Баспасөз-релизі

Баспасөз-релизі

Бекiтiлген облыстық iс-шаралар кестесiне сәйкес ағымдағы жылғы 2 ақпанда сағат 15.00-де Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi төрағалығымен Кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасының Алқасы өткiзiледi.

Iс-шара шеңберiнде өнеркәсiп, кәсiпкерлiк, индустриялық-инновациялық даму, инвестициялар тарту, жер қойнауын пайдалану, туризм және сауда салаларының 2021 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылады, өңiр тауар өндiрушiлерiнiң көрмесi және аталған салалар сарапшыларының сөз сөйлеуi ұйымдастырылады.