Меню

Страницы

Статья

«2021 жылға арналған әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiту туралы» солтүстiк қазақстан облысы әкiмдiгi қаулысының жобасына баспасөз релизi

«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға шектi рұқсат етiлген бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекiтiлген әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға шектi рұқсат етiлген бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу қағидаларының 7-тармағымен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы «2021 жылға арналған әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаулы жобасын әзiрледi және Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде келiсiлдi.

Бұл қаулы жобасы әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының бағасын реттеуге мүмкiндiк бередi және олардың шектi мәнiнiң көтерiлуiне жол бермейдi.

Қаулы жобасы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы сайтында орналастырылған, ашық нормативтiк-құқықтық актiлер порталында тексеруден өттi.

Қоғамдық кеңесте қаралды (кеңестiң 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 767 ұсынысы), аккредиттелген қоғамдық бiрлестiктермен қаралды, 2021 жылғы 05 қантардағы № 1 шешiмi сараптамалық кеңестiң хаттамасы алынды.

Дата публикации
05 января 2021
Дата обновления
05 января 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы