Меню

Страницы

Статья

Шағын және орта бизнесті дамыту

2026 жылғы 1 тамыздағы  Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 32,8 мың бірлікті, өсу қарқыны 90,9%– құрайды (оның ішінде заңды тұлғалар – 6 319  бірлік, ЖК – 22 430 бірлік, ШҚ және ФҚ- 4 155 бірлік).

ШОБ субъекттерінің қаңтар–наурыз айларындағы өнім шығарылымы 307,3 млрд теңгені құрады (2025 жылғы қаңтар–наурыз айларында – 296,1 млрд теңге), өнім шығарылымының нақты көлем индексі (НКИ) 91,1% құрады.

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында облыстың ШОБ кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар саны 97,2 мың адамды құрады, оның ішінде шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарында – 79,2 мың адам, орта кәсіпкерлік кәсіпорындарында – 18,0 мың адам.

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі 33,0% құрады (2025 жылдың I тоқсанында – 29,6%). Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесі – 7,2% (2024 жылдың I тоқсанында – 7,2%).

2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен шағын және орта бизнесті қолдауға 2,8 млрд теңге қарастырылған.

«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында шағын бизнесті қолдауға республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. 1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрайтын 14 жоба мақұлданды.

2026 жылғы қаңтардан тамыздағы дейін кәсіпкерлік мәселелері бойынша
33 Сараптамалық кеңес отырысы өткізілді, нормативтік-құқықтық актілер жобалары бойынша 33 хаттама берілді.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ӘКС) тізілімінде 19 әлеуметтік кәсіпкер бар, оның ішінде: Петропавл қаласында 17, Айыртау ауданында - 1. Қызылжар ауданында -1): «Medicinskii Centre Kot&Kit» ЖШС (Кот & Кит медициналық орталығы), «Есту Формуласы» ЖШС, «Панацея» отбасылық медицина орталығы» ЖШС, «Тренинг ЦентрКөмек» ЖК, «Говоруша» Түзету-дамыту орталығы, «Митралия» ЖШС, ЖК «Самоволов В.А.», ЖК «Кардаполов Виталий Сергеевич», «Казахстанское долголетие» ЖШС, ЖК «Жүнісова Динара Төлегенқызы», ЖК «Step by step», ЖК «Могунова», ЖК «Ишимский берег», ЖК «DARA» білім орталығы», ЖК «Жүнісова Азиза Жалғасбайқызы», «АБВГДЕЙКА» ЖШС, «Щеголь» ЖШС, Bereket-Qamqor» ЖК, «Шпигоцкий Антон Александрович» ЖК (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 ж. 01.07. №162 бұйрығы)

Дата публикации
24 июня 2026
Дата обновления
02 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
05 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы