2020 жылы «Бизнестiң жол картасы-2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының құралдарын iске асыруға мынадай қаражат бөлiндi:
- мөлшерлеменi субсидиялау құралына — 1 503,5 млн. теңге, оның iшiнде РБ қаражаты есебiнен (дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру шеңберiнде) — 713,5 млн. теңге, ЖБ — 790,02 млн. теңге. Игерiлгенi (субсидия төлендi) 1 031 млн. теңге, оның iшiнде РБ қаражаты — 464 млн. теңге, ЖБ — 567 млн. теңге.
- кепiлдендiруге — 800,438 млн. теңге, оның iшiнде РБ есебiнен — 74 млн. теңге (дағдарысқа қарсы шараларды iске асыру шеңберiнде), ЖБ — 726,438. 486,9 млн. теңге. Игерiлдi, оның iшiнде РБ — 37 млн. теңге, ЖБ — 449,9 млн. теңге.
- гранттық қаржыландыру — 137 млн. теңге, оның iшiнде РБ есебiнен — 21 млн. теңге, ЖБ — 116 млн. теңге. Игерiлгенi 37 млн. теңге, оның iшiнде РБ есебiнен — 21 млн. теңге, ЖБ — 16 млн. теңге.
23.11.2020 жылғы жағдай бойынша субсидиялау құралы бойынша 119 өтiнiм мақұлданды, кепiлдендiру бойынша 117 кепiлдiк берiлдi, гранттық қаржыландыру бойынша 9 грант мақұлданды (Конкурс ағымдағы жылдың қыркүйек айында өткiзiлдi). Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 22 қазанынан 11 қарашасына дейiн мемлекеттiк гранттар беруге өтiнiмдер қабылдау жарияланды. Қазiргi уақытта конкурстық рәсiмдер жүрiп жатыр.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.