«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер қойнауын пайдалану саласындағы кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексiнiң енгiзiлуiне байланысты әзiрлендi және Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мынадай қаулыларының жоғалуын көздейдi:
- «Тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 27 мамырдағы № 187 қаулысы (2016 жылғы 12 шiлдеде «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланды», нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 3801 тiркелген)
- «Тендерге немесе аукционға шығаруға жататын, кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 27 мамырдағы № 187 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» 2017 жылғы 01 тамыздағы № 299 (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде 2017 жылғы 14 тамызда жарияланды, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 4284 тiркелген)
Ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында орналастырылған «Жер қойнауын пайдалану саласындағы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы» жобасын жария талқылауды орналастыру күнi, 2018 жылғы 16 қарашада өттi.
Қабылданған қаулы терiс экономикалық және әлеуметтiк салдарға әкеп соқпайды.