Меню

Страницы

Статья

Индустрияландыру картасы

Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптік өндірісті дамыту және инвестиция тарту мәселелеріне басымдық беріледі. Өңір экономиканы нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістік әлеуетті жаңғырту және кеңейту бойынша кешенді шараларды белсенді іске асыруда.

Инновацияларды енгізуді, еңбек өнімділігін арттыруды, сондай-ақ қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі және сыртқы нарықтарға жылжытуды ынталандыратын өңдеуші өнеркәсіпті қолдаудың негізгі құралдарының бірі индустрияландырудың Бірыңғай картасы болып табылады. Бұл тетік мемлекеттік индустриялық саясат шеңберінде оларды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, өнеркәсіптік жобаларды жүйелі қолдауға бағытталған.

Солтүстік Қазақстан облысында индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 2028 жылға дейінгі кезеңде 3,3 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құра отырып, 30 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл жобалар өңдеу өнеркәсібінің әртүрлі салаларын қамтиды және заманауи өндірістік технологияларды енгізуді, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуды көздейді.

2022 жылы 2 жоба іске асырылды:

- «РимКазАгро» ЖШС-қағаз өнімдерін өндіруді ұйымдастыру;

- «Солтүстік бройлер «Құс фабрикасы» ЖШС-бройлер құс фабрикасын ұйымдастыру.

2023 жылы 2 жоба іске асырылды:

- «REIMANN» ЖШС-машина жасау өнімдерін өндіру, оның ішінде тіркеме, аспалы ауыл шаруашылығы техникасы мен «REIMANN» жиынтықтауыштарын өндіру;

- «Есіл Агро» ЖШС-сүт-тауар фермасы мен сүт өңдеу цехының құрылысы.

2025 жылы 594 жұмыс орнын құрумен 31,2 млрд.теңге сомасына 3 жоба іске асырылды.

- «Север Агро LTD» ЖШС-3,1 млрд. теңгеге құрғақ бие сүтін өндіру, 20 жұмыс орны;

- «Сапа Инвест Плюс» ЖШС-1,5 млрд. теңгеге ағаш-жоңқа тақталарын (ДСП) өндіруді ұйымдастыру, 60 жұмыс орны.

- «ЗИКСТО» ЖШС – «ЗИКСТО» ЖШС базасында 514 жұмыс орнын құра отырып, 26,6 сомаға вагон-платформалар, жолаушылар вагондарын дайындау бойынша жаңа өндіріс құру.

Индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде жобаларды іске асыру Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 274 Бұйрығымен бекітілген индустрияландырудың Бірыңғай картасына өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды енгізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қолдау «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жобаларды қаржыландыру және жер учаскелерін беру арқылы көрсетіледі.

Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысында индустрияландырудың Бірыңғай картасын іске асыру өнеркәсіпті дамытуға ғана емес, халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, сондай-ақ инвестициялар тарту және жаңа технологияларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ете отырып, өңірдің экономикалық өсуінің маңызды драйвері болып табылады.

Дата публикации
01 ноября 2022
Дата обновления
21 мая 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы