Меню

Страницы

Статья

«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бiр гектар үшiн кен iздеушiлiктiң салдарын жоюды қамтамасыз ету көлемiн айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасына пресс-релизі

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы кодексiнiң 274-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бiр гектар үшiн кен iздеушiлiк салдарын жоюды қамтамасыз ету көлемi 139 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айқындалсын.

2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң индустриялық-инновациялық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қамтамасыз етсiн:

1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы әкiмдiк қаулысын мемлекеттiк тiркеген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның мемлекеттiк және орыс тiлiндегi қағаз және электрондық түрдегi көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының филиалы — Солтүстiк Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшiн жолдауды;

3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелерi жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Солтүстiк Қазақстан облысының
әкiмi
Қ. Ақсақалов

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жоюды қамтамасыз ету көлемін айқындау туралы

Дата публикации
04 апреля 2019
Дата обновления
04 апреля 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы