Облыстағы банк секторы қызметінің 2019 жылғы қаңтар-маусым айлары бойынша қысқаша қорытындысы
Облыстағы банк секторы қызметінің 2019 жылғы қаңтар-мамыр айлары бойынша қысқаша қорытындысы
Облыстағы банк секторы қызметінің 2019 жылғы қаңтар-сәуір айлары бойынша қысқаша қорытындысы
Облыстағы банк секторы қызметінің 2019 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша қысқаша қорытындысы
Облыстағы банк секторы қызметінің 2019 жылғы қаңтар айы бойынша қысқаша қорытындысы
Облыстағы банк секторы қызметінің 2018 жылғы қысқаша қорытындысы
Облыстағы банк секторы қызметінің 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары бойынша қысқаша қорытынды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген 2016 жылғы 31 тамыздағы № 500 Мемлекеттiк реттеу бағалары белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлетiн өңiрлiк операторларды қағидалары және өлшемшарттарына сәйкес «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ мемлекеттiк реттеу бағалары белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлетiн өңiрлiк операторларды айқындауға өтiнiмдердi қабылдауы туралы хабарлайды.
Өтiнiш берушi келесi құжаттарды беру қажет:
1) еркiн нысанда қатысу туралы өтiнiмдi;
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi* немесе анықтаманы немесе дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
Ескертпе: * — «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлға қызметi тоқталылғанға дейiн жарамды болып табылады;
3) жарғының және/немесе құрылтай құжаттарының көшiрмесiн;
4) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган берген Мұнай өнмдерiн көтерме сауда арқылы берушiлердiң тiзiлiмiнен қызметтiң басталғаны туралы үзiндi-көшiрменi;
5) өтiнiш берушiнiң автоотын құю станциялары мен мұнай базаларына меншiк құқығын және (немесе) жалға алу құқығын растайтын құжаттарды;
6) көлiк кәсiпорындарымен жасалған шарттардың көшiрмелерiн немесе көлiктiң болуы туралы растайтын құжаттарды;
7) әрбiр автоотын құю станциясына және мұнай өнiмдерiнiң базасына қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша салық салу объектiлерiн есепке алуды тiркеу карточкаларының көшiрмелерiн ұсынады.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган өтiнiмдi қабылдамайды.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi — 2016 жылғы 7 қазанға дейiн (қоса алғанда), жұмыс күндерi сағат 9-дан 18-ге дейiн (жергiлiктi уақыт).
Комиссия отырысының күнi — 2016 жылғы 13 қазан.
Құжаттар қолма-қол немесе пошта арқылы пошталық индексi 150011, Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к., 58, 520-кабинет мекенжайы бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ-ге ұсынылады.
Анықтама телефоны: 8 (7152) 50-49-35.
Жалғасы
Мемлекеттiк реттеу бағалары белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлетiн өңiрлiк операторларды айқындау өлшемшарттары
1. Мемлекеттiк реттеу бағалары белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлетiн өңiрлiк операторларды айқындау өлшемшарттары мыналар:
Белгiленген өңiрлiк операторларды айқындау өлшемшарттарына мүдделi тұлғаның сәйкес келмеуi мүдделi тұлғаның өтiнiмiн қанағаттандырудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.
Бағдарламаға қатысу жолдары — толтыру үлгiлерi, байланыс ақпараты, қажеттi құжаттардың тiзiлiмi бар сатылы нұсқаулық.
Бағдарламаға қатысу үшiн қойылатын талаптар:
1) «Бизнес-кеңесшi» бағдарламасы аясындағы курстарда оқуыңыз қажет; (Аймақтық кәсiпкерлер палатасы, Абай к., Петропавл қ.)
2. Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлiк және туризм басқармасы сайтында (upt.sko.kz) конкурсты өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн конкурсты өткiзу туралы хабралмасында көзделген мекен-жай бойынша конкурстық өтiнiмдi ұсыну қажет.
3) Бағдарламаның жергiлiктi деңгейдегi үйлестiрушiсiне жүгiнiп және келесi құжаттарды ұсыну қажет:
4) Содан соң қатысу өтiнiмiмен Қонкурстық комиссияның Жұмыс органына жүгiну қажет (Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлiк және туризм басқармасы). Сiз өз бизнес- жобаңыздың тұсаукесерiн Конкурс тық комисси я отырысында жүзеге асырасыз. Конкурс тық комиссия грант беру туралы шешiм қабылдаған жағдайда, ол құжаттарды Өңiрлiк үйлестiрушi кеңеске (ӨҮК) жiбередi. ӨҮК шешiм қабылдайды және ол туралы Сiзге және «Даму» Қорына хабарлайды. «Даму» Қоры 15 күн iшiнде бағдарламаның жергiлiктi деңгейдегi үйлестiрушiсiмен және кәсiпкермен грант ұсыну туралы шартқа қол қояды. Бағдарламаның жергiлiктi деңгейдегi үйлестiрушiсi ақшалай қаражатты Сiздiң ағымдағы банктiк шотына аударуды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан экономиканы кредит ресурстарымен қамтамасыз етуге 1 триллион теңге бөлiндi, соның iшiнде шағын және орта бизнестiң (ШОБ) өңдеу өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi жобаларына 100 миллиард теңге.
Осы мақсатта «Бәйтерек» ҰБХ АҚ мен «Даму» КДҚ АҚ екiншi деңгейлi 13 қазақстандық банкiмен (ЕДБ) кредиттiк келiсiмге отырды, бiздiң облысымызда — бұл он банк.
Жобаларын өңдеу өнеркәсiбiнде жүзеге асыратын шағын және орта бизнес субъектiлерi екiншi деңгейлi банктерден 6% ставка бойынша кредит алу мүмкiндiгiне ие болып отыр. Кәсiпкерлер қаражатты үстiмiздегi жылдың 18 қазанына дейiн ала алады.
Кәсiпкерлердi кредиттеу шарттары:
Қатысушылар — жобаларын өңдеу өнеркәсiбiнде жүзеге асыратын ШОБ субъектiлерi;
Қаржыландыру лимитi — 1 850 млн. теңгеге дейiн;
Қаржыландыру валютасы — теңге.
Сыйақы ставкасы — жылдық 6%;
Мерзiмi — 120 айдан аспайды;
Нысаналы мақсаты — өңдеу өнеркәсiбiндегi жобалар.
Комиссия — комиссиясыз, бiрақ ШОБ бастамасы бойынша кредит шарттары өзгерген жағдайда, комиссия «Даму» КДҚ-мен келiседi.
Қор қаражаты есебiнен қаржыландыру алған ШОБ субъектiлерiнiң «Бизнестiң жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберiнде кепiлдендiру алу мүмкiндiгi бар. Кепiлдiк 1,85 миллиард теңгеге дейiн қажет сомадан 20%-ға дейiн берiледi.
Кепiлдiк алу үшiн кәсiпкер кредит алуға арналған өтiнiшпен банкке жүгiнуi, қажеттi құжаттар топтамасын ұсынуы керек, келiсiм берiлген жағдайда құжаттар «Даму» Қоры филиалына жiберiлетiн болады. 5 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган кепiлдеме ұсыну туралы шешiм жөнiнде жауап бередi. Соңғы кезең кәсiпкердiң жобасын Қордың өңiрлiк үйлестiру кеңесi отырысында қарау болады.
«Отбасылық бизнестің 100 түрі», 1 том көшіріп алу
«100 мамандық», 2 том көшіріп алу
«Өмірлік 100 жағдай», 3 том көшіріп алу
Елбасының нұсқауына сәйкес шаруашылық субъектiлердiң құқықтарын мен заңды мүдделерiн қылмысты әрекеттерден қорғау мәселелерi Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Департаментiнiң тұрақты бақылауында тұр.
Сондай-ақ облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметiмен «СҚО бизнесiн қорғау» (www.zashita-msb.kz) сайты әзiрленiп, ашылғанын хабарлаймыз.
Сайттың осы бөлiмi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысына өңiрдегi кәсiпкерлердiң тiкелей жүгiнуiне арналған.
Сайтқа бизнес бiрлестiгi өкiлдерiне бақылау-қадағалау және құқық сақтау органдарының жеке қызметкерлер тарапынан нақты жер құқықтары мен мүдделерiне қысым көрсетушiлiк фактiлерiн ғана жiберу қажет. Осындай әр бiр өтiнiшi бойынша ресми тексерiстер өткiзiледi.
Бiрыңғай сенiм телефоны 1494 (call-center) әрекет етедi, лауазымды тұлғалардан заңды кәсiпкерлiк қызметiне кедергi жасау, өзiн-өзi билеу, рейдерлiк, бопсалаушылық және өзге құқыққа қайшы әрекеттер фактiлерi туралы хабарласуға болады.
Қуатты экономика дегенiмiз, бұл — күштi кәсiпкерлiк, отандық кәсiпорындардың бәсекеге барынша қабiлеттiлiгi мен олардың кооперациясы. Сондықтан да, мен отандық бизнеске қолдау көрсетудi жаңа саяси бағытымыздың екiншi маңызды мiндетi етiп қойдым.
Қазақстан Президентi — Н.Ә. Назарбаев