2020 жылғы 5-14 тамыз аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттiк гранттар беру бойынша конкурсқа өтiнiмдер қабылдауды жүзеге асырды. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен 58 өтiнiм берiлдi.
2020 жылғы 7-8 қыркүйекте конкурс комиссиясының отырыстарында өтiнiш берушiлердiң жобалары қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Конкурстық комиссия жалпы сомасы 37 млн. теңгенi құрайтын 9 жобаны мақұлдау туралы шешiм қабылдады:
жас кәсiпкерлер қатарынан
- ЖК «Порция здоровья» (Қызылжар ауданы) «Жасыл Үй» жобасы бойынша;
- ЖК «Кривинцов С.В.» (М. Жұмабаев ауданы) «Инкубаторлар өндiрiсi» жобасы бойынша;
- ЖК«Малика» (Тайынша ауданы) «Тайынша қаласында автомобиль майы мен сұйықтығын жедел ауыстыру және жөндеу бойынша мамандандырылған станция ашу» жобасы бойынша;
- ЖК «Байкен М.Ж.» (Тимирязев ауданы) «Iрiмшiк өндiретiн шағын цех ашу» жобасы бойынша;
- ЖК «Айсарин А.М.» (Петропавл қ.) «Тас-полимерлi композиттен жиһаз өндiру» жобасы бойынша.
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
- ЖК «Перлини» (Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданы) «Крафт iрiмшiгiн өндiру» жобасы бойынша;
- «АЙЫРТАУ ЖАРЫҚ» ЖШС (Айыртау ауданы) «Жарық диодты шамдар мен жарықтандыруға арналған тiректер өндiрiсi» жобасы бойынша;
- ЖК «Борисевич Е.А.» (Петропавл қ.) «БАРС» аспалы шнек тиегiшiнiң өндiрiсi» жобасы бойынша;
- ИП «Тлеубаев Рустам Каирлаевич» (г.Петропавловск) «Oxyvend ver. 3.0 вендингтiк оттегi коктейлiн пайдалана отырып, мия тамыры сығындысы бар жемiс-жидек шәрбаттары негiзiнде оттегi коктейлiн өндiру және өткiзу» жобасы бойынша.
Жобаларды iске асыру барысында кәсiпкерлер жаңа жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр.