Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасын тұрақтандыру шеңберiнде өңiрде тұрақтандыру қоры жұмыс iстейдi, онда отандық және жергiлiктi өндiрушiлердiң азық-түлiк тауарлары (1-сұрыпты ұн, макарон өнiмдерi, күнбағыс майы, күрiш, қарақұмық жармасы, қант, тұз, құс етi, картоп, сәбiз, қырыққабат, пияз) нарық бағасынан төмен бағамен сатылады.
Барлық өнiмдер тұрақтандыру қорының нүктелерiнде (Коммуналдық базар, «Дария», «Тайга», «Корона», «Океан», «Алтын Арман» базарлары), сондай-ақ «Семейный», «Северный» супермаркеттерiнiң желiлерiнде және «Айсберг», «Пирамида», «Вектор», «Сокол» сауда үйлерiнде сатылады.