
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың 18 наурызында Солтүстiк Қазақстан облысында облыс әкiмiнiң орынбасары Жандарбек Дәурен Жандарбекұлының төрағалығымен облыста әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасын ұстап тұру туралы меморандумға қол қою бойынша сауда желiлерiнiң басшыларымен кездесу өттi.
Меморандум сауда желiлерiнде азық-түлiк тауарларының бағасын тұрақтандыруға мүмкiндiк бередi. Сауда желiлерiнiң басшылары азық-түлiк тауарлары бағасының өсуiн тежеуге жәрдемдесуге дайын екендiктерiн бiлдiрдi.