Солтүстік Қазақстан облысында Конкурстық комиссияның отырыстары өтті

Солтүстік Қазақстан облысында Конкурстық комиссияның отырыстары өтті

2022 жылғы 16,17,18,19 мамырда облыс әкімдігінде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өткізілді.

Отырыстарды өткізу кестесіне сәйкес өтініш берушілердің 111 жобасы қарауға шығарылды, оның ішінде Айыртау ауданынан – 4, Ақжар ауданынан – 4, Аққайың ауданынан – 1, Есіл ауданынан – 6, Жамбыл ауданынан – 4, М. Жұмабаев ауданынан – 4, Қызылжар ауданынан – 5, Мамлют ауданынан – 2, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданы – 6, Тайынша ауданы – 6, Уәлиханов ауданы – 5, Шал ақын ауданы – 6, Петропавл қаласы – 58.