Баспасөз-анонсы
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2022 жылғы 19 сәуірде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 5 млн. теңгеге дейін гранттық қаржыландыруға қатысу» тақырыбында конференция өткізіледі.
«Business lady Qazaqstan» ҚБ СҚО бойынша өкілдерімен кездесу

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Д.Ө. Әмрин кәсіпкерлер палатасының директоры А.С. Әшметовпен бірге СҚО бойынша «Business lady Qazaqstan» ҚБ өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Business lady Qazaqstan» ҚБ дамыту мәселелері, 2022 жылға жоспарланған іс-шаралар талқыланды, әйелдер бизнесін дамытудың табысты мысалдары қаралды және мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамыту және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Жалпы басқарма Солтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдер қауымдастығы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы Төралқасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі және т.б. сияқты барлық бірлестіктермен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.