Меню

Страницы

Статья

Кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi iс-шаралар

«ЖҚЖК инвестициялық жобаларды кредиттеу бағдарламасын» iске асыру туралы

Осы бағдарлама шеңберiнде қаржыландыру мынадай шарттар бойынша жүргiзiледi.

Негiзгi мақсаты: негiзгi құралдарды сатып алу/жаңғырту, ҚМЖ/қайта құру, айналым қаражатын толықтыру.

  • қарыз мерзiмi — 120 айға дейiн
  • қарыз сомасы — 50 млн. тенге
  • жылдық сыйақы мөлшерлемесi 11,5% (жылдық 6% субсидиялауды ескере отырып).

Жоба мынандай негiзгi талаптарға сәйкес келуi тиiс:

  • жаңа жұмыс орындарын құру
  • рұқсат беру құжаттамасының толық пакетiнiң (ЖСҚ және т.б.) болуы қажет.
  • жоба сомасының көлемiнен кемiнде 15%-ы мөлшерiнде қаржыландыру (оның iшiнде жобаны қаржыландыруға дейiн шеккен шығыстарды есептеумен)
  • жобаның инвестициялық бөлiгiнiң сомасынан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға кредиттеу мүмкiн.
  • тұтынушылық мақсаттарға, акцизделетiн өнiмдер өндiруге, жылжымайтын мүлiк сатып алуға және жылжымайтын тұрғын үй салуға, жер учаскелерiн сатып алуға қаржыландыруға жол берiлмейдi.

Солтүстiк Қазақстан облысында бақылау-қадағалау органдары бизнес алдында есеп бердi

2021 жылғы 30 қыркүйекте Петропавл қаласында бақылау және қадағалау органдарының бизнес алдындағы «Бiрыңғай есеп күнi» өткiзiлдi.

Iс-шараға прокуратура, мемлекеттiк және аумақтық органдар, бизнес-қоғамдастық өкiлдерi қатысты. Жер инспекциясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментi, Мемлекеттiк кiрiстер, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, еңбек инспекциясы және өңiрлiк кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi есеп бердi.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасының деректерi бойынша өңiрде сегiз айда тексеру тағайындау туралы 2 835 акт тiркелген, оның iшiнде 749 — жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiнде. Ерекше тәртiп бойынша 176 тексеру, жоспардан тыс — 568, бес мемлекеттiк аудит жүргiзiлдi.

«СҚО әкiмдiгiнiң жер инспекциясы басқармасы» КММ 104 мың гектардан астам аумақта 192 тексеру жүргiздi, 25,1 мың гектар аумақта 118 бұзушылық анықталды, 1,7 млн.теңге сомасына 13 айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 111 ұйғарым берiлдi. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне, елдi мекендерде объектiлер салуға арналған жер учаскелерiн мақсаты бойынша пайдаланбау негiзгi бұзушылықтар болып табылады.

«СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекциясы басқармасы» КММ тарапынан облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметiне 158 тексеру жүргiзiлдi. Бұл ретте 461 еңбек заңнамасын бұзушылық анықталды. Оның 197-сi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша. Жұмыс берушiлерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 119 ұйғарым берiлдi. Еңбек шарттарын жасасуға келетiн болсақ, 1 қыркүйекте облыс кәсiпорындарында 5 302 Ұжымдық шарт жасалды, бұл облыстың жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарының 96%-дан астамын құрайды.

Мемлекет пен бизнес арасындағы өзара iс-қимылды арттыру үшiн өңiрде жыл сайын қыркүйектiң соңғы бейсенбiсiнде «Бiрыңғай есеп күнiн» өткiзу жоспарлануда.

Солтүстiк Қазақстан облысында бақылау-қадағалау органдары бизнес алдында есеп бердiСолтүстiк Қазақстан облысында бақылау-қадағалау органдары бизнес алдында есеп бердi

 

Солтүстiк Қазақстан облысында марапаттау рәсiмi өттi «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары

2021 жылғы 29 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде СҚО әкiмiнiң орынбасары Ғани Сақтанұлы Нығыметовтың қатысуымен 5 номинация бойынша «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды.

«Жыл меценаты» — ғылымды, бiлiмдi, мәдениетегi өнердi, спорт шеберлiгiн дамытумен, қоғам мен мемлекеттiң тарихи және этномәдени көрсету бойынша белсендi меценаттық қызметi үшiн берiледi.

«Туған өлке» — Туып өскен жердi қолдап, әлеуметтiк маңызды жобаларды iске асыруға қосқан үлесi үшiн.

«Жыл тұлғасы» — Қоғам мен тұлғалардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, олардың өмiр сүру жағдайларын жақсарту үшiн жеке тұлғаның жеке ресурстарын бөлуге негiзделген белсендi филантропиялық қызметi үшiн.

«Жылдың үздiк қамқоршысы» — елеулi әлеуметтiк-маңызды өзгерiстер мен қайта құруларға әкеп соққан кешендi қайырымдылық қызметi үшiн.

«Жылдың үздiк ұйымы» қайырымдылық бағдарламасын тиiмдi iске асырғаны үшiн.

Конкурстың негiзгi мақсаты халықты, бизнес-құрылымдар өкiлдерiн, меценаттарды, волонтерлердi туған өлкенi дамытуға қатысуға ынталандыру, азаматтық белсендiлiктiң үздiк тәжiрибелерiн тираждау, қайырымдылық қызмет пен меценаттық және филантропиялық идеаларын танымал ету болып табылады.

«Жыл меценаты» номинациясы бойынша лауреат атанған «Агроном Тайынша» ЖШС Ғабдуллин Жұмағали Жартайұлы марапатталды. Аталған лауреат иесi «Виноградовка-Ясная Поляна-Кирово» селолық округтерiнде КТТА-70 жолдарын жөндеп, жобалап сметалық құжаттамаларды дайындады. Сонымен қатар, «Ильич» ауылының тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге материалдық көмегiн көрсетуде.

«Туған өлке» номинациясы бойынша лауреат атанған «Александровское» ЖШС Чернышов Вячеслав Павлович. Аталған лауреат иесi М. Жұмабаев ауданы Александровка ауылының көшелерiне асфальт әдiсiмен жөндеу жұмыстарын жүргiздi.

«Жыл тұлғасы» — номинациясында «Астық-Стем» ЖШС директоры Звольский Сергей Сергеевич сыйлық лауреаты атанды. Аталған жеңiмпаз өз қаражаты есебiнен жол инфрақұрылымын дамытуға өз үлесiн қосты. Сонымен қатар, «Қарағаш-Краснокиевка» автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама дайындауға ақы төлеп, халық үшiн су құбырын ағымдағы жөндеуден өткiздi. Қарағаш ауылының мерейтой иелерiне құрмет көрсетiп демеушiлiк қолдауын бiлдiрдi. Сондай-ақ Қарағаш ауылына демеушiлiк қолдау көрсеттi.

«Жылдың үздiк қамқоршысы» — номинациясында лауреат жеңiмпазы ЖШС «Таткрафт-Инвест» Исаков Андрей Анатольевич болды. Ол жыл сайын аз қамтылған отбасылардығ балаларына, мүгедектере, балалар үйiне, үйсiз жануарларға кешендi қайырымдылық жұмыстарын көрсеттi. Жыл сайын № 43 Ғ.Мүсiрепов орта мектеп үздiктерiне ай сайынғы шәкiрт ақы төлейдi. Бұл 2020-2021 оқу жылында жалпы сомасы 6,350 млн теңгенi құрады. «Фауна» және «Белый Бим» қаңғыбас жануарларды ұстау жөнiндегi қоғамдық бiрлестiктердi қаржыландыру жұмыстарын жүргiзуде.

«Жылдың үздiк ұйымы» номинациясының жеңiмпазы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң басшысы Нина Владимировна Попова атанды. Ол ардагерлер кеңесiнiң қызметiн жандандыруға бағытталған ардагерлердiң, зейнеткерлердiң мүдделерi мен заңды құқықтарын қорғау, жастарға әскери патриоттық тәрбие беруге қатысып, моральдық және материалдық қолдау жөнiндегi жұмыстарды орындады. Соғыс ардагерлерiн, тыл еңбеккерлерiне, жалғыз тұратын азаматтарға, сондай ақ мүгедек жандарға қайырымдылық көмегiн көрсеттi.

Мұндай iс-шаралар бизнес-құрылымдар өкiлдерiн, меценаттарды, үкiметтiк емес ұйымдар мен ерiктiлердi туған өлкенi дамытуға өз үлесiн қосуға ынталандырады. Сонымен қатар iзгiлiк пен мейiрiмдiлiк идеяларын танымал етiп, өскелең ұрпақтың бойында адами құндылықтар мен патриотизм сезiмiн қалыптастырады.

Солтүстiк Қазақстан облысында марапаттау рәсiмi өттi «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарыСолтүстiк Қазақстан облысында марапаттау рәсiмi өттi «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарыСолтүстiк Қазақстан облысында марапаттау рәсiмi өттi «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары

 

Жиынтықтар аккредиттеуге өтiнiмдердi қабылдау

2021 жылғы 12 ақпаннан бастап 25 ақпанды қоса алғандағы кезеңде Солтүстiк қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрi-Басқарма) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудi өткiзу үшiн завок қабылдауды жүзеге асырды.

Басқармаға "Еуразиялық экономикалық одақ зергерлерiнiң қауымдастығы" жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар бiрлестiгiнен бiр өтiнiш келiп түстi .

Солтүстiк қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 17 наурыздағы № 54 қаулысына сәйкес "Еуразиялық экономикалық одақ зергерлерiнiң қауымдастығы" жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар бiрлестiгiне үш жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк берiлдi.

Өзге де коммерциялық емес ұйымдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерi басшыларының назарына

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ (бұдан әрi — Басқарма) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне және өзге де коммерциялық емес ұйымдарға аккредиттеу жүргiзу туралы хабарлайды.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу Басқарманың интернет-ресурсында жарияланған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекiтiлген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзу, аккредиттеудiң күшiн жою негiздерi мен тәртiбi қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Аккредиттеудi алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттiк органға ұсынады:

1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

2) салыстыру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкiлдiктiң) мемлекеттiк (есептiк) тiркелуiн (қайта тiркелуiн) растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi қоса берiледi;

3) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi көрсетiлген бiрлестiк және/немесе ұйым мүшелерiнiң тiзiмi.

Аккредиттеуге арналған құжаттар 2021 жылғы 12 ақпаннан 25 ақпанға (қоса ағанға) дейiн СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сi, 58, 522 каб. мекенжайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефондары: 8 (7152) 36-13-62.

Қосымша

Солтүстiк Қазақстан облысында ақпараттық семинарлар өткiзiлдi!

2021 жылғы 1-5 наурыз аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қаржы институттарымен және ұйымдармен бiрлесiп облыс кәсiпкерлерi мен тұрғындары үшiн онлайн семинарлар өткiздi. Семинардың мақсаты кәсiпкерлер мен халықты бизнестi дамыту бойынша қолданыстағы мемлекеттiк қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және кәсiпкерлiк саласындағы өзектi мәселелердi жария ету болды.

Iс-шарамен облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласы қамтылды.

Семинарлар барысында қатысушылар келесiдей сұрақтар қойды: «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиенi қалай алуға болады, мемлекеттiк гранттарды беру бойынша конкурсқа қатысу үшiн қандай сертификаттар талап етiледi, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту қашан басталады, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шарттары және басқада мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Барлық қойылған сауалдарға түсiнiктемелер берiлдi.

Бизнестi дамыту мәселелерi бойынша кеңес алу үшiн 36-13-62 нөмiрi бойынша хабарласыңыз.

Облыс тұрғындары мен кәсiпкерлерiнiң назарына!

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ кәсiпкерлер мен халықты бизнестi дамыту бойынша қолданыстағы мемлекеттiк қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және кәсiпкерлiк саласындағы өзектi мәселелердi жария ету мақсатында ақпараттық семинарлар ұйымдастыруда.

Жұмыс тобының құрамына жергiлiктi атқарушы органдардың, кәсiпкерлер палатасының және қаржы институттарының өкiлдерi енгiзiлдi.

Семинарлар 2021 жылғы 1-5 наурыз аралығында ZOOM платформасы арқылы онлайн өткiзiледi.

Бар сұрақтар бойынша сiздiң ауданыңыздың және Петропавл қ. кәсiпкерлiк бөлiмiне хабарласыңыз.

Жұмыс тобының көшпелi семинарлары

2018 жылы 14-22 мамырда Кәсiпкерлiк және туризм басқармасы «Мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеңберiнде шағын, орта бизнес субъектiлерiне мемлекеттiк қолдау шаралары» тақырыбына жұмыс тобының көшпелi семинарлары ұйымдастырылды.

Жұмыс тобының құрамына жергiлiктi атқарушы және аумақтық органдардың, кәсiпкерлер палатасының, екiншi деңгейлi банктiн, қаржы институттарының филиалдарының өкiлдерi енгiзiлген.

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы, нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, ҚазАгро Бағдарламаларына қатысу механизмдерi мен талаптары, қаржылық емес қолдау шаралары, бизнестi құқықтық қорғауы жарықтандырылды, «Мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеңберiнде шағын және орта бизнес субъектiлерiн қолдау шаралары» брошюралары таратылды, жеке консультациялар жүргiзiлдi.

Семинарға шамамен 750 кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған, жастар, әйел кәсiпкерлер, сондай-ақ кәсiпкерлiк бастамасы бар тұлғалар қатысты.

Мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қаржылық қолдау шаралары

2018 жылы 19 ақпанда М. Жұмабаев ауданында кәсiпкерлiк және туризм басқармасының мамандары «2018 жылға Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қаржылық қолдау шаралары» туралы семинар-кеңесiне қатысты.

Кеңес барысында «Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы, Аймақтық қаржыландыру бағдарламасын, «Еңбек» нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, iске асыру механизмi және шарттары түсiндiрiлдi

Сондай-ақ, қолданыстағы iске асыру кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қолдау шаралары туралы СҚО бойынша қаржы институттары филиалдарының өкiлдерi «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «ҚазАгроКепiл» АҚ қатысты.

Iс-шара барысында кәсiпкерлерге және кәсiпкерлiк бастамасы бар халыққа қойылған сұрақтар бойынша жауаптар берiлдi.

«Даму» семинар

Бизнестi дамыту бойынша әрекеттi мемлекеттiк қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және бизнестi жүргiзудiң өзектi мәселелерiн жарықтандыру, кәсiпкерлiктiң даму проблемаларын және келешегiн талқыласу мақсатында «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ-мен 22-24 мамыр аралығында Ғ. Мүсрепов, Шал ақын, Мамлютка, Жамбыл, Айыртау, Тимирязев аудандарына Жұмыс тобының көшпелi семинарлары өткiзiлдi.

Жұмыс тобының құрамына жергiлiктi атқарушы органдардың, кәсiпкерлер палатасының, «Аграрлық кредиттiк корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылық қорғау қоры», «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры», «ҚазАгроФинанс», Екiншi деңгейлi банктер, кредиттiк қауымдастықтар филиалдарының, Прокуратураның өкiлдерi енгiзiлдi.

«Бизнес жол картасы 2020» бизнестi қолдау және дамытудың бiрыңғай бағдарламасына, Өнiмдi жұмыстылықты және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына, ҚазАгро Бағдарламаларына қатысу механизмдерi мен талаптары, қаржылық емес қолдау шаралары, бизнестi құқықтық қорғауы жарықтандырылды, «Мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеңберiнде шағын және орта бизнес субъектiлерiн қолдау шаралары» брошюралары таратылды, жеке консультациялар жүргiзiлдi.

Семинарларда шамамен 250 шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi, сонымен бiрге кәсiпкерлiк ынталары бар тұлғалар қатысты.

«Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?»

2017 жылдың 11-12 мамырында СҚО бойынша «Даму» ОҚ Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығында «СҚО кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ қолдауымен «Жастар СӨС үшiн» ЖҚБ-мен «Кәсiпкерлiк қызметiң негiздерi: бастамашы кәсiпкер не бiлуi керек?» атты облыстың кәсiпкерлiкке ынтасы бар хылқы мен бастамашы кәсiпкерлерiне арналған екi күндiк оқу семинары өттi.

Семинардың басты мақсаты — нарықтық экономикада кәсiпкерлiктiң қаншалықты өзектi екендiгiн көрсету, кәсiпкерлiк қызметтiң «қыр-сырымен» таныстыру және оның басты ережелерiн қарастыру.

Семинардың 11 мамыр б.ж. алғашқы күнi лекциялық сабақтар барысында қатысушылар арасында кәсiпкерлiк қызметтiк нысандары, бизнестi сегменттеу, әлемде және Қазақстанда кәсiпкерлiктiң нысандары, салық режимiн таңдау, салықтық есеп беру тақырыптары кең талқыланды. Өткен материалдар бойынша семинардың қатысушылары бизнес-тренерлерге қызықтыратын сұрақтарын қойды.

12 мамыр б.ж. семинардың екiншi күнi топ болып практикалық сабақтар өттi. Кәсiпкерлiк қызметте кең талқыланатын сұрақтар қойылды. Әр сұрақтан кейiн топтар өз шешiмдерiн шығарды.

Одан әрi өткен материалдар бойынша сауалнама өттi.

Екi күндiк семинар-тренингтiң соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады. Аталмыш оқу семинар жаңа тиiмдi бизестi бастау үшiн үлкен теориялық және практикалық жәрдем бердi.

Семинар-тренингте СҚО бойынша «Даму» кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшiлер сөз сөйледi. Семинарға облыс аудандарынан және Петропавл қ. 20 аса адам қатысты.

Бару семинарлары

2017 жылы 15 наурызда «Даму» Қорының кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Бизнестiң жол картасы-2020» бiрыңғай бағдарламасы және «Қазагро» ҰБХ бизнестi қолдау және дамыту ауыл шаруашылығы саласында бағдарламалары бойынша тұсаукесерi өттi. Бизнестi қолдау мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру шарттары мен тетiктерiн, халыққа және кәсiпкерлiк ортаның өкiлдерiне түсiндiру Солтүстiк Қазақстан облысыәкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы СҚО бойынша «Даму» Қорымен бiрлесiп ұйымдастырылған.

Дата публикации
04 октября 2021
Дата обновления
04 октября 2021
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы