берiлетiн мемлекеттiк грант көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде оны iске асыруға арналған шығыстарды кәсiпкердiң, оның iшiнде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiкпен (талап халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшiн мiндеттi емес) бiрлесе қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);
  2. жаңа жұмыс орындарын құру;
  3. кәсiпкердiң бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны iске асыру үшiн жеткiлiктi инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға арналған бизнес-жобаның мiндеттi шарттары болып табылады.
  • ескiру мерзiмi 2 (екi) жылдан аспайтын, Бағдарламаның және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 13 қараша № 746 қаулысымен бекiтiлген Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының шеңберiнде кәсiпкердiң оқудан өткенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Талап етiлетiн құжаттар